экОНОМИкА ДЕңгЕйіНің бАРОМЕТРі – ҚыМбАТШыЛыҚ немесе еліміздегі соңғы саяси оқиғаларға шолу
Әлем қазір кішірейе түскен тәрізді. Бәріміз бір аулада тұрғандаймыз. Бүгінде бір зымыран әлемнің кез келген түк- піріне бірнеше минутта-ақ жетіп барады. Экономиканың да- муы мен кері кетуі, валютаның тұрақтылығы, мұнай бағасы- ның құбылмалылығы да осылай әсер етеді.
Жә, жиһан жыры таусылмас, ат басын өзімізге бұрайық. Осы уақытқа дейін қордаланып, ашық айтылмай, кейін ше- геріліп келген мәселелер бізде өте көп. Олар – Кедендік одақтың түйткілді жайлары, елімізде сенім-наным бостан- дығын жамылып, қараниетті діни секталардың сайран са- луы, әлеуметтік саланың кемшін тұстары, Маңғыстаудағы мұнайшылардың ұзақ әрі үздіксіз бас көтерулері...
Мұның бәрін тізіп отырғанымыз, іріңдеп жарылуға шақ тұрған жараның өңезін алып, сылып тастауға бүгін әрекет жа- салмаса, ертең кеш болуы мүмкін. Ашық та өткір пікірлердің айтылуынан, идеологиялық қақтығыстар мен ақпараттық со- ғыстан қашқақтаудың қажеті жоқ. Сонда ғана күрделі мәсе- лелердің күрмеуін шеше аламыз.
Мысалы, Есеп комитеті Қазақстанның ғарыштық жоба- ларға үкіметтен бөлініп отырған қаражат аяусыз талан-тараж- ға салынып, рәсуа болғанын бірнеше рет Парламент отыры- сында жария етті. «KazSat-2» спутнигін ұшыру мерзімі 2009 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың желтоқсанына ауы-
стырылуына байланысты, 2 миллиардтан астам теңге игеріл- мей қалған. Сонымен бірге, ғарышқа қаңғып кетіп, істен шыққан «KazSat-1» байланыс және хабарлау спутнигінің 7 миллиардтан астам теңге болатын сақтандыру қаржысын Ре- сей жағынан өндіріп алудың қамтамасыз етілмегені анық- талды. «Ғарыш жобаларының техникалық-экономикалық не- гіздемелері өте сапасыз жасалған. Мәселен, іске қосу алаң- ында ұшыру кешенін салу және техникалық кешенді пайда- лану жөнінде экономикалық тұрғыдан тиімсіз қате шешім қабылданған», – деп түйіндеді Есеп комитеті.
Есесіне, еліміздің ғарыш жөніндегі агенттігінің әкімшілік шығындары шамадан тыс арта түскен.
Үстіміздегі жылғы 15 қыркүйекте Парламенттің пленар- лық мәжілісінде ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевты депутаттар сауалдың астына алды. Асып-сасқан агенттік төрағасы: «Протон» тасығыш зымы- ранын ұшыру арқылы Ресей өткен жылы бір миллиард дол- лардан астам пайда тапты. Ал, «Зенит», «Союз», «Днепр» тасығыш зымыранын ұшыру Ресейге шамамен бір жылда 1,5 миллиард доллар пайда әкелді. Бұл – әрине, оларға тиімді. Байқоңырдың жалға беру ақысы сол 115 миллион доллар күйінде қалды. «KazSat-1» спутнигінің сақтандыру қаржы- сын Ресей толықтай қайтарды, бірақ оның көлемі коммер- циялық құпия», – деп сырғақтата жөнелді.
Парламенттен, халықтан жасыратындай бұл не құпия сон- да? Мүмкін соқыр тиын да алмаған шығармыз? Мұны індетіп тексеретін де ешкім жоқ.
Талғат Мұсабаевтың «Байқоңыр» ғарыш айлағын бақылау күшейтіледі, Ресей жағына талаптар қойылып, экологиялық зерттеулер жүргізіледі» дегеніне де сену қиын. Өйткені, Ре- сей жағы экологиялық зиянды барынша төмендетіп, тіпті зы- мыран құлаған жерден топырақты қазып алып, өтірік тек- серген болып, «гептил жоқ» деп шешім шығарады. Ал, өзі- мізде гептилді анықтайтын дұрыс зертхана болмай отыр.
«Байқоңырды» жалға бергендіктен, ол Ресей заңдарына бағы- натын жерге айналды.
Өз жерінде тұрып, ешқандай мәселе шешуге құзіреті жүр- месе, Ұлттық ғарыш агенттігінің қажеті қанша? Біздің билік
әлі күнге халықты балаша алдаумен келеді. Алғаш «KazSat-1» ұшырыларда үкімет «Енді мобильдік байланыс ақысы әлде- неше есе төмендейді, көпшілік қазақша телеарналарға қарық болады» деп сайрап еді.
Алайда, олай болмай шықты. Еліміздегі мобильдік байла- ныс операторларының бағасы 19,98 теңге, бұл дегеніңіз Ре- сейден 4,5 есе, Түркиядан 2,7 есе, Еуродақ елдерінен 2,5 есе- ге қымбат деген сөз. Ал, сонда «KazSat-2»-нің бізге қажеті қанша?
Оның үстіне, Астанадан 100 шақырымға ұзап шықсаңыз, халықтың ресейлік телеарналарды көріп отырғанына куә бо- ласыз. Мысалы, «Ямал» спутнигінде 39 телеарна болса, со- ның 37-сі – орыстікі, 2-уі түркмендікі. Қазақтың бір арнасы да жоқ. Ашығын айтсақ, Өзбекстанмен шекаралас аймақтар өзбектің, Қытаймен шекараласы қытайдың, Ресеймен шека- ралас солтүстік облыстарымыз ресейлік телеарналарды та- машалайды. Телеарна – үйге сұранбай-ақ енетін жаулаушы екенін ойландық па?
«Бір сөз бір сөздің қуғыншысы» дегендей, негізгі мәселе
«KazSat»-тан шығып кетті-ау! Қалай дегенмен де, Ресейдің негізгі стратегиялық базасы болып саналатын «Байқоңыр» қазіргідей алмағайып заманда біздің мемлекетіміздің қауіп- сіздігіне, еліміздің тәуелсіздігіне елеулі қатер тудырып от- ыр. Себебі, ғарыш айлағынан Камчаткадағы «Кура» әскери полигонына сынақ үшін жиі-жиі ұшырылып тұратын СС-18 (НАТО-ның классификациясы бойынша «Стилет» деп атала- ды), СС-19, СС-20 зымырандары біз үшін аса қауіпті. Сөйтіп, халқымыз тыныс алатын оттегі газдарын Ресей зымырандары армансыз жағып жатыр. Ең қауіптісі, талай рет халқымыздың төбесіне құлаған, жойқын улы «Satan» 55-18, 19, 20 зымыран- дары болып тұр.
Ресей билігі әр жылдары «егер шірене берсеңдер, біз
«Байқоңырды» тастап, Қиыр Шығыстағы «Свободный», Ар- хангельск облысындағы Плесецк» космодромдарына көшіп кетеміз», – деп байбалам салатын. 2001 жылы желтоқсан ай- ында Ресей Байқоңырдан кетпек ниетпен Архангельск облы- сында орналасқан «Плесецк» ғарыш айлағынан осы «Satan»
- Протонның біреуін ұшырған еді. Алайда, ұшқан бойда Ре-
сейдің еуропалық бөлігінде қалыңдығы бірнеше метр қар жауып, Мәскеудің өзінде 40 градустай аяз болып, мыңдаған қаңғыбастар қырылып, осы сұмдықтан кейін бұл зымыран- дарды Ресей жерінен ұшыруға тыйым салынды. Енді бұл ра- кеталар тек соры арылмаған Байқоңырдан ғана ұшырылатын болды. «Росавиакосмос» агенттігі 2016 жылға дейін Байқо- ңыр жерінен коммерциялық ұшулардан 40 миллиард доллар- дан астам пайда табуды жоспарлап отыр.
Байқоңырды айтпағанның өзінде елімізде Ресейдің әске- ри полигондары аз емес. Батыс Қазақстан, Атырау, Жезқазған, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында осындай ресейлік әскери жаттығу алаңдары мен нысандары бар.
Кеңес Одағы кезіндегідей Байқоңыр барлық қуатымен Ре- сейге жұмыс істеуде, оның үстіне, болмашы қаржыға бұрын- ғы 7 ядролық полигонды – тағы жалға бердік. Сонда біздің тәуелсіздігіміз қайда қалды?
«Осал кінәні өзгеден іздейді» дегендей, біздің билік әуелі қатерлі нәрсені өз қолымен жасап алып, артынан құтыла ал- май әлек болады. 1997 жылдары «біздің елде кедейшілік, қа- йыршылық жоқ» деп халықаралық ұйымдарды бет бақтыр- май қойды. Екі жыл өткеннен кейін кедейшілік бар екенін мойындады. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан үкіметі бізді дағдарыс айналып өтіп кетті деп мәлімдеді. Көп ұзамай Елба- сы дағдарыстың елімізге дендеп енгенін атап көрсетті. Сонда қайсысының сөзіне сендік?
Қазір қоғамға елеулі қауіп төндіріп отырған басты ке- сел – діни секталар екені баршаға аян. Бейқамдық деген- нен шығады, осыдан он бес жыл бұрынғы Қазақстанның кең пейілді заңнамасы, шетелдік миссионерлердің елімізге ағылуына, еш кедергісіз тіркелуіне барынша жағдай жаса- ды. Бүгінде республикада 4500 діни бірлестіктер мен секта- лар білгенін істеп жатыр.
Бейқамдықтың соңы насырға шапты. Енді үкімет діни экстремизмді ауыздықтау үшін 2012 жылы 13 миллиард теңге бөлгелі отыр.
2010 жылғы желтоқсан айында Ақтөбе облысының тұр- ғындары Альберт Әбдікәрімов, Жасқайрат Ықсанов, Сейіл-
хан Дауылбаев, Райымбек Ержанов тәрізді жас жігіттер да- ғыстандық банда құрылымдарының жетекшілеріне қосылып, жарылғыш заттар дайындап,ақыры қолға түсті. Мұндай де- ректер жетіп артылады.
2011 жылғы 10 қаңтарда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон: «Шетелдің медреселерінде білім алып жатқан жас- тар лаңкестік немесе экстремистік пиғылда тәрбиеленіп ке- леді. Сондықтан да жырақтағы жастарды елімізге қайтарма- сақ, нағыз сатқындар мен өз еліне оқ атушылар да солардың ішінен шығатынына күмән жоқ», – деген мәлімдеме жасады. Бұл тықыр ақыры бізге де келіп жетті.
Биылғы жылдың 10-шы қыркүйегінде Алматы әуежайын- да Оңтүстік Корея бағытына ұшпақ болған Алматыдағы
«Благодать» шіркеуінің пасторы Ким Сам Сонның жүгінен кеденшілер заңсыз ақша тапты. Анау-мынау емес, бақандай 130 мың долларды әлгі миссионер шабаданының түбіне жа- сырыпты. 2009 жылы осы «Благодать» сектасының тағы бір басшысы С.Цой тыңшылықпен айналысып, сейфінен құпия құжаттар табылып, опасыздығы үшін 14 жылға сотталған болатын. Бұл біздің білетініміз ғана, білмейтініміз қаншама десеңші.
Енді елдің ақшасын қаржы алаяқтары емес, миссионерлер де тонай бастаған ғой!
Бүгінге дейін қолданып келген заңда да, қазір қоғамда қы- зу талқыланып жатқан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заңның жобасында да миссионерлік қызметті Қазақстанда біздің азаматтар да, шетелдіктер де, тіпті еш- қандай мемлекеттің азаматтығын алмаған адамдар да жүргізе алады деп нақтыланған. Сонда ешбір елдің азаматы боп са- налмайтын қашқын-қарақшылар бізге келіп уағыз айтуын қалай түсінуге болады? Дін істері агенттігінің төрағасы Қай- рат Лама Шәріп: «Діни қызмет және діни бірлестіктер ту- ралы» заң халыққа, исламға, дінге сенушілерге қарсы ба- ғытталған заң емес! Керісінше, бұл еліміздегі діндердің дұ- рыс қалыптасуына, дамуына және зайырлылығымызды сақ- тап қалуға бағытталған заң. Енді намазхана туралы мәселеге келсек, егер біз мемлекеттік мекемелерде намазханаларды қалдыруға, ашуға рұқсат беретін болсақ, онда Қазақстандағы
46 конфессияның барлығы өз ғибадат үйлерін ашуға мүмкін- дік алады». – дейді.
Ал, бұған келіспейтін екінші бір топ: «Бұл заң еліміздегі дін бостандығының аясын едәуір тарылтады. Оның экстре- мизмге, терроризмге тікелей қатысы жоқ. Заң қабылданса, на- маз оқитын адамдар мемлекеттік органдарда жұмыс істемей- тін болар, сірә. Психикалық тұрғыдан олар қолайсыздық сезініп, дін ұстанатынын жасыра бастайды. «Астыртын» әре- кетке көшеді. Керісінше, бұл қоғамда антагонизмді тудыра- ды», – деген уәж айтады.
Бір қарағанда, екеуінікі де дұрыс сияқты. Бұл жаңа заңның да солқылдақ тұстары жетерлік. Ең бастысы – дәстүрлі діндерге – ислам, христиан, будда діндеріне басымдылық бе- ріліп, қалған секталарға, ағымдарға тыйым салынады деген тұжырымға бара алмай отырғаны қынжылтады. Қалай деген- мен де, биліктің дін мәселесіне бей-жай қарап жүріп, әбден ушықтырып алғанын айтпай-ақ түсінуге болады.
«Financial Times» газетіне берген сұхбатында Мұхаммед әл-Барадей (МАГАТЭ-нің бұрынғы басшысы) былай деді:
«1990 жылы Мысыр оқу орындарын аралағанымда қыздар- дың 5 пайызы ғана хиджаб киетін еді. Қазір 90-95 пайызы хид- жабпен жүр. Елде діни топтардың қаншалықты күшейгенін осыдан аңғаруға болады. Бұл қатерден құтылу үшін елдің көзін ашып, оған білім беру керек».
Сол Барадей айтқандай, бізге де қараниет секталардың экспансиясын тоқтатып, осылардың шылауында кеткен жа- старымызды өз ортамызға қайта оралту оңай шаруа болмай тұр.
Ақыры жарылысқа әкеп соқтыратын тағы бір түйткіл – мұнай, газ өндіру саласындағы былықтар, жиырма жыл бойы көктем мен күзде жанар-жағармайдың қасақана қымбаттауы немесе тапшылыққа айналуы дер едік.
Мәселенің ақиқаты мынау: Қара жерге кеме жүргізетін
«мұнай барондары» жанар-жағармай саудасын өз уысын- да ұстап, бағынудан кеткелі қашан! Солардың айтқанымен жүретін жанар-жағармай бекеттері, қоймалары, сақтайтын сиымдылығы болса, бензинді нарыққа әдейі шығармайды. Бағасын көтеру үшін тығып тастайды. Осыдан кейін ба-
рып «ойбай, бензин сыртқы нарыққа шығып кететін болды» деп байбалам салып, Мұнай және газ министрлігі бағаны өсіре бастайды. Міне, баяғыдан бері жалғасып келе жатқан құйтырқылықтың сыры осындай!
Кедендік одаққа кіріп, екі елдің есігі шалқалай ашылған- нан соң, жүдә, рахат болды. Қазақстанның бензині Ресей- ге ағыл-тегіл ағылып жатыр. Оны бақылап отырған ешкім жоқ. Бір қарағанда, екі ел арасындағы баға айырмашылығы 20 теңге, аса үлкен ақша емес сияқты. Қарапайым есептеген- де, Ресейге бір тонна бензин апарсаңыз, үстінен 20 мың теңге пайда көресіз, салығымен қоса есептегенде бір тоннасынан 45-46 мың теңге табыс табасыз. Екі-үш сағаттың ішінде бұл аз табыс емес!
Кедендік одақ жағдайында бензин қымбатшылығымен күресу бекер екенін Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев та мойындады. Қайтеміз, көнбей қайда барамыз? Бұрындары дәл жиын-терін кезінде не Павлодар, не Шымкент, не Атырау мұнай өңдеу зауыттарының біреуін күрделі жөндеуге қойып, бензин тапшылығын қолдан жасайтын. Енді кедендік одақ килігіп, ақталатын тағы бір себеп пайда болды.
Үш мұнай өңдеу зауыты ішкі сұранысты өтемейтін бол- ғасын Атырау маңындағы Қарабатанда мұнай-химия кешенін сала бастадық. Шетелде мұндай кешенді екі жылда салып бітіреді. Біз Қарабатан зауытын 2005 жылы қолға алдық, әлі біткен дәнеңе жоқ. Осындай жағдайда отырып, біз бензин тапшылығынан жуық арада құтыламыз деу бекершілік.
Сөз арасында айта кетейік, бұдан бірнеше мың жыл бұ- рын Хеопс пирамидасы 20 жыл салынды, Қазанның метро- политенінің құрылысы 1999 жылы басталып, 2005 жылы пай- далануға берілді.
Ал, Алматы метрополитені 1987 жылы басталып, әлі күн- ге дейін бітпей келеді. Бірнеше рет ойылып ортасына түсті, бірнеше рет басшылары сотталды. Қазақстандағы жемқор- лықтың жарқын мысалдарының бірі – осы метрополитен.
ЕҚЫҰ саммитінен үлкен үміт күтіп едік. Бұл жерде ең ба- стысы – Қазақстан әлемге, Еуропаға Орталық Азия елдерінің бар екенін, аймақтағы өзекті мәселелерді ашып көрсетуі ке-
рек еді. Экономика, әскери ахуалды былай қойғанда, табиғат, су, энергетика мәселелері алдымыздан ұдайы орағытады. Алайда, ЕҚЫҰ-ның беделі соңғы жылдары едәуір төмендеп кетті. Бай, мықты мемлекеттер сегіздік, тоғыздық деген алаң тауып алды. Бар мәселені өз ішінде шешкісі келеді. Сараптай келгенде, бұл саммитте де аса ауқымды мәселелер шешілді деп айта алмаймыз. Яғни, экс-сенатор Уәлихан Қайсаровтың:
«Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етердің алдында берген уәдесін орындамады. Саммит өткізуге 800 миллион евро жұ- салды, бұл-осыншама қаржы желге кетті деген сөз...» деген пікірінде жан бар тәрізді.
Қазір бүкіл әлемде қуат көздері үшін жан алып, жан бе- ріскен күрес жүріп жатыр. Адамзат тарихындағы осын- дай оқиғалардың шығу себебіне көз жіберсек, әлемдік қақ- тығыстардың барлығы әуелде табиғи ресурстарға тартыс- тан туғаны мәлім. Бүгінде Араб әлемін шарпыған халық наразылығы ушығып барады. Тіпті, Сирияда жалақы 25 па- йызға, зейнетақы – 1015 пайызға көтерілсе де, толқулар ба- сылар емес.
Осындай бас көтерулер өз ішімізде де болып жатыр. Жа- ңаөзен мұнайшылары жарты жылдары бері аштық жарияла- ғанын, толқуларын бір сәт те доғарған жоқ. Мұның сыры не- де?
Осы уақыт ішінде мұнайшылардың мұңын тыңдауға Аста- надан бірде-бір шенеунік келген жоқ. Толқулардың ашынған кезі – 2011 жылғы 24 тамыздағы сәті болса керек. Дәл осы күні Жаңаөзенде мұнайшылар кәсіподағының жетекшісі Құ- дайберген Қарабалаевтың 18 жасар қызы Жансәулені әлде- біреулер зорлап, айуандықпен өлтіріп кетті. Өздері әбден титықтап отырған мұнайшылар мына оқиғадан кейін дүрк көтерілді. Бір қарағанда, осы қазаның ақ-қарасын анықтап, атқарушы билік мұнайшылар мұңына құлақ асса қайтер еді?! Сөз арасында, мысал үшін айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында барлығы 32000 адам жұмыс жасай- ды. Оның 9500-і күзетшілер мен өртке қарсы қызмет адамда- ры, 4500-і еден жуушылар, тамақ пісірушілер, жүргізушілер және слесарлар, 1500-і хатшы-қыздар мен көмекшілер, 3000-
ы менеджерлер, 500-і топ-менеджерлер мен департамент бастықтары, тек 6000 адам ғана өндірісте жұмыс жасап жат- қан мұнайшылар. Сонда 6000 жұмысшы 26000 адамды асы- райтын мұндай Ұлттық компания неге керек?!
Ал, «ҚазМұнайГаздың Барлау, Өндіру» компаниясы бас- шыларының 2010 жылғы жылдық табысы мынадай:
Басқарма төрағасы Кенжебек Ибрашев 389000 доллар; не- месе айлығы 32400 доллар.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Владимир Мирошников – 452 000 доллар, айлығы – 37600 доллар.
Басқарманың қаржы директоры Жанетта Бекежанова – 310 000 доллар, айлығы – 25800 доллар.
«Өзенмұнайгаздың» директоры Бақытқали Бисекен – 379 000 доллар, айлығы – 31600 доллар.
Қарапайым мұнайшы мен басшылардың табысының ара қатынасын өзіңіз саралап көріңіз!
Оның үстіне, мұнай мен газ сатудан Қазақстан жылына 24 миллиард доллар табыс табады екен. Бұл туралы Emirates Business басылымы хабарлады. Бұл қаржының қайда кетіп жатқанын біз түгіл, Парламент депутаттары да білмейді.
«Global Financial Integrity» (GFI) ұйымының мәліметі бойын- ша, дамушы елдерден заңсыз жолмен шығарылған ақша жыл сайын әлденеше рет өсе түскен. Бұл ретте бірінші орындағы Қытайдан 2000-2008 жылдары заңсыз жолмен 2,176 триллион доллар, Ресейден – 427 миллиард, Мексикадан – 416 милли- ард, Сауд Арабиясынан – 302 миллиард, Малайзиядан – 291, БАӘ – 276, Кувейттен – 242, Қазақстаннан – 126 миллиард доллар шетелге заңсыз шығарылған. Ал, тәуелсіз сарапшы- лар бұл қате, ең кемі 350 миллиард доллар шетке кетті дейді. Қолат – қойнауы алтын мен күмісті былай қойғанда, өте сирек кездесетін металдарға толы қазыналы еліміздің байлы- ғына көз тігушілер көбейді. Өскемендегі «Үлбі» зауыты өн- діретін уран, тантал, берилий және басқа бағалы метал- дарға сұраныс барынша артып отыр. Қорғаныс қуатына аса қажетті бұл сирек металдардың бір грамының өзі бірнеше мың долларға бағаланады. Бүгінде әлемдегі сирек кездесетін металдардың 17 түрі – самарий, тербий, мантана, лютецийді өңдеу мен өндірудің 95 пайызы Қытайдың бақылауында. Са-
ла мамандары сирек металдарды сатуда қандай да бір шектеу қою қажет деп есептейді. Осыдан екі жыл бұрын жапондық
«Тошиба» фирмасы берилий мен тантал секілді сирек ме- талдарды, сондай-ақ аса қат элементтер – диспрозий мен неодимді бірлесе игеруге ынта білдірген еді. Олардың бұл қадамға, әрине, Қытайға бәсекелестік туғызу үшін ұмтылып отырғаны белгілі. Жапондық бір ғана «Сумитомо» фирма- сы жыл сайын елімізде сирек кездесетін металдың 14 түрін өндіріп, 3 мың тоннасын әлемдік нарыққа шығаруды көздеп отыр. Одан басқа да елімізде келісімшарт негізінде жұмыс істеп жатқан жүздеген шетелдік фирмаларды қоссақ, жыл сайын Қазақстаннан қаншама тонна аса сирек металдар шикі- зат күйінде шетел асып жатыр десеңші!
Қазақстанның осал тұсын өзгелер өз пайдаларына ұтымды пайдаланып жатқаны анық.
Ұтымды пайдалану дегеннен шығады, елімізде некені бұ- зу, ажырасу өте арзан екен. Бар болғаны сотқа талап арыз, не- ке туралы куәлік, жеке куәлік, РНН, 500 теңге төлесеңіз жетіп жатыр. Мысалы, ажырасу Францияда 2,5 мың еуроға түседі екен. Интернеттегі кейбір хабарға қарағанда, бір тиынын екі етіп үйренген ақылды француздар Қазақстанға келіп ажыра- сып жатқан көрінеді.
Ең өкініштісі, біз шикізаттан басқа түк өндірмей отырып, жанымыздағы көрші республикаларға күлетінді шығардық. Қырғызстан Премьер-министрі Алмазбек Атамбаев: «Енді екі-үш жылда Қырғызстан ТМД елдерінің тігін машинасына айналады», – деді. Сенбеске амалың жоқ, өйткені қырғыздың матадан тігілген жеңіл тауарлары Қазақстан рыногын жау- лағалы қашан!
Түркменстанды айтпағанда, Өзбекстанда да ауылшаруа- шылық саласында өсу бар. Мысалы, экономист Юрий Храм- цов: «Ресми деректерге сүйенсек, Өзбекстандағы ахуал бас- қаша. Картоп өндірісі 90-жылдармен салыстырғанда 4 есе, қауын – 2,5 есе, көкөніс – 2,5 есе, сүт – 1,5 есе, дәнді-дақыл – 4 есе, ет – 1,7 есе өскен», – деді.
Өткен жылы «Қазақстан агробизнесінің бүгінгі ахуалы және оны дамытудың басты қиындықтарын шешу жолда-
ры» тақырыбына баяндама жасаған ҚР Үкіметі жанынан құрылған Ұлттық сараптамалық орталықтың өкілі Шәміл Дауранов: «Бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министр- лігінің әкімшілік және қаржылық қоры, өндірістік қауқары әлсіз болуының кесірінен жыл сайын 200 миллиард теңгені желге ұшырып отыр», – деді. Сенбейін десең, бізде қызанақ Франциядағыдан қымбат, картоптың, еттің бағасы Еуропа- мен бірдей, ал тұрғындардың орташа жалақысы 300 доллар, француздардікі 6000 евро, өзіңіз айтыңызшы, салыстырудың өзі ұят емес пе?
Алайда, қалталылардың құдайы беріп тұр! Жақында «Ка- затомпром» президенті Владимир Школьниктің 31 жасар ұлы Игорь Школьник Орск мұнай өңдеу зауытының қожасына ай- налды.
Жыл сайын адамзат баласының пайдаланып отырған та- биғи ресурстары – ауыз су, тамақ, мұнай өнімдері де азай- ып келеді. Қазір әлемде 2,8 миллиард адамның тойып тамақ ішпейтіні анықталып отыр. Ал, 2030 жылы бұл сан 4 милли- ард адамға жететін көрінеді.
Осы орайда, біз Алланың берген байлығын қасақана рәсуа етіп отырмыз. Нанбасаңыз, мына дерекке құлақ салыңыз.
Жақында премьер-министр Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясы жиынынла сөйлеген сөзінде: «Бірден айтайын, дәнді элеваторларда сақтау мәселе- сі оң шешімін таппай тұр. Мен әкімдермен, ауылшаруашы- лығы мамандарымен сөйлестім. Сондықтан биылғы бидай- дың бір бөлігін ашық далада сақтауға тура келеді», – деді.
Премьердің сөзін іліп ала жөнелген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков: «Біз жыл сайын тек қана 6 миллион бидайды сыртқа сатамыз, ал, ішкі сұраныс 8 милли- он тоннаны құрайды. Биылғы жылы астық 1950 жылдағыдай рекордтық көлемде жиналып, 20 миллион тоннадан асып түсуі мүмкін. Біз қазір астық мөлшерін тым асыра орындап отырмыз, мұндай молшылық жыл бізге зиян болып тұр», – деп астамси сөйледі.
Белгілі экономист Ораз Жандосов «Мәсімов бұл араға орынсыз араласып отыр, бұл мәселе оның құзырына жатпай-
ды. Бидайды сата ма, сақтап қоя ма, мұны қожалықтардың өздері шешпей ме?», – деп қынжылады.
Ал, Қоғамдық мәселелерді сараптау орталығы директо- рының орынбасары Қанат Берентаев: «Бұл барып тұрған безбүйректік, жауыздық! Бізге қанша уақыттан бері Үкімет азық-түлік дағдарысынан құтылуымыз керек деп байбалам- дап келді. Енді келіп мұндай молшылық бізге керек емес деп отыр. Бұл барып тұрған қылмыс! Бізде элеваторлар, астық қабылдау пункттері жетіспейді екен, осының шұғыл шара- сын алудың орнына, бүкіл бітік шыққан астықты далада ші- рітпек! Үкіметтің мынадай шешімінен кейін ендігі жылы бірде-бір шаруа қожалығы бидай өсіруге беттемесі анық! Ме- німше, мынадай сорақылықтан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің бүкіл жауапты адамдарын соттау керек», – деп ашынды.
Шынында да, билік халықты, әсіресе қарапайым шаруа- ларды әбден ыңыршағы айналғанша қанап келді. Қанағаны емей, немене, 2009 жылы 7 миллион тонна астық қар астында қалып, шіріп кетті. Сталин заманы болса мынадай дарынсыз бейбастықтарды бытырлатып атып тастар еді!
Ендігі жылы үкімет мына түрімен шаруа қожалықтарына несие де бермеуі мүмкін. Осылай еңбеккерлердің құлшыны- сын, рухын өлтіріп, астық өсіруге деген ынтасын жасытып, елде нан бағасының қымбатшылығын қолдан жасау осы емес пе? Тағдыр да қызық-ау! Дүниенің бір бұрышындағы Сома- лиде балалар ісіп-кеуіп, аштықтан қырылып жатыр. Ал, Қа- зақстанда миллиондаған тонна аштардың түсіне кіретін ақ бидай қар астында шіріп жатыр!
Түбінде Алла мұндай қырсыздықты, кісәпірлікті, астам- шылдықты, миллиондаған жандардың несібесін рәсуа еткен- дерді кешірмейді. Шырқыратып тұрып кегін алады...
Біздің билік әлгіндей зауал келмесе, жай ескертуді құла- ғына ілуді қойғалы қашан... Тек артының қайырын берсін деп тілейік!
«Жұлдыз», №11, 2011 жыл.