ПРЕЗИДЕНТ ПәРМЕНіНЕ ПыСҚыРМАйТыН ҰЛыҚТАР
Ұлықтарды елге сүйікті өтетін басты қасиеттер: бір сөз- ділік, қайырымдылық, бөліп-жармайтын ірілік... бүгінгі бас- шылардың бойынан табыла ма? «Мегежінде мейір жоқ, қа- йыр болмас қабанда» дегендей, қарамағындағылар жазата- йым алдына ісі түсіп бара қалса, салын суға кетіріп, енді қайтып жоламастай етіп, ал өзінің қара басының шаруасы де- генде қара жерге кеме жүргізетін мүттақым, тексіз басшылар көбейіп бара жатқан сияқты.
Ең сорақысы, осы ат төбеліндей көбеңсіген «тирандар» келе-келе Президенттің пәрменін де жүре тыңдайтын сияқты. Елбасы Н.Назарбаев 2000 жылдың ақпан айындағы кезекті бір сөзінде: «Алматы қаласын Орта Азиядағы ең сәулетті биз- нес орталығы етуге толық мүмкіндік бар. Бұдан былай алма бақтарын отап, тауға қарай тырмыса құрылыс салуды доғару керек» деп қала басшыларына қатаң тапсырма берген еді. Ал, содан не шықты дейсіз ғой? Тауға қарай құрылыс салу соңғы үш жылдың ішінде қайта құтыра түсті. Он мыңдаған те- рек, емен, қайыңдар мен алма бақтарын тып-тыйпыл қылып, бірінен-бірі асып, биікке өңмеңдеген үлкенді-кішілі «пер- ғауындар» сарайлары Елбасы ескертпесінен кейін, тіпті құ- жынай бастады. Қажыр-қайраты, қаражаты жетсе, зәулім са- рай тұрғызғанға не жетсін! Бірақ, мәселе басқада болып тұр ғой! Осы ғажап құрылыстарының коммуналдық шығында- рына әлгі ұлықтар көк тиын төлемей, оны бір мүсәпір неме- се кембағалдар атына тіркетіп қойғанынан шығып отыр ғой, бар пәле!
Ақыры қаптаған ашкөз шенеуніктердің көңіліне қараған Президент «Алматы маңындағы құны 2 миллиард доллардан астам коттедждерді заңдастыру керек, әйтпесе қарапайым халық бәрін көріп отыр, көпшілік өздерің туралы не ойлай- ды?» деп тағы да кешірімділік танытты. Мемлекет басшы- сының пәрменінің аяқ-асты болғаны бір бұл емес. Мысалы, 2001 жылы көкекте Н.Назарбаев Елорда көшелерін өзі аралап көріп, іле-шала болған «Астана қаласын мұнан әрі көркей- ту шаралары» атты жиында қала басшыларына, қаптаған
шенеуніктерге қаратып былай деді: «Қара әйнекті көліктеріңе секіріп мінгенше, бір мезгіл көшелерді жаяу араласаңдаршы. Астана Венецияға айналуға аз-ақ қалыпты. Қай көшемен жүрсең де кілкіген су, тонналаған лас қалдықтар. Тұрғындар осы лайды белшесінен кешіп жүр. Ал, ғимараттардың ше- кесіндегі атаулар қандай десеңші! «Астана – плаза», «Астана
– тауэр», «Сити – маркет», «Синема – сити»... Бұл не қылған түсініксіз атаулар? Жалпы, бұл қай елдің астанасы өзі? Осы кемшіліктерді тез арада қалпына келтіруді Мәсімов саған тап- сырамын...»
Қазір Астана көшелері тазарғанымен, әлгі «құбыжық» ата- улар көбеймесе, азайған жоқ. К.Мәсімовтің, тіпті бұл жарна- маларда шаруасы болмағанға ұқсайды.
Оны айтасыз, Президент Н.Назарбаев 1999 жылғы 17 ма- мырда еліміздегі үлкенді-кішілі басшылардың жеке басы- ның қарапайымдылығы мен мемлекет қызметшісінің этика- сына баса назар аударуын талап ете келіп, мемлекеттік ше- неуніктердің қызмет көлігі ретінде пайдаланатын 800 «Мер- седес», 1500 «Джип» бар екенін, осы аса қымбат көліктерді азайту жағын қатаң ескерткен болатын. Елбасының бұл тала- бын да үлкенді-кішілі ұлықтар құлақтарына қыстырған жоқ. Қыстырмағаны емей немене, осыдан үш ай өткеннен кейін
«Новое поколение» (6.VIII. 1999 ж.) газеті республика қаржы министрлігіндегі мынадай сорақы деректерді келтіреді: «Пре- зидент Н.Назарбаев қымбат шетелдік көліктерді сатып алу- ды қысқартыңдар десе, Қаржы министрлігі соңғы айлардың ішінде қасақана алты бірдей бағасы удай «Тойота – Ланд- крузер» джипін сатып алып, оған бюджет есебінен 39 мил- лион теңге жұмсаған. Және осы министрлік қарамағындағы 43 (Құдай-ау, мұның бәрін кім мінеді?!) қызмет көліктерінің жанар-жағармайы үшін тағы да бюджет есебінен 49,3 мил- лион теңге төлеген. «Бұл ысырап көрсетілген нормадан 4 есе артық болып шыққан».
Міне, «қолдан келсе, қонышыңнан бас» деген осы емес пе? Біз осындай басшылардан еңбекақымызды, зейнетақы- мызды көтереді деп дәметіп жүрміз-ау!
Қайта, Президент ескертпесінен кейін бағасы удай көлік- терді қысқарту емес, бәсекелесе сатып алу жарысы бастал-
ды. Көп жағдайда осы бір ел басқарған игі жақсылар ылғи қаперінде ұстайтын басты қағиданы ұмыт қалдырып жата- ды. Әсіресе, қалың бұқара ортасында, өңі жүдеу, түлкі құрсақ жандардың алдында қанға тойған қандаладай аршындап сөз сөйлеу, астында бір ауылдың жиған-тергені жетпейтін аса қымбат көлік жүруі қалай десек те, көпшілікті ұлықтардан үркітетін көрініс екені айтпасақ та түсінікті.
Көлік дегеннен шығады, мысалы, Эстония премьер-ми- нистрі қарамағындағыларға үлгі болу үшін жұмысқа велоси- педпен келуді әдетке айналдырды.
Қызық үшін ортаңқол шенеуніктер мінетін «Мерседес – 230 Е» көлігінің шығынын есептеп қарайықшы. Осы «тұл- пармен» басшы жиналысы, сейіл-серуені бар, айына 15-20 мың шақырым жол жүреді. Және осы көлікке айына 11000 теңгенің мотор майы құйылады. Сонда бір жыл ішінде оған, тек қана майы үшін 132 мың теңге қажет екен. Оның үстіне бабы күшті «Мерседеске» литрі 56 теңге тұратын АИ-95 мар- калы бензин қолайлы. (Ол әрбір жүз шақырымға 13,7 литр жа- нармай жұмсайды). Оның бір айлық жүріс-тұрысына 82200, ал бір жылдық бензиніне 986400 теңге қажет. Сонда, орташа класты «Мерседес – 230 Е» көлігінің 12 айдағы бензині мен майы үшін бақандай 1118400 теңге жұмсалады. Ал, бензин мен майды өкіртіп жағатын «Мерседес – 600», үйдей «Ланд- крузерлер» қанша миллион теңгенің басына су құятынын өзіңіз шамалай беріңіз.
Және осы қаржының бәрі әлгі шенеуніктің қалтасынан шығып жатса ғой, бірақ қасқитқанда осыншалық ақша бюд- жет есебінен төленіп, мындаған аш-арықтың есіл еңбегі рәсуа болады. Егер әрбір «Мерседесті» 100 мың долларға бағалап, оны әлгі 800-ге көбейтсек, 80 миллион доллар дөң- геленіп шыға келмей ме? Оның үстіне әрбіреуі 50 мың дол- лар тұратын 1500 «Джип» көліктерін қоссаңыз, қыруар елдің табан ақысы, маңдай тері тек осы, «сорпаға шығарларымыз- дың» көліктерінде екенін бағамдауға болады. Тек бір адам- ның «аяқ артарына» осыншама қаржы кеткенде, шынымен шенеуніктер елді сазға отырғызуға кіріскен екен демеске амалың жоқ.
Елбасы осы бір жағымсыз көріністі ерте байқап, дер
шағында ескерткенімен, әбден есіріп кеткен ұлықтар оны елей қоймады. Халықтың ұлықтардан түңілуі, ақыры кеме- рінен асып, жолындағыны түгел жайпап толқуы – осындай әлеуметтік теңсіздіктен бастау алады.
Жақында «Время» газетінде (22.01.2004 ж.) жарияланған
«Нұрқаділовтің сейфінен не іздеді?» деген мақалада: «Қа- рақшылар бірнеше күзетшіні тыпыр еткізбей қол-аяқтарын байлап тастап, жоғары лауазымды шенеуніктің ат шапты- рым сарайын асты-үстіне шығарды. Ұрылар әсіресе, оңа- ша бөлмеде тұрған құпиясы көп ауыр сейфті ашуға көп әуреленген сияқты. Қалай дегенмен де, кәнігі қарақшылар сейфті шеберлікпен ашып, ойлағандарын тауып зым-зия жо- ғалған. Кейіннен, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік тө- рағасының жұбайы, белгілі әнші Мақпал Жүнісова үйінің тоналғаны туралы полицияға хабарлап, 10 мың доллардың қолды болғанын айтқан. Алайда, Мақпал Жүнісова бұл оқи- ғаны шулыған қылғысы келмегенімен, жоғалған ақша өте қомақты екені белгілі болды. Бұл бір қарағанда жәй ұры- лардың ісі емес сияқты. Кәсіпқой әрі әккі қарақшылар тек қана ақша емес, әртүрлі құжаттар, бағалы қағаздар, өзара келісімдер жасалған құпия жазбаларды да іздеген тәрізді. Сөйтіп, елімізді қиын жағдайдан құтқарушының хан сарайын тонағандар әлі табылмай отыр» делінген.
Міне, бұл ханталапайдың басы болып жүрмесін? Әбден ыңыршағы айналған жұрт түптің-түбінде миллиардер бай- лардан, жуан-жуандардан несібесін айыратыны әмбеге аян емес пе? Қоғамымызда орын алып отырған осындай, әсіре астамшылықты Елбасы талай рет ескерткенімен, айылын жи- ған ұлықтар болды ма?
Әділдігімен аты шыққан, Алтын Орданың белгілі билеу- шісі Өзбекұлы Жәнібек ханның (1341-1357 ж.) замандаста- ры оның бір өнегесі туралы жазып қалдырыпты. Онда былай делінген: «Хан некерлерімен саяттап келе жатып, жолшыбай киік атып алады. Киіктің етін отқа қақтап жейін десе, тұз та- былмайды. Хан шабармандарының біріне, бір алтын теңге беріп: «Анау көрініп тұрған ауылдан осы ақшаға бір уыс тұз алып кел!» деп жұмсайды. Мұны көріп тұрған ханның уәзірі: «Хан ием, бір теңгеліқ алтын бір уыс тұзға өте көп пұл
ғой» дейді, бірақ оған хан жауап бермейді. Сәлден сон, хан, жанындағы адамдарға сездірмей бір жансызды сол ауылға аттандырып, оған жаңағы алтын теңгені шабарманның тұз иесіне бергенін не бермегенін біліп кел деп тапсырма береді. Біраздан кейін тұз әкелініп, тағам дайын болып, асқа отырар- да жансыз келіп, ханға оның әмірінің дұрыс орындалғаны жөнінде хабарлайды. Көңілі орныққан хан: «Уәзірім, біз бұл саятта тұзға зәру болдық, сондықтан бір уыс тұз бізге ал- тын теңгеден де қымбат еді. Ал, ана ауылдағы адамдар тұзды мен сұратқанымды білсе, тұзды және оған қоса тағамдарын да бізге тегін беріп жіберер еді. Егер мен тұзды елден тегін алсам, мына отырған сендер қарапайым халықты ашықтан- ашық тонап, соңғы түймесін де кесіп алар едіңдер» деп ел билеуші әмір, бек, әкімдеріне зілдене қараған екен».
Алысқа ұзаған ойдың шылбырын тартып, шумақтап тұрып айтпағымыз мынау еді: Президент пәрменіне құлақ аспайтын, оның ескертпелерін аяқасты ететін ұлықтар әрекеті – мемле- кет үшін аса қауіпті құбылыс...
«Ана тілі», 5.02.2004 ж.