28.02.2022
  145


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ОйыП ТҰРыП ЖЕР АЛДы кРИШНА

«Коммунистік идеологияның күйреуіне байланысты туған кеңістікті пайдалану үшін бүкіл әлемнің діни конфессияла- ры жанталаса күрес жүргізуде. Мен бүгін өз сөзімді ислам әлемінің жарқын шырақтары болып отырған сіздерге арнай- мын: сіздерден қолдау болмаса, осынау рухани жекпе-жек күресте біз жеңіліп қалуымыз ғажап емес...»


Иә, 1996 жылы Тегеран қаласында өткен Бүкіл ислам әлемінің бірлігі конгресінің IX сессиясында ұлтымыздың қа- дірменді ақсақалы, марқұм Қалтай Мұхамеджан осылай деп еді.


Сұңғыла қария «ту сыртыңды жармай, өтіңді алатын» осы бір сұрқия қауіпті күні бұрын сезген екен-ау! Қазір айнала- мызда мысық табан жүріспен ақырын әрекет етіп, жымысқы діндер соғысы жүріп жатыр. Бүгінде әлемге әмірін жүргізіп отырған еуропалық суперэтнос IX ғасырда пайда болды да, мың жыл бойы армансыз мейманасы тасығаны сондай, енді ол өзінің этностық тарихында табиғи мәресіне жетті. Тіпті, кей жағдайда азғындай бастады десек те болады. Мысалы, өткендегі Чилидегі ұятсыздықты еске алыңызшы. Еркек, әйелі аралас он мыңдаған адам көшеге тыржалаңаш күйде шығып, осы қалыптарында көрші қалаларға серуендеуін қа- лай ұғуға болады? Әбден іріп-шіріген, адами құндылықта- рынан ада болып келе жатқан батыс енді өздерімен бірге бізді де, яғни, әлі алдында мыңдаған жылдық нұрлы болашағы бар мұсылман елдерін де қара түнекке сүйреуде. Осыдан екі жыл бұрын Алматы қаласында Орталық Азия мен Қа- зақстандағы дінге сенушілердің «Жібек жолы – 2000» ат-


 


ты конфессияаралық бірінші мәслихаты өтті. Осы мәслихат- қа қатысушылардың тең жартысы өзіміздің қазақтар болып шықты. Жат діндердің, жат сенім-наным уағыздарының ас- тарлы әрекеттері қазақтар арасында текетірес тудыратын күн де алыс емес сияқты. Мына төмендегі мақала соған көзде- ріңізді жеткізе түседі.


Қаскелең мен Шамалғаннын дәл ортасынан шоқынды- рушылар шұрайлы жер алып, оған «Кришна құдайы дү- ниеге келген қасиетті жер» деп ат қойып, білгендерін істеп жатқанын бұрын да еміс-еміс естігенбіз. Енді осы «қасиетті» жерді өз көзімізбен көріп қайту үшін, қасымызға Қарасай ау- даны әкімшілігінің жауапты қызметкері С.Бабаеваны ертіп алып, Береке ауылы маңындағы бұрынғы «Мерей» шаруа қожалығына ат басын тіредік. Шоқындырушылар да ақымақ емес, қандай жерді сатып алған десеңізші! Іргеде шалқып жатқан көл, айнала сыңсыған ағаш, бейсеубет жүрген адам мен көлік те жоқ, жым-жырт ғажап мекен екен. Жолшы- бай және ферманың алдына «Шри Вриндавана Дхама» деп тақтайшаларға үлкейтіп жазып, бірталай жерлерге орна- тып тастапты. Әуелі жер сатып алуға осы айналаны арман- сыз тінтіген алпауыттар қателеспеген сияқты. Шынында да, орман-тоғайымен, көл-суымен қосып, 60 гектар жерді бірден көтере сатып алу да оңай емес-ау!


Өз жерімізге өзіміз аяқ баса алмай, қаңтарылып бірталай қақпа алдында тұрып қалдық. Іштен «Харе Кришна!» деп үздіксіз әндетіп бір әйел шықты да, бұрын да қызмет бабымен бірнеше рет болған Сәуле Бабаеваны танып, ішке кіруімізді өтінді. Арнайы дыбыс күшейткішпен зорайтылып, Кришна құдайы туралы әндер бүкіл аймақты күңірентіп тұр. Осы бір түсініксіз сұңқылдақ ән біз келгеннен кете-кеткенше толаста- мады. Еңселі үш қабатты коттедждің ішінен төбесінде желке- ге қарай сұлаған бір тұтам айдары бар тақырбас, үлкен сүлгі сияқты матаны екі қайтара кеудесіне ораған ер адам көрінді. Ол өзін Сергей Михайлович Корниловпын деп таныстырған осы діни бірлестіктің пасторы болып шықты. Адамға ту- ра қарамай, көзі ойнақшып тұрған пастор біздің көп нәрсені қамтитын 5-6 сұрағымызға аз ғана сөзбен жалпылай жауап беріп құтылып кетті. Сонымен, пастор былай дейді: «Криш-


 


наны түсіну қоғамы» діни бірлестігінің құрылғанына да 2-3 жыл болып қалды. Орталық офисіміз Алматыдағы Абылай- хан көшесі 39-шы үйде орналасқан. Ал, біз осы жерде діни миссиямызды атқарып жатырмыз. Қазір біздің діни бірлес- тікте 80-ге тарта адам бар. Таяу арада 100-ге жетеді деп от- ырмыз. Негізінен бұл қауымның ішінде украиндер, оры- стар, немістер, өзбектер, қырғыздар ішінара болғанымен, тең жартысынан астамы қазақтар  екенін  мойындауға  ту- ра келеді. «Кришнаны түсіну қоғамы» діни бірлестігі ұйым- дастырған түрлі фестиваль, семинарлар Алматыдағы Орта- лық мұражайда, Ғалымдар үйінде үнемі өткізіліп тұрады. Уақыттарың болса келіңіздер»...


Япырмай, Ұлттық мұражайымызды, Ғылым Академия- сының Ғалымдар үйіне дейін жаулап алып, білгендерін істеп жатқан бұл қандай құдірет, әкем-ау дейміз ішімізден.


Ал, коттедждің айналасы, қораларға дейін астаналық офистердікі сияқты аса қымбат тастармен әшекейленген. Сұрғылт күз келгеніне қарамай, осы төңіректің бәрі жап- жасыл. Мұның сыры неде? Бейне бір жұмақ тәрізді. Кришна ордасынан бір-екі шақырым аттап шықсаң-ақ, аңғал-саңғал үйлер, бұзылған қоралар еңсеңді басып тастайды. Құпия дәліздер арқылы мұнда құйылып жатқан мол қаржының иісін айтпай-ақ сезгендей боласың.


Пастордың бастауымен коттедждің ішіне ендік. Сыйына- тын, дұға оқитын ат шаптырым залдың төрінде, үлкен диван үстінде құдайларының мүсіні тұр. Залдың қабырғаларына кө- не үнді эпосы «Махабхарата» мен «Рамаянада» кездесетін құдай суреттері ілінген. Осы залдың босағасында биіктігі адамның төсінен келетін мешіттердегі садақа тастайтын жә- шіктердей үлкен шыны орналасқан. Ішіндегі қобырап үйіліп жатқан ақшаларға көзіміз түскенде ең сорлысы 2000 теңгелік, қалғандары 5000, көбі АҚШ-тың 100 долларлық банкнотта- ры. Екінші қабаттағы толып жатқан бөлмелерді асықпай ара- лап шықтық. Бұл бөлмелерде үнсіз жұмыс істеп жатқан өң- шең такырбас жастар. Ғарыштық байланыстан бастап, жа- ныңа не керектің бәрі бар. Біз кіргенде сыйынатын залдары- ның шетіндегі далиған әдемі перденің бір шеті әлсіз қозғалып тұрды. Жел жоқ, желдеткіш жоқ, бұл неге қозғалады екен деп


 


ойладым ішімнен. Екінші қабатты аралап болып, шығып ба- ра жатқанымда, әлгі перденің дірілдеген шетінен қолында жайпақ ыдысы бар бір жас қыз шыға келді. Бізді шығып кетті деп ойласа керек. Манадан бері перденің бұрышын дірілдетіп тұрған сол екен. Түр-түсі қазаққа ұқсағасын, пастордан рұқсат сұрап, аз-кем тілдестім. Жасы 18-дегі Дина Тәренова деген қазақ қызы болып шықты. Қазақ тілін шын білмей ме, әлде тәртіп солай ма, менімен орыс тілінде сөйлесті. Осы дінге кіріп, мұнда тұрып жатқанына бір жыл болыпты. Ұяң, аса сұлу қыз бір нәрседен қорынғандай сыбырлап сөйлейді. Үстінде үнді әйелдері киетін сари. Не оқыған оқуы, не ти- ген күйеуі жоқ, бар шаруасы күні бойы Харе Кришна, Харе Кришна, Кришна, Кришна, харе, харе деп күбірлеп жүрген бұл мұңлықтың обалы кімге?!


Тек қана Қарасай ауданының өзінде осындай ұлтымыздың жас өскіндерінің санасын улайтын 45 діни ұйым бар көріне- ді. Ал, облыс бойынша нешеу, республика бойынша қанша, оның дәл дерегін ешкім де білмейді.


Осыдан екі жыл бұрын елімізде 2500 діни бірлестік, 40-тан астам конфессия, 2000-нан астам көп түрлі қауымдастықтар тынымсыз әрекет етіп жатыр деген жалпылама дерек баспа- сөз бетінде жарық көрді. Ешқандай кедергі көрмеген осын- дай қауіпті діни секталар, бірлестіктер бүгінде жоғарыдағы келтірілген деректерден әлдеқайда көбейіп кеткені белгілі.


Өзіміз аралап көрген «Кришнаны түсіну қоғамы» діни бірлестігіне қайта оралайық. Пастор біздің үшінші қабатқа көтерілуімізге рұқсат етпеді. Бірінші қабаттағы асханада түр- лі шөптерден вегетариандық дәмдер дайындалып жатыр. Осы бірлестік анда-санда аудан көлеміндегі балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларға тегін киім-кешек, азық-түлік тара- тып, қаржылай көмектесетін көрінеді. Сонда бұлар ақшаны қайдан алып отыр?


Сонымен қатар, бірлестікте 25 сиыр бар. Біз малдарды көре алмадық, 60 гектар алқаптың бір бұрышында бағылып жатқан сыңайлы. Сол малдарды Кришна дініне кірген қазақ отбасыларының балалары бағады деген сыбысты да естіп қалдық. «Кришна құдайы дүниеге келген қасиетті жердің» дәл қарсысында үш қабатты 7 коттедж тұр. Бұл кімдердікі деп


 


пастордан сұрағанымызда ол: «Шетелден келетін құрметті қонақтар үшін арнайы дайындалған», – деп жауап берді. Мұны айтпағанның өзінде, діни бірлестік ауласының ішінде қыруар ауылшаруашылық техникасын көріп қалдық. Осы бірлестіктің жетекшілерінің бірі – Чайтаньи Натаи даса деген біреу бұрын Ленинградтағы әскери-ғарыш саласында жұмыс істеген ірі маман екен. Ол мұнда Қарасай ауданында не істеп жүр, шын діндар ма, әлде басқа мақсатпен жүр ме, оны да тек- серіп жатқан ешкім жоқ. Біз осы қауіпсіздік жайын сөз етке- німізде Қарасай ауданы прокурорының көмекшісі Өстубаев Есен былай деді: «Аудан төңірегіндегі діни бірлестіктер мен түрлі қоғамдар біздің ұдайы бақылауымызда. Кеше ғана «Бе- реке» ауылында өткен, кришнаидтар ұйымдастырған мәс- лихатқа АҚШ-тан, Индиядан, Германия, Польша, Оңтүстік Кореядан, т.б. ондаған мемлекеттен 120 шетелдік діндарлар келді. Бүкіл ТМД, өзіміздің кришнаидтарды қосқанда, «Бе- реке» ауылына 1500 адам жиналды. Олардың бәрін уақытша тіркеп, бақылау, қадағалау бізге де оңай болған жоқ. Бұл бірлестікте әуелі 30 адам болды. Қазір едәуір көбейді. Ресей- ден енді тағы 20 отбасы көшіп келмекші. Біз бұларға ешқан- дай шара қолдана алмай отырмыз. Өйткені, заңымыздың осалдығы қол-аяғымызды матап, оларға зор мүмкіндік ту- ғызып қойды. Айналаңызға қараңызшы, 10 адамның басы қосылса, заңды жолмен тіркеліп, бір діни бірлестік болып шыға келеді. Осыдан кейін біз не істей аламыз...»


Бұл пікірге Қарасай аудандық әкімшілігі әлеуметтік мә- селелер бөлімінің бас маманы Сәуле Бабаева да қосылады. Ол ашынып былай дейді: «Біз осы бір ауданымыздағы істері күмәнді діни бірлестіктерді жабуды ойлап, үстіміздегі жылғы көкек айында арнайы тексеріс жүргізіп, оған құзырлы меке- мелер: ҰҚК, Прокуратура, өрт, СЭС инспекциялары қатыс- тырылды. Сол кезде бұл бірлестіктерді жабуға бір ауыз- дан шешім шығарған едік. Алайда, арада бір ай өтпей діни қоғамдардың барлығы облыстық әділет басқармасына тір- келіп, рұқсат қағаз әкеліп түр. Ал, тыпыр етіп көріңіз. Оны айтасыз, кеше ғана «Береке» ауылының берекесін  алып, осы діни бірлестік халықаралық Кришна конференциясын ұйымдастырды. Шетелдерден жүздеген адамдар келіп, осын-


 


да ұзын-саны 1500-дей ала-құла тобыр бір апта мәслихат құрды. Біз солар кете-кеткенше, екі апта бойы жарғақ құла- ғымыз жастыққа тимей, шапқылаумен жүрдік. Бір қолды екі ете алмай отырған қиын кезеңде қауіпті, ісі бұлыңғыр діни бірлестіктерді қаптатып, оларға рұқсатты керегінше үлесті- ріп, барлық жауапкершілікті жергілікті мекемелерге ысы- рып тастап отырған жоғарыдағылардың немқұрайдылығына қалайша ашынбайсың. Осы конференциядан елімізге бір ти- ын пайда бар ма?»...


Шынында да, шетелдік миссионерлердің қызметі респуб- ликамыздың барлық аймақтарында айтарлықтай күрделі мә- селеге айналды. АҚШ-тың, Швецияның, Германиянын, Поль- шаның, Оңтүстік Кореяның, т.б. жүргізген миссионерлік жұ- мыстарының нәтижесінде бізде әртүрлі секталар мен ұйым- дар жедел өсуде. Атап айтқанда, «Новоапастольская цер- ковь», «Новая жизнь», «Новое небо», «Община Бахай», «Цер- ковь Сатаны», «Благодать – Рахым», «Грейс», т.б. өз ілімдерін ашық насихаттауды үдетіп келеді. Бір қызығы, аталғандардың барлығы заңды тіркеуден өткен және діни ілімдерін уағыз- дау үшін мемлекет тарапынан рұқсат алған (аккредитациядан өткен).


Әбден төзімі таусылған Галина Андреева деген мұғалім көз жасын көл етіп: «Иегова куәгерлері» діни бірлестігінің қиянаты жаныма батып барады. Менің 15 жасар Иринам осылардың шырмауына түсіп, бірнеше рет өзін-өзі өлтіруге әрекет жасап жатқан жерінен ұстап алдық. Қазір ешқайда шығармай, күндіз-түні бақылап отырмыз. Миын әбден улап тастағандары соншалық, біздің айтқандарымыз санасына кірмейтін дәрежеге жеткен. Мұның арты неге соғатыны бей- мәлім. Менің айтарым, тез арада осы зұлымдық ұясы – сек- таларды мемлекет аумағынан қуып шығу керек. Әйтпесе, балаларымызға ие бола алмайтын түріміз бар», – деп ша- ғынады. Осы орайда 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заң түбірінен өзгертуді қажет етеді.


Тағы бір айта кететін мәселе, Қарасай аудандық әкімші- лігіндегілер «Шри Вриндаван Дхам» бірлестігінде 30 адам бар десе, аудандық прокуратура 50, ал пастор Сергей Кор-


 


нилов бізде 80 адам бар дейді. Мүмкін бұдан да көп шығар. Осыдан-ақ қауіпті діни бірлестіктерді қалай бақылап отыр- ғанымыз көрініп тұрған жоқ па?


Кришнаидтар «Береке» ауылына қалай түпкілікті қоныс- танды, енді соған келейік. «Кришна құдайы дүниеге келген жердің» иесі, яғни, 60 гектар аймақтың бірден-бір қожасы – Тахир Хибатуллин, өйткені құжат осының атына толтырыл- ған.


Кезінде Қаскелең аудандық әкімшілігі берген осы келі- сімнің кейбір тармақтарын аудармай-ақ сол күйінде беруді жөн көрдік.



  1. Оценочная стоимость земельного участка согласно акта


№1-10-102 от 19 марта 1999 года комитета по управлению зе- мельными ресурсами Обл.гос.земом составляет пять миллио- нов сто восемнадцать тысяч девятьсот тенге.



  1. Земельный участок продан за девятьсот тысяч тенге.

  2. Отчуждаемый земельной участок принадлежит продав- цу на оснований Государственного акта на право пожизнен- ного наследуемого владения земель №499413, выданный Ка- скеленский районный администрацией, Алматинской обла- сти.


Міне, осы құжаттың бүгінгі иесі Т.Хибатуллин енді бұл жерді мәңгілік пайдалануға құқы бар ғой. Және 60 гектар ғажап аймақты бар болғаны 900 мың теңгеге сатып жіберуді қалай түсіндіруге болады?


Енді 60 гектар тамаша аймаққа мықтап орныққан криш- наидтар бұл төңіректі түбегейлі қоршап алып, Храм, жаға- жайлар, т.б. күрделі құрылыстар бастамақшы. Осы жерді астаналарына айналдырған олар тегіндікпен кетпейтіні және белгілі. Өйткені, бұл аймақ Т.Хибатулиннің сатып алған же- кеменшік жері ғой.


Мемлекет қауіпсіздігі, ұлт тұтастығы бүгінгі таңда ең өзекті мәселеге айналып тұрғандығы шындық. Жат діндерді тарату – ел іргесін сөгу, ұлтты ыдырату екенін түсінетін кез әлдеқашан жетті. Үшке бөлінген Сомалидің түбіне үш дінді насихаттау су құйғаны баршаға белгілі. Туыс ел Үндістан мен Пәкістанның бөлінуі, бітіспес жауға айналуында тек қана жер дауы жатқан жоқ, діни айырмашылықтар да тұр. Анау өркениетті Еуропа-


 


да әлі күнге дейін протестанттар мен католиктер арасындағы жауласу біткен жоқ. Ол елдерде әлемдік (ұлттық емес) дін – исламды құбыжық етіп көрсету асқынып тұр. Міне, осын- дай кезек күттірмейтін кауіпті шақта Қазақстан республика- сы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұх- тар Құл-Мұхаммед мырза Парламент мәжілісінде «Дін ту- ралы» заңға жедел өзгерістер жасау қажеттілігін батыл дә- лелдеп берді. Осы жымысқы құбылысты әшкерелей келіп, министр былай деді: «Қазақстанның кең пейілді заңнама- сы, тұрғындардың діни төзімділігі мен миссионерлік қыз- метті тіркеуге барлық шектеудің алынуы салдарынан шет- елдік уағызшылардың жұмыстарына тым қолайлы жағдай жасап бердік».


Халықаралық Миссия Кеңесінің дерегі бойынша, қазір 40-тан астам ел өз миссионерлерін жібереді, 100-ге тарта ел қабылдайды, 60-қа тарта ел толықтай немесе жартылай шетелдік миссионерлердің келуін шектейді. Жыл сайынғы миссионерлік қызметке, 420 мыңнан астам миссионерге 12 миллиард доллар жұмсалады.


Міне, бұрын бүркеліп келген жараның аузын жұла сөй- лесек, бар шындық айқындалып сала береді. Япырай, мис- сионерлерге бөлінетін 12 миллиард доллар дегеніңіз, Қазақ- станның ұлттық алтын-алмас қорын төрт орап алатын ора- сан қаржы ғой! Мұнан кейін миссионерлер құтырмай, кім құтырады!


Үстіміздегі жылы қыркүйектің 4 жұлдызында «Кришна- ны түсіну қоғамы» президенті міндетін уақытша атқарушы Д.М.Башир Алматы қаласының әкімі В.В.Храпуновтан рұқ- сат алып, 5 күн халықаралық фестиваль еткізіп, қаланың ба- сты көшелерімен шеруге шықты.


Біз барлық жағдайда осы құбылысқа кінәлі ретінде Қа- зақстан діни басқармасын, еліміздегі діндарларды жазғыру- дан жалықпаймыз. Анандай топан қаржысы бар, жат діндер экспансиясын олар қалай тоқтата алады? Бұл зеңбірекке қар- сы сойыл алып шыққандай бейдауа әрекет қой. Мұндай ала- пат тасқынға тек мемлекеттік заңнама тұрғысынан немесе өкіметтік қатаң бақылау жағдайында ғана тежеу салынбақ.


Енді осы шоқындырушылар елімізге аз уақытта қалай


 


құжынап кеткеніне аз-кем тоқталған дұрыс болар. Тәуелсіздік орнағанға дейін Қазақстан аймағында дін мен саясаттың жағ- дайы қандай болғаны белгілі. Билік басындағылардың бір бөлігінің дінді қауіпті дерт көргені жасырын емес. Өйткені, олар еліміздегі ислам ұйымдары ислам фундаментализмінің жоқтаушылары, ал, православие Кремльдің саясатын қолдау- шылар деген түсінік қалыптасты. Міне, осы кезден бастап сырттан келген миссионерлерге есік шалқасынан ашылды. Олар көп күттірмей іске кірісті. 90-жылдардың басында елі- мізге неше түрлі діни ағымдар, миссионерлер, секталар тол- қыны каптап, халқымыздың меймандостығын тиімді пайда- ланды. Әрине, осы екі аралықта миссионерлердін қызыл сө- зіне сеніп қалып жаза басқандарды, тез шешім қабылдап ада- сқандарды, психологиялық дағдарысқа ұшырағандарды кі- нәлауға да болмас. Осындай опық жегендер ортамызға қайта оралса, оларды өз дінін сатқандар деп мүйіздемей, қайта ме- йіріммен қарап, жылы құшағымызға тартқан дұрыс сияқты.


Ислам діні – ақырғы дін, ақырғы заман діні. Осыны түсін- беген көркеуде, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының бі- рінші хатшысы Н.Хрущев кезінде теледидардан айқай са- лып: «Юрий Гагарин ғарышта болды, онда ешқандай құдай жоқ», – деп көкісе, бұған керісінше, ғаламның ғажайып сыр- лы құбылыс екенін сезген Пәкістан ғалымы Ғабдус Садам:


«Ғаламның ақыл жетпес ғажабын сезгенде, өзіміздің біл- геніміз түк емес екенін түсінгенде, жаның шошып кетеді...» деп нақты шындыққа жүгінген. Міне, осындай құпия әрі ғажайып құмбыл сырлардан кейін діни сенімге қалай селқос қарай аласың? Алда қауіп-қатері мол, тұтасқан қара орман- дай тұнжырап жаңа мыңжылдықтар тұр. Ендеше, осы жыра- жықпылы көп алмағайып кезеңге бөлініп-жарылмай, бір дін- дегі ұйысқан ұлт болып жетуіміздің өзі де неғайбыл-ау!


Өйткені, іргемізде тұрған Қарасай ауданындағы Береке аулының айналасы енді өзінің төл атауын жоғалтып, «Шри Вриндаван Дхам», яғни «Кришна құдайы дүниеге келген қасиетті жер» деп аталуы әрбір қазақ баласының жүрегіне жебедей қадалатыны кәміл. Жат дінділерге сатылып, жырым- жырым болған қайран атамекен...


«Ана тілі», 21.ХІ. 2002 ж.


 





Пікір жазу