ЖЕРің бАРДА ЖАРЛыМыН ДЕМЕ
«Тұлпарымды жау алса, құлындар жылқымыз бар, аруы- мызды жау алса, бала табар әйелдеріміз бар, жерімізді жау ал- са, оны ешкім туып бере алмайды», – деп ғұн қағаны Мөде айтқандай, туған топырақ, атакүлдік, атақоныс дегендер ха- лықтың ең бір талмау жері емес пе? Ата-бабаңның еңбегі
сіңіп, өмірлік тәжірибесін қалдырған, төрт маусымы қалай өтетіні өзіңе бесенеден белгілі, еліңнің қуаныш-қайғысына ортақ мекенді қалай дәтің шыдап өзге біреуге қиярсың? Біз- ден бұрынғы өткен, ел бұйдасын ұстаған ақылды ағзамдар бүкіл дүние-мүкәмалын сарп етсе де, жерді сақтап қалған ғой. Үстіміздегі жылдың 4-ші шілдесінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминь Қазақстан
– Қытай мемлекеттік шекарасы туралы қосымша келісімге қол қойғаны белгілі. Осылайша, даулы «екі учаскенің шама- мен 944 шаршы шақырым жалпы ауданынан Қазақстанға 537 шаршы шақырым (56,9%), Қытайға 407 шаршы шақырым (43,1%) тиесілі болып шешілді. Иә, көптен бері жарылмаған шиқандай сыздатқан мәселеге нүкте қойылды. Осы келісім екі жақты да енді ырың-жырыңға салмайтын, шекара сы- зығын түбегейлі бір-ақ кескен түпкілікті серт болса жарар еді. Осы бір аса кірпияз, екі шоқып, бір қарайтын мәселеде елеусіз қателіктің өзі ертең үлкен өкінішке ұрындыратынын тарихтың өзі талай дәлелдеді. Алдағы ғасырда жас мем- лекетімізді әрқилы шырғалаңға салатын да осы Қытай ай- даһары екенін жүрегі қүрғыр сезеді... Жаулап алмай-ақ, қо- қан-лоқысыз момақан күйде ағылып жатқан қытайлар күн- дердің күнінде өзеннің бір шетінен құйылған мұнайдай қазақ жерінің бетіне кілкіп шыға келсе қайтеміз? Алматыдағы Бас штабта өткізілген баспасөз мәслихатында мемлекеттік ше- караны күзету күштерінің қолбасшысы, генерал-майор Тоқ- тасын Бұзыбаев: «Осы жылдың өзінде мемлекеттік шекара- ны заңсыз түрде бұзып өтпек болған 1700 адам қолға түсті. Оның тең жартысы Қытай азаматтары», – деп атап көрсетті.
«Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан табғаш (қытай) халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып түркі халқы қы- рылдың, түркі халқы жойылдың», – деп Күлтегін бабамыз Орхон-Енисей даласының тасына жазып кеткен зар-тілегін ешқашан есімізден шығармауымыз керек. Қалай дегенмен де іргеміздегі бұл алып елмен байланысқа түспей тұра алмаймыз. Қазіргі болжамдарға қарағанда, келер ғасырда Қазақстаннан көп мөлшерде мұнай сатып алатын бірден-бір мемлекет
Қытай болуы мүмкін. Осыған байланысты біз үшін өмірлік мәні зор төмендегідей бірнеше сұрақтар туындайды. Қытайға мұнай сатқаннан елімізге түсетін пайданың мөлшері қандай, зияны неде, мұнай құбырының айналасында келешекте қандай саяси жағдайлар пайда болуы мүмкін, экономикалық тұрғыдан тиімділігі мен тиімсіздігі. Және осы құбырлардың құрылыс шығындарын түгелдей Қытай өз мойнына алмақшы. Тиімсіздігі – мұнай құбырының 3000 шақырымға созыла- тын тым ұзындығы және мұнай шығатын бастапқы нүктеден мұнайды қабылдайтын соңғы нүктенің теңіз деңгейі бой- ынша 2000 метрдей биіктігі. Бұл екі географиялық жағдай, салмағы ауыр Каспий мұнайын аса үлкен қашықтыққа төменнен жоғарыға қарай айдауға мәжбүр етеді де, мұнайды тасымалдаудың бағасын ұлғайтып, оның өзіндік құнын жоғарылатады. Кейбір есептеулерге қарағанда өзіндік құны мұнайдың әлемдік сатылу бағасынан қымбат мұнайды көп мөлшерде сатып алуға Қытай неге құштар және біздің та- батын пайдамыз қандай деген сұрақ өзінен-өзі туындайды. Келесі қауіп, егер мұнай құбырының құрылыс жұмыстары негізінен Қытай жұмысшыларының күшімен атқарылатын болса, олардың көпшілігінің осы елдің ішкі саясатына сәй- кес қазақ жеріне тұрақтап қалуға тырысатыны бүгінгі өмір көрсетіп отырған шындық. Шығыстағы көршіміздің біздің шұрайлы жері бар Оңтүстік өңірлерімізге кез тіккеніне көп болған. Осы саясаттан қандай пікір түюуге болады! Қазіргі кезде отарлаудың, баса билеудің, еліңді кіріптарлыққа душар етудің ең әккі тәсілі дүниеге келді. Оның бірі – экономикалық жақтан құрықтап, баса билеу. Енді бірі – демографиялық жақтан басып алу. Мұның қай-қайсысы да жас тәуелсіз Қазақстан үшін айрықша қауіпті. Бүгіндері біз үшін тағы бір жайсыз бастама – жерді сату жөнінде мәселелер қозғала бастады. Осы бір суханың сүймейтін хабарды естіп, халық елендей бастады. Мұның бүгінгі бізге, ертеңгі ұрпаққа пайда- зияны қандай болмақ, ол жағы әлі белгісіз. Вице-премьер Жәнібек Кәрібжанов осы жылдың 28 тамызындағы «Еге- мен Қазақстан» газетінде жүргізілген тікелей сұхбатында:
«Біз қазір Конституцияға сәйкес «Жер туралы» Жарлыққа
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның жобасын әзірлеп жатырмыз. Онда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сату мөселелері қозғалатын бола- ды. Нарықтық экономикаға сәйкес жерді сату туралы мәселе мұқият қаралуы тиіс. Жердің нақты қожасы болуы керек. Президент өзінің Парламентте сөйлеген сөзінде жердің Қа- зақстанда туып-өскен және жер өңдеумен айналысатын адам- дарға сатылатындығын ашық айтты. Ал, қоныс аударуы не- месе азаматтығын ауыстыруы кезінде бүл жерді не мемлекет, не жеке меншік иесі сатып алуы тиіс. Бұл мәселелер егжей- тегжейлі талданады және Парламенттің қарауына енгізіледі»,
– деп түсінік берді. Бізде былай ғой: Әрбір қаулы-қарар, заң орталықта шығады да, шетке келе күшейе береді. Қиыр шет оны өзінше, көбіне бұрмалай ұғынып, кейде ылаңға айналды- рады. Қайдан білейік, «Әкемді алған құдайға сенбеймін» де- гендей осы қиын уақытта жерді негізгі сатушылар қазақтар болып, артынан сол жерін түсінде көріп жүрмей ме деген бат- пан сауалдар мазаны алады. Жақында тағы бір жағымсыз ха- бар «дүңк» ете қалды. Байқоңырды жалға бергеннен түсетін бәленбай жылғы алашағымыз – 470 миллион доллар да құр- дымға кетіпті. Сегізінші қыркүйек күнгі Президент Н.На- зарбаев пен Ресей делегациясының басшысы В.Христенко қатысқан баспасөз мәслихатында: «Ресейдің Байқоңыр жө- ніндегі қарызы Қазақстанның Ресейге қарызы есебінен жа- былды», – деген жауап естідік. Қазақстан Ресейге қанша қа- рыз, ол жағы тағы күңгірт. Алдағы XXI ғасыр қолға, аяққа емес, миға салмақ түсетін ғасыр болмақ. Мемлекетімізге тие- сілі Ұлы байлықтар: Жер, жер-асты қазбаларын, өзен-сулар- ды көздің қарашығындай сақтауды баламыздың баласына үйретіп кетсек оңды болар еді. Өйткені, оларсыз мынау аласа- пыран өмір базарында біздің құнымыз көк тиын ғой.
«Жетісу», 1999 ж.