бЕС уАҚыТ НАМАЗДың ҚАЗАСыНАН, АРыңНың ТАЗАСы ЖАҚСы...
Иә, бұйдасы үзіліп, өз билігі өзіне тиген сары атандай еш- теңемен шаруасы жоқ, күн мен түнді кезек алмастырып, мез- гіл шіркін cap желіспен белгісіз қиырға тартып барады... Үрей мен үміт билеген алаң көңіл, күпті жүрек осындай аласапы- ран шақта қалай тынши қойсын?! Тек Алла Тағала пендесіне сабыр, ынсап, иман берсін деңіз!
Иә, президент сайлауы да дүркіреп өтер. Алайда өлім – өкінішсіз, той – өкпесіз, сайлау дау-дамайсыз бола ма? Сол алашапқын да аяқталар. Осы науқанға бола қыруар қаржы да жұмсалар. Патша тағына талпынған талай сабаздар тоңқалаң асар. Ақыры солар, құр кіжінгеннен пайда жоғын біліп,
«Шошқа болсын, шорт болсын, балаларға сүт болсын» деген- дей, «мызғымайтын құз жартасқа» қолдарын бір сілтер.
Иә, келешек сценарий дәл осылай өрбитін сияқты. Алай- да бұған алдын ала құмалақ ашып қайтеміз, одан да еліміздегі дәл бүгінгі саяси жағдайды қаузай берейік.
Елбасы сайлау алдындағы өз қорғанысын бұрынғыдан да шемендеп алды. Ішкі істер министрі З.Тұрысбековтің орнына
Президенттің қиынға салар сенімді сардарларының бірі аса әккі Б.Мүхамеджанов келді. Елбасының сүйікті жақындары Қ.Сатыбалды мен Т.Құлыбаев та қызметтерін ауыстырды.
Президент үшін бұл ауыс-түйістер қажет болған шығар. Алайда кейде бір министр ауыл шаруашылығын басқарса, іле-шала ол қаржы немесе денсаулық сақтау министр болып шыға келеді. Бұл енді кешірілмейтін шаруа. Бәленбай жылдан бері осы топтан ауыстырулар кезінде бірде-бір министрдің:
«Президент мырза, бұл менің оңтайыма келмейтін сала ғой», деп бас тартқанын естігеніміз жоқ.
Жыл сайын басы артық министрліктер, агенттіктер ық- шамдалудың орнына бұрынғыдан да далиып барады. Ана жы- лдары қағаз кемірген “арамтамақ” шенеуніктер шектен тыс көбейіп кетті деп бес облысты жауып еді, шенеунік атаулы қайта мыңғыра бастады. Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назар- баев дамып кеткен мемлекеттік кеңселердегі қызметкерлер санын ықшамдауды Үкімет басшысына тапсырды. Қысқар- туды айтасыз, министрлер қасақана Даниал Ахметовтен штат санын көбейтуді сұрап өре түрегелді. Сонда Президент пәрмені қайда қалғаны? Талағы тарс айрылып кетсе де, шындықты айтар болсақ, біздің басты трагедиямыз – жем- қорлық пен шенеуніктеріміздің ересен көптігі. Мысалы, 260 миллион халқы, 50 штаты бар Америкада мемлекет басқару қызметін небәрі 14 министрлік атқарады. Ал 125 миллион тұрғыны бар, әлемді аузына қаратып отырған Жапонияда тек қана 8 министрлік бар. Ұлыбританияда 23 министрлік же- місті еңбек етуде. Өткен жылы Өзбекстан президенті Ислам Каримов өз жарлығымен мемлекеттік аппараттағы 40000 ше- неунікті қысқартты. Осы қыруар атқамінердің ішінде 80 ми- нистрдің, 67 әр деңгейдегі хакимнің орынбасарлары бар. Осының арқасында Өзбекстан Үкіметі біраз жеңілдеп қалды, оның үстіне жауапкершілік арттырылды, ең бастысы олар 40,5 миллион долларды үнемдеді. Бар болғаны 15 миллион халқы бар Қазақстанда 50-ден аса министрліктер мен түрлі комитеттер, агенттіктер тіркелген. Олардың әрқайсысында ондаған басқарма мен бөлімдер жұмыс істейді. Бұлардың бәрі тегін отырған жоқ, алапат қаржыны солқылдатып сорып жатыр. Ал әлеуметтің мұң-мұқтажына келгенде Үкімет қос
қалтасын қағып, қайыршы бола қалады. Мысалы, өткен жы- лы халық бар үмітін артып отырған әлеуметтік қамсызданды- ру және еңбекпен қамту министрі Г.Қарақұсова тілшілерге берген сұхбатында: «Алдымыздағы жылы Отан соғысы ар- дагерлерінің 170-і қайтыс болады деп есептеп отырмыз. Осы- ған байланысты біраз қаржы үнемделетін түрі бар», – деп қарап тұр. Ақша іздестірудің басқа көздері құрып қалғандай, енді бір кездері елдің бүкіл ауыртпалығын көтерген есіл қа- рияларға өлім тілегені қай сасқаны? Өз халқының өлімінен қаржы дәметкен мұндай Үкімет екі дүниеде де көктемес.
Көкөзек шақта халыққа сеп болуға тиісті қаржылық құ- рылымдар арам қатсаң да нәр татырмайтынына әлеуметтің көзі әлдеқашан жеткен. Ал Үкіметтің, министрліктердің қар- жыны судай шашқан, ешқандай пайда әкелмейтінін, қайта масылға айналған солақай шешімдері жыртылып айыры- лады. Мысал керек пе, онда мына деректерге құлақ түріңіз. Италиядан миллиондаған долларға саудалап, үкілеген, Аста- на – Алматы арасында қатынайтын жайлы вагондарымыз, жүрдек пойызымыз өткен жылды 713 миллион теңге қып- қызыл зиянмен аяқтапты. Бұл шығын үстіміздегі жылы одан әрі өсе түспек. Япырай, біздің жолдарға тиімсіз мұндай аса қымбат масыл дүниені сатып алуды бастаған кімдер екен? Міне, әлеумет, саған шыр бітпеуінің себебін енді түсінгендей болған шығарсың. 2002 жылы Алматы қаласы әкімшілігі по- лицейлерге Ресейден әрқайсысы 122 миллион теңге тұратын 2 МИ-34 С тікұшағын сатып алып берген еді. Осы тікұшаққа кезінде қала басшысы В.Храпуновтың өзі отырып, ұшып кө- ріп, оған сақшылар аямай қол соққан болатын. Бүгінде Ал- маты қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Молди- яр Оразалиевтің «Интерфакс – Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында белгілі болғанындай, сол екі тікұшақ та белгісіз себептермен пайдаланылмай бостан-босқа тұрған көрінеді. Егер қылмыскерлерді іздестіруге септігін тигізбесе, бағасы удай сол тікұшақтарды сатып алудың қажеті қанша еді? Ол енді жоғары лауазымды шенеуніктердің сауық-сайран құра- тын, аң аулайтын көлігіне айналып кетпесін деңіз! Бізде мұндай қызықтардың әлденешеуі болып жатыр ғой. Бұдан бірнеше жыл бұрын, дәл президент сайлауы қарсаңында
екі министрдің орынбасары тікұшақпен аңға шығып, апат- қа ұшырағаны жұртшылықтың есінде шығар. Биліктің мә- лімдеуінше, «Ауыл жылы» «аса табысты» аяқталды. Өткен жылы Үкімет басшысы Д.Ахметов енді ауылға соқыр тиын да бөлінбейтінін қаһарлана тұрып жеткізді. Оның бұлайша бұлдануына қарағанда, ауыл кәдімгідей абаттанып қалған шығар? Бірақ қырсыққанда олай болмай тұр ғой.
Былтыр Ә.Қаңтарбаев деген журналистің «Жунглидегідей
«жабайы» адамдар бізде де бар» атты мақаласын (13.04.2004,
«Айқын» газеті) оқып таңғалғаным бар. Ол былайша баста- лады: «Төбе-төбе үйінділер, есік-терезелері үңірейген иесіз үйлер. Жағалап жүріп мұржасынан түтін шығып жатқан бір шаңыраққа тап болдық. Үй иесі Нұржамал Сейітқазина де- ген самбырлап сөйлеп кетті: «Жасым 68-де. Мына даңғарадай үйде жалғыз калдым. Кеніште шопыр болған шалымды жер қойнына тапсырғанмын. Ауылда қазір 15-ақ үйден түтін шы- ғады. Өңшең шал-шауқан, кемпір-сампырмыз. Басқа жұрт ба- яғыда көшіп кеткен. Телефон байланысы жоғалғалы, теле- дидар көрсетпегелі, газет-журнал ұстамағалы – он бес жыл. Азық-түлікті Жоғарғы Тайынты деген ауылдан жаяу-жал- пылап айына бір жеткізіп аламыз. Біз ешкімге керексіз боп қалғалы қай заман! Ұлан ауданының-әкімі орыс па, қазақ па оны да білмейміз. Ал облыс басшысы Протозанов бізге өмірі қатынаспайды. Былтыр 17 қойымды қасқыр қырып кетті. Те- резеден қарадым да тұрдым қайтейін, өзіңді жеп кетпегеніне де шүкір. Егер көмектессе қазір-ақ көшіп кетер едік. Ауылы- мызға жоламайтын, бізден алапес көргендей қашатын әкімдер ол жақсылықты бізге қайдан жасай қойсын...»
Иә, бұл Өскеменнен 60-70 шақырым жердегі Төменгі Тай- ынты деп аталатын шағын ауылдың бүгінгі келбеті. Тіпті, әлгі кейуана облыс әкімін әлдеқашан Мәскеуге көшіп кет- кен облыстың бұрынғы бірінші хатшысы Протозанов деуі есі дұрыс адамды шошындыра түседі. Бірақ оларда не кінә бар, 15 жыл хабар-ошарсыз отырса, осылай болмағанда қай- туші еді? Осындай ауылдар елімізде жүздеп саналатынын ішің сезеді. Япырау, мұндай елдімекендерді халқымен бірге тағдыр тәлкегіне тастап тұрып, «Ауыл жылын» «абыройлы аяқтадық» деп ақпар беруге Үкіметіміз қалайша ұялмайды?
Тағы бір айта кететін мәселе – бізде қаржылық тұтас бір жүйе жоқ. Экономикамыздың ақсап жатқаны да сондықтан. Біздің Қаржы министрлігінде польшалық Лешек Бальцеро- вич сияқты стратегияны және тактиканы білетін білгір маман болмай тұр. Әлі күнге дейін қаржы мәселесін дұрыс жолға қоя алмай келе жатқанымыз, біздерде стратегиялық жоспар дұрыс жасалынбайды, жасалған күнде де ол жоспар іске асы- рылмайды.
Енді үстіміздегі жылдың бюджетіне келейік. Ол да аса тар- тыссыз қабылдана салды. Осыған күйінген Тоқтар Әубәкіров былтырғы 17 қарашадағы Мәжілістің пленаралық отырысын- да: «Бюджет бізсіз қабылданды, «осы күйінде өткізіңіздер» деді, біз өткізе салдық. Әбден көбеңсіген Үкімет «кейінгі толықтыруларды да қабылдаңыздар» деді, біз үнсіз солай іс- тедік. Япырау, сонда біз мұнда не үшін келдік? Ылғи жал- бақтап қол көтеріп, келісім түймесін басу үшін бе? Мүмкін бара-бара бұл мемлекет үшін ұрылар жауап беретін шығар?»,
– деп кейбіреулердің өтін жаратын шындықты айра-жайра етіп айтып салды.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтің мәлімдеуінше, үстіміздегі жылдың бюджеті 5 триллион 850 миллиард теңге болды. Және әлгі министр «мұ- най баррелінің бағасы 19 доллар болады» деген бағамен бюд- жет жобасын жасағанын мәлімдеді. Яғни, бюджет кірісіне әр баррельден 19 доллардан артық ақша есептелінбейді, артық ақша шетел банктеріндегі есеп-шоттарда шоғырланады. Ми- нистр Қ.Келімбетовтің бұл «шым-шытырық жоспары» ел үмітін аяққа таптау емес пе? Сонда осы сабазың көпшілікті ақкөз надан деп ойлағаны ма? ОПЕК картелінің сайтында әлемдік базардағы мұнай нарқы айқайлап тұр емес пе? Қазір Нью-Йорк биржасында мұнайдың бір барреліңің бағасы 65 доллардан да асып барады. Ал ОПЕК басшылығы қыстың аяғына таман бұл көрсеткіш 80 доллардан асады дегенді ашық айтып отыр. Және олар әлемдік базардағы мұнай ба- ғасы ендігі жерде ұшына түспесе, еш төмендемейтініне ке- пілдік беруде. Егер қыстың аяғына қарай мұнайдың бір бар- релі 80 долларға жетсе, бюджетіміздің таз кепештей 19 дол- лармен есептелуінен жазбаса, екі арадағы 61 долларлық
айырмашылықты жымқырып қалу дегеніңіз – бүл біздің қа- нағатсыз шенеуніктердің өз халқына жасаған аса қатерлі тра- гедиясы деуге де болатын шығар. Бұл дегеніңіз миллиардта- ған доллар болатын сұрапыл қаржы ғой! 2005 жылы ең тө- менгі жалақы көлемі былтырғыға қарағанда 376 теңгеге кө- бейтіліп, 6 мың 976 теңгеге жетпек. Яғни, 5,6 пайыз ғана қо- сылады деген сөз. Ал төменгі зейнетақы 400 теңгеге өсетін болады. Бұл қымбатшылықты қуып жете алмай, арқа еті ар- ша, борбай еті борша болған байғұс бейнетқорлар қауымын қуанта қояр ма екен? Өткен жылғы желтоқсан айындағы Қа- зақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттіктің мә- ліметтеріне сүйенсек, азық-түлік бағасы бұрынғыдан да шыр- қап кетіпті. Мәселен, жұмыртқа – 7,9, сүт – 7,8, қаймақ – 5,7, айран – 4,7, шұжық өнімдері – 3,1, балық – 1,3 пайызға арт- са, дизель отыны – 13,5, көмір – 2,8, байланыс қызметінің тө- лемдері – 12,8 пайызға ұшынып кетіпті. Ал бағаға әлгі ең- бекақыға қосылған 376 теңге, зейнетақыға қосылған 400 тең- ге астар бола ма? Мұндай келеке, мазақтың да шет-шегі бар шығар... Егер бейнелеп айтсақ, бүгінгі қарапайым еңбек адам- дары шыңыраудан шығыр тартып шаршаған атан сияқты. Шығыршыққа үйкеле қыл шылбырдың да сетінер сәті таяп қалған тәрізді. Ал сол үміт арқаны бырт етіп үзіліп кетсе не болмақ?
Бұрындары марқұм Камал Смайыловтың Қазақстанның асты-үстіндегі қазба байлықтарын қопара көрсеткен жазбала- рынан еліміздің ертеңгі нұрлы болашағының бір пұшпағын көріп қалғандай болушы едік. Асылық болмасын, Кемекең отыз жылдан бері осы тақырыпқа қалам тербеп келеді. Бі- рақ бар болғыр сол бір бақуат кезең біз жақындасақ болды, әуелеп ұшқан батпырауықтай алыстай береді, алыстай бе- реді... Мұның сыры неде, әлеумет? Ал ертеңін ойлаған, бір тырнағы ішінде жүретін сұңғыла елдер былайғы жұртқа өз сырын бірден ашып салмайды екен...
Мысалы, өзіміз күнде қақсап жүрген алпауыт ел – Амери- када, дәлірек айтсақ, Алясканың Прудо шығанағында Шығыс Қашағаннан да асып түсетін бай мұнай кеніші бар. Оны Ама- ко мұнай компаниясы жетпісінші жылдары ашты да, ұлы жо-
басын білді де, жұмған ауыздарын ашқан жоқ. «Менің атым тұра тұрсын, сенің атың жүре тұрсын» дегендей қазір олар қазақ мұнайын қақалғанша қылқылдатып жұтып жатыр...
Осы аңқылдақтық түбімізге жетпесе болды дағы...
«Ақжол Қазақстан», 4.11.2005 ж.