28.02.2022
  200


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

  бәСЕкЕ ЖәНЕ хАЛыҚ немесе әЛЕуМЕТТік МәСЕЛЕЛЕР хАҚыНДА

Талай жұмыр басты пенденің арманы болған 2000-шы жылдың да табалдырығын аттағанымызға біраз болды. Осы 2000-шы жылдың алғашқы арайын көру үшін әл-ауқаты же- тетіндер Жапонияға аттанғаны есімізде. Мұндай мыңжыл- дықтың алмасуын Шыңғысхан да, Әмір Темір де, Абылай да көрген жоқ. Ендеше, осы бір адамзат баласының кемелденген ғасырына қандай күйде келіп кірдік?


Шынында да мемлекетаралық экономикалық қатынастар- да жас елдердің тиісті орнын алуы бір жылдың ісі емес. Ға- сыр мұрасына байыпты көзқарас әлемде бірте-бірте орны- ғады. Дүниежүзілік трансұлттық компаниялардың іс-әре- кетін, тәртібін, салық төлемдерін реттейтін шаралар да ой- ластырылып жатыр. Он үш жылда жіберілген қателер мен сәтсіздіктерді ой елегінен өткізіп, сүрінбестей нақты қадам- дар жасау қажеттігін енді түсіне бастадық.


Қазақта «Шеңгел де өз жерінде шіренеді» деген жақсы


 


нақыл бар. Ендеше, өз ұлтымыз туған топырағында шіреніп, сүйген асын ішіп, қалаған кәсібін игеруге қолы жетті ме, енді соған келейік.


Халқымыздың кейбір балаң мінезін тап басып таныған Әлихан Бөкейханұлы: “Қазақ елі – аңғалдау жас бала сияқты. Қазаққа тиме, қайта оған өмір, тұрмыс, ғылым көрсет, үйрет. Оқу оқыңдар, пішен шап, өнер үйрен, темір соқ, етік тік, мыл- тық ат, жақсылап ән салыңдар!” – деп кейінгі ел тізгінін ұстар азаматтарға, қалың жамиғатқа осылай деп өсиет айтып еді.


Бөкейханұлының меңзеген бұл емеуріндері де бүгінде тап- тұйнақтай орындала қалған жоқ.


Дәл қазіргі сәтте қаймана қазақтың басын меңдуана же- гендей әңкі-тәңкі қылған бірнеше түйткілдер бар. Олар: ше- телден ағылған еңбек мигранттарының заңдастырылуы, қо- ғамымызды жайлаған сыбайлас жемқорлық және көктемгі – күзгі жиын-терін кезінде осымен он бес жылдан бері жанар- жағармайдың қасақана құтыра қымбаттауы дер едік.


Мысалы, ІІМ-нің миграциялық полиция басқармасының дерегіне сүйенсек, елімізде тұрып жатқан шетелдік арзан жұ- мыс күші 300-500 мың адам аралығында дейді. Олар үшін жерімізде заңсыз босып жүрген 200 мың адам түк емес сияқ- ты. Ал, кейбір тәуелсіз сарапшылар жазғы науқандық мез- гілдерде елімізге 1 миллионнан астам заңсыз мигранттар ке- леді дейді. Ендеше, осы деректердің қайсысына сенеміз?


Бұдан біраз бұрын өлім жазасына мараторий жарияладық, міне, жабайы миграцияны заңдастырдық, енді дүниежүзінің нағыз көкшулан қылмыскерлері осылай қарай ағылмасын де- ңіз...


Қалай дегенмен де, әлеуметтің ең басты қаупі – шетелдік болсын, отандық болсын кәсіпорындар арзан жұмыс күшіне құнығып, жергілікті мамандар қаңғып қала ма деген үрей. Үрейленбеңдер дейін десең, осы шараның алғы шарттары қазірден бастап жасалып жатыр. Алпауыттар арзан жұмыс күшіне үсті-үстіне тапсырыс беріп, алақандарын ысқылап от- ыр. Мысалы, Теміртаудағы «Миттал СтилТеміртау» акцио- нерлік қоғамының қожайындары қыркүйектің он бесіне дейін жұмыскерлердің өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш беру акциясын жариялауда. Арнайы жоспарланған жүйе бойын-


 


ша, осы уақыт аралығында жұмыстан шығуға өз еркімен өтініш берген еңбеккерге алғыс ретінде 6000 АҚШ долла- рына дейін сыйақы берілетін көрінеді. «Миттал Стил Темір- тау» күні бүгінге дейін әр түрлі құйтырқылықтармен он мың адамды жұмыстан босатыпты. Енді қалған жиырма мың ма- манды арзан жұмыс күшімен алмастырса, қыруар адам қаң- ғып қалмағанда қайтеді? Бара-бара трансұлттық, отандық компаниялардың бәрі осы тәсілге көшсе, әлеуметтік сала- ға орасан ықпал етер түрі бар. Алпауыттардың құдайы енді беретін болды, мигранттарда кәсіподақ деген болмайды, еш- кім жалақымды көтер деп жағын аша алмайды.


Ең өкініштісі, шетелдік арзан жұмыс күшін заңдастырға- нымызбен, ұлттық кадрларды қорғап қалатын бірде-бір өр- кениетті еңбек нарығына сәйкес алғышарттар жасалмаған. Оны айтасыз, көлеңкелі мүлікті заңдастыруда да белгілі бір жүйе жоқ. Тек салық түссе болды деген ыңғайда жасалған науқандық шара тәрізді. Өз халқының көңіліне қарайтын басқа бір мемлекет болса «әлеуметтің терісін теспей сор- ғандарың жетер, арам мүлікті заңдастырудың алды-арты осы» деп бір-ақ қайырар еді ғой. Ал, біздің үкімет олай деп айт- пайды, бейне-бір екі-үш жылдан кейін осы итырғылжың қай- та жалғасатын сияқты. Бір ғажабы, көлеңкелі мүлікті заңдас- тыру басталғаннан бері жуан-жуандар алдарында қақпан жатқандай, салық комитетіне жоламай қойды. Тек осы шара басталғаннан бері 1,2 миллион теңгенің мүлкі заңдастырыл- ды. Үстіміздегі жылғы 9 тамызда Қаржы министрлігіне қа- расты Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов былай дейді: «Көлеңкелі мүліктің үштен бірі заңдастырылғанның өзінде қазынаға 2,4 миллиард теңге қаржы түсер еді».


Айтуға оңай болғанымен, осыншама қаржыны солқ еткізіп құя салатын алпауыттар да ақымақ емес. Заңдастыру ереже- лері де оңып тұрған жоқ. Мүлік, нысан, кәсіпорындардың құнын қожайынның өзі анықтамақ. Кім-кімде болса өзінің заңсыз дүниесін мұрнынан тізіп, шын бағасын жария қыла- ды дейсің. Түбінде мол қаржыдан дәметкен, заңдастыруды депутаттарға қылқындырып отырып қабылдатқан үкімет жер шұқып қалмасын деңіз...


 


Әлеумет тағы бір шошып отырған алапес – қоғамды жай- лаған сыбайлас жемқорлық. Осы жеті басты жалмауызбен Қа- зақстан Үкіметі тәуелсіздік алғаннан бері аяусыз күрес жүр- гізіп келеді. Әлгі тажалмен күресетін тұтас комитет пен мем- лекеттік комиссия да құрылды. Бірақ...


Ақыры осыдан үш жыл бүрын «Известия – Казахстан» га- зетіне берген сұхбатында бұрынғы Ішкі істер министрі Зау- ытбек Тұрысбеков: «Малайзия мемлекетінің тәжірибесіне сү- йеніп, параны, жемқорлықты заңдастырмаса болмайтын шы- ғар», – деп ағынан жарылған болатын.


Ойлап қараған адамға сыбайлас жемқорлықтың мемлекет қазынасына тигізетін залалы ештеңе емес, осы бір улы әре- кетпен ауызданған жаңа толқынды тәрбиелеп қана қоймай, бүкіл қоғамды ірітіп-шірітіп, мемлекет іргесін шайқалтатыны айтпаса да түсінікті.


Ұлы Петрге оның замандасы Татищев былай деген екен:


«Сен күшті мемлекет құрдың, бірақ ол ешқашан бай болмай- ды. Себебі, ең төменнен бастап, ең жоғарыға дейін барлығы ұрлайды және әлсізді үптеп кеткенді қалап тұрады».


Міне, Ресейді күні бүгінге дейін қан қақсатып отырған осынау Татищев айтқан қылықтар мен құлықтар емес пе екен? Иә, бүгінде Қазақстандағы  байлар  мен  кедейлердің  ара- сы алшақтағаны былай тұрсын, ырсиып барады. Меншіктік бөліністер бір халықты тас-талқан қылуға айналды. Қазір еліміздегі бай мен кедейлердің Отаны бір болғанымен, жү- ретін көшелері бөлек, баратын дүкендері, мектептері басқа. Тіпті өмірлік мақсаттары мен тілектері де ала-құла. Бұларды біріктіретін тек мола дерсіз. Алайда, байлардың кедейлерден бөлек «VIP – зираттары» пайда болды. Сонда бұлардың жолы екі дүниеде де тоғыспайтыны анық болып тұр ғой! Осы бай- лар көріпкел Ванганың: «Жаратқаннан көп сұрап, көп алмаң- дар, ертең қайтаруы қиын болады» деген салмағы зілбатпан


ескертпесін құлақтарына ілмейтіні қайран қалдырады...


Қалай дегенмен де, сыбайлас жемқорлық жайлаған мем- лекетке ешқашан шыр бітпейді. Көрші Қытай мемлекеті аз ғана жылда ұлттық алтын-алмас қоры 850 миллиард доллар- ға жетіп, әлемнің жетекші елдерінің бәрін басып озып, бай- лықтан қалай ықылық ата қалды. Оның бір себебі – сыбай-


 


лас жемқорлықтың тамырына түбегейлі балта шабуда жатыр. Қытайдың бас аудиторы Ли Цзиньхуа өз қызметкерлерімен тізе қосып, жанкешті күрес жүргізе отырып, 15 мың шенеунік- тің қылмысын ашып, ішіп-жеп қойған қаржыларының соқыр тиынына дейін есептеп, мойындарына қойып, 36 миллион долларды мемлекет қазынасына қайтарды. Бұл оқиға Қытай- да ерекше сілкініс туғызды. Ал, осындай қыруар қаржыны біздің бір ғана шенеунік құлқынына құйып алып, шетел асып жоғалады. Солардың біреуінің қайтарылғанын естігеніңіз бар ма?


Бір өкініштісі, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- ті аяғына дейін жеткізетін қапысыз дайындалған механизм жоқ. Бәрі қайнаған сүт көбігіндей тасқындап көтеріледі де, ақырын-ақырын сабасына түседі.


Өткенде ғана пара алумен қолға түскен Салық комитетінің шенеунігінің үйін тінткенде табылған дүниеден халық «аһ» ұрған жоқ па? Ал, осы саланың генералдарында не барын кім білген? Үстіміздегі жылғы маусым айының басында ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің азаматтар- ды төлқұжатпен қамту бөлімінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық тобы әшкереленді. Тергеу-тексеру амалдары ба- рысында бөлім бастығының үйінен 7 миллиардтан астам тең- ге, 207 мың АҚШ доллары және 15 мың евро, бұған қоса «То- йота-Прадо», «Ниссан Экстрел» маркалы екі джип, басқа да аса қымбат 52 түрлі алтын бұйымдар мен алуан түрлі есеп- қисап құжаттары тәркіленді. ҚР ҰҚК-нің қызметкерлерінің айтуынша, Әділет министрлігінің бірнеше шенеуніктері топ- тасқан бұл қылмыстық топ төлқұжаттарды өте қысқа мерзім ішінде әзірлеп, азаматтардан көп мөлшерде пара алуды әдетке айналдырған. Қазір бұлардың 200-ден астам заңсыз құжат әзірлегені анықталып отыр. Осылардың ішінде қаншама шет- елдіктің төлқұжат алғанын кім білсін?


Тағы бір ойланарлық жайт, сыртқы қарыздың шамадан тыс артып кетуі. Өткен жылдың соңында еліміздің сыртқы жиын- тық қарызы 41,5 миллиард долларды құраған. Осы орайда банктер Қазақстанның әлемдегі жоғары рейтингін пайдала- нып, несиені өкіртіп ала берген. Және оларды келесі бір мем- лекетке аударып отырған. Кейбір сарапшылардың пікірінше,


 


соңғы айларда АТФ банк шетелдік несие желілерінен 10 мил- лиард доллар, Казкоммерцбанк – 150 миллион, Тұран Әлем – 75 миллион доллар қарыз алған.


Қазақстан Даму институтының директоры Мағбат Спа- новтың айтуынша, қазіргі кезде 40 миллиардтан астам сыртқы қарызымыз болса, ІЖӨ осы 40 миллиард доллардан сәл ға- на жоғары. Бұл мемлекетке төніп тұрған тікелей қауіптің дә- лелі. Кенеттен қарыз берген елдер қаржысын қайтаруды та- лап ететіндей жағдай бола қалса, Қазақстанға 2-3 жыл сол мемлекеттердің бодауында тегін жұмыс істеуге тура келмей ме?


Үшінші бір әлеуметті титықтатқан мәселе – жанар-жағар- май бағасының жиын-терін уақытында көкке шапшып шыға келуі. Бұл тәуелсіздік алғаннан бері Үкіметтің бас сақинасы- на айналып келеді. Бір ғажабы, жанар-жағармай қымбаттаса болды, бүкіл коммуналдық төлем, азық-түлік бағасы шырқай жөнеледі. Сонда бұл шешімі табылмайтын аса күрделі мәселе ме?


Олжас Сүлейменов бір әңгімесінде («Мегаполис». 17.IV. 2004 жыл) былай дейді: «Мен Иранның базарына да бар- дым. Бір қап ұн қанша тұрады? 265 тұман. Бұл – 1 доллар. Ұнның – негізгі азықтың бағасына қалған азық-түлік бағасы орайластырылған. Май құю бекетіне де соқтым. Бір бак бен- зин – 60 литр. Ол да 265 тұман. Бұл сияқты халықтық тауар- ларға мемлекет субсидия береді. Және ең қаталдығы – бағаны өсіруге болмайды. Ал, орташа жұмысшы қанша жалақы ала- ды? 100 доллар. Сондықтан оларда бірде-бір қайыршы жоқ. Арақ ішілмейді. Ислам, мәселен, банктің өсім алуына тый- ым салады. Банктен қарыз алдың ба – сол алған ақшаңды ғана қайтарасың. Өсім жоқ, қашаннан солай...»


Ендеше, бізге де осы Иран тәжірибесін неге енгізбеске?


Халқымыз әлгі елден төрт есе аз және байлығымыз да одан, Құдайға шүкір, кенде емес қой.


«Кедейшіліктен өлімнің иісі шығады» деген екен бір дана. Сингапурдың бұрынғы Премьер-министр Ли Куан-Ю: «Елдің көпшілік бөлігі орташа деңгейге теңелмейінше, мемлекетте демократия болуы мүмкін емес», – деген екен.


Қашан да заңы мен дәрігері жұмыс істемейтін елде өмір


 


сүру оңайға соқпайды. Бізде адам өлтіріп немесе есірткі са- тып 18 жылға сотталғандардың 1-ақ жылда түрмеден шығып жүре беруі түк емес. Мысалы, «Алматыгорстройдың» бұрын- ғы басшысы Мильграмды өлтіруге тапсырыс берген, арты- нан 15 жылға қатаң режимге сотталған Валентин Ли мерзі- мінің жартысын да өтемей, Алматыда мемлекеттік номері А430 СЕМ джипімен ызғытып жүрген көрінеді. («Время», 3.08.2006 ж.). Мұндай заңды белден басқан «сойқандарды» көрген халық не ойлайды? Бұрын бізде миллиардтаған тең- ге игерілмей немесе бөлінген жеріне жетпей жатқанына таң- қалушы едік. Сөйтсек, Есеп комитетіндегілер анықтағанын- дай, банк немесе компаниялар мемлекеттік бағдарламаға орай деп Үкіметтен қыруар қаржы бөлдіріп алады да, оны тап бір әкесінің ақшасындай депозиттік есеп-шотқа салып қоятын ауру шығыпты. Бұл қылмыс емей немене?


Кездейсоқ табысты талғажау етіп жүрген жұмыссыздар, кедейшіліктің қамытын киген қарттар мен мүгедектер, құр- ғақшылыққа қарсы қолданар шарасы жоқ ауылдықтар, ау- ру сәбиі үшін жанұшырған ана осы бір тамбайтын қысыр бұлттай депозиттегі ақшадан дәметіп жүрді-ау!


Осындай бей-берекетсіздік туралы әйгілі заңгер Салық Зи- манов («Айқын», 4.08.2006 ж.») былай дейді: «Бүгінгі Пар- ламент бақылау құқығынан жұрдай десе де болады. Респуб- ликалық бюджетті Парламент бекітсе де, оның орындалу құқығын бақылау механизмдері Парламентке берілмеген. Бұл дәрменсіздік емей немене? Тіпті республикалық бюджеттің орындалуын бақылайтын  Есеп  комитеті  де  Парламент- тен тыс, оған бағынышты емес. Жауап беруге келген ми- нистрлердің, олардың орынбасарларының ақпараттарын тер- геу мүмкіншілігі Парламентте жоқ».


Тежеу көрмей, әбден көбеңсіп кеткен әлгі бей-берекет- сіздіктердің түп-төркіні осындай.


Бірақ бұған мән беріп жатқан Үкімет жоқ. Оның бар бі- лері, мемлекеттік қызметкерлердің санын көбейтіп, айлық жалақысын өсіре беру. Бүгінде елімізде 102 мың үлкенді-кі- шілі шенеунік бар. Олардың саны 2004 жылы – 4000, 2005 жылы – 7900 адамға артып отыр.


Қалай дегенмен де, қазіргі сәтте әлемнің назары Қазақ-


 


станда. Неге дейсіз ғой? Өйткені дүниежүзіндегі ең қымбат көлікті біздің алпауыттар сатып алады. Жақында кім екені белгісіз, Алматыда ақшамен самаурын қайнатқан бір шон- жар әлемдегі ең қымбат ROLLS-ROYCE PHANTOM көлігін иеленді. Күні бүгінге дейін бағасы да құпия күйінде қалып от- ыр. Ресей өз миллиардерлерінің бүкіл байлығын, шетелдер- дегі мүлкін, отбасы, құда-жекжаттарына дейін жариялады. Ал, біздегінің, әйтеуір, бәрі құпия...


Маусым айының аяғында әйгілі бір алпауыттың туған кү- ніне орай Алматыға американдық жезтаңдай әнші Акон кел- ді. Тіпті Мәскеу қалталылары келтіре алмаған әншіні үш ап- та үгіттеп, әрең көндірген біздің шонжарлар да мықты-ау! Әб- ден кергіп, айтқанын істеткен әнші гонорарға көміліп қалған- ға ұқсайды.


Бір жағы үңірейіп жатса да, атақ шығаруға келгенде құй- рық тігіп, қара үзіп кететін жәреуке шүлендігіміз қашан қалар екен осы?


Ертеңін ойлайтын ақылды, үнемшіл елдер мұндай дарақы- лыққа өлсе де аяғын аттап баспайды. Бір контейнер жапондық компьютерлерге 400 вагон Екібастұз көмірін беріп отырған бізге не шара?


Осыдан кейін бәсекеге төтеп беріп көр...


«Қазақ әдебиеті», 18.08.2006 ж.





Пікір жазу