28.02.2022
  132


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

«әлемдік эфирдің» әлегі

 


Қазақстанның бірінші мұнай кәсіпшілігі 1911 жылы сә- уірдің 29-ында Доссорда ашылды. Осында биіктігі 25 метр- лік күшті мұнай бұрқағы атқылады. Содан бері 6,5 милли- он тоннаға жуық мұнай өндіріліпті. Доссор мұнайына сапа- сы жағынан тек Америкадағы Пенсильвания мұнайы ғана шендесе алатын еді. Кезінде В.Чкалов та Америкаға Сол- түстік мұзды мұхит арқылы бірінші рет ұшқанда осы До- ссор мұнайын пайдаланған болатын. Өйткені, бұл майдың ең төменгі салқындықта да қатпайтыны белгілі. Мұнайдың қара шаңырағы – Доссорға өздерінің бай іс-тәжірибесін, бі- лімін жұмсап, бүкіл ғұмырын сарп еткен абзал азаматтар аз емес, бүгінде олардың көбі бұ дүниеде жоқ. Қазір солардың орнын басқан шетел инвесторлары Қазақстан мұнайын ра- қымсыздықпен, өте жабайы әдіспен өндіреді. Жеңіл жолмен арзанға түсетін мұнайды алады да, оның орнын шала-шарпы толтырады, ал қаражат керек ететін қосалқы газды «пұл бол- маса, күл болсын» деп өртеп жібереді. Елге отын, жылу, жарық, электр қуаты жетпей жатқанда, бұл нағыз қаскөйлік емей немене?


«Алынған мұнайдың орнын шала-шарпы толтырып ке- теді» дегеннен шығады, биылғы жылғы маусым айының ба- сында Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданындағы


«Қазақмыс» корпорациясына қарайтын «Новая» шахтасы- ның төңірегінде сұмдық оқиға болды. Көзді ашып-жұмғанша диаметрі 80 метр, тереңдігі 40 метр ғаламат шұңқыр пай- да болып, жол үстінде кетіп бара жатқан УАЗ автокөлігі де әлгі аранның ішінде кетті. Ернеуі сетіней құлаған алып апан- ның ішінде қалған адамдардың біреуі қаза болып, қалған- дарын жұрт әупірімдеп құтқарып алды. Бұл апат жергілікті халықтық зәресін ұшырды. Жер астының кенін түгін қал- дырмай жалап-жұқтап алып, орнын дұрыс толтырмай кет- кен кінәсін сезген болуы керек «Қазақмыс» басшылары өлген адамның отбасына көмектесіп, жараланғандарға дәрі-дәрмек алып беріп, жандары қалмады. Іле-шала «бұл апаттың жай- жапсарын арнайы құрылған мемлекеттік комиссия таяу ара- да анықтайды» деп баспасөзде жарияланды да. Ел іші әлгі


 


комиссияның жұмысынан, қорытындысынан әлі бейхабар. Шынында да түк бітірмейтін, қыруар қаржы шығындайтын осындай біліксіз, құнсыз комиссиялардың қажеті қанша? Әл- де бұл комиссия үкіметтің тапсырмасымен «Қазақмыстың» артын ашпау үшін үндемей қалды ма екен?


Ал, бетін әрмен қылсын, бірақ осындай алып қазаншұң- қырлар Мақат пен Доссорда пайда болса, не істемекпіз? Со- нау  «Қарашүңгілден»  бастап  есептегенде  Қазақстан  та- яу арада 1 миллиард тонна мұнайын өндіргелі отыр. Ал осы байлықтың денін берген – Мақат, Доссор, Ембінің мұнай- шылары. 1915 жылдары осы өңірде мұнай өндірген әлгі шет- елдік алпауыттың «әй, қазір алтынмен апталып қалды-ау» деген өңіріне көз салып қарайықшы. Атырау-Құлсары кө- лік жолы тура бомба түскендей аянышты халде. Күні кеше ғана Доссор мен Мақаттың 90 жылдығы кезінде осы екі елді мекендегі тозығы жеткен қыруар үй нөсер жауынға шыда- май жермен-жексен болды. Әлгі нөсер, жергілікті халықтың пікірінше, кездейсоқ нәрсе емес. Кезінде Д.Менделеев жер- дегі зұлымдықтарға тиісінше жауап қайтарып отыратын ға- рыштық «әлемдік эфирдің» бар екені туралы егжей-тегжейлі айтқан болатын. Ендеше бұл да осы өңірдің бар шырынын сорып алып, апатты аймақта тырбанып, нәпақасын айырып жүрген қаймана қазаққа шыр бітірмей отырған қорқауларға деген Алла Тағаланың көрсеткен бір қыры немесе ескертуі тәрізді.


Иә, «Өзеннің басындағылар су ішеді, аяғындағылар у іше- ді» деген мақал дәл біздің бүгінгі мұнай саласына қаратып айтылғандай. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағы тә- жірибесіздігімізді, шалағай келісімдер мен солақай шешім- дерімізді түзейтін кезең енді келді. Алайда «ұзын арқан, кең тұсауға» үйреніп қалған, әбден көбеңсіп кеткен шетелдік ин- весторлар біздің заңнамаға пысқырып та қарайтын емес. Мамандардың есептеуінше, әлемде қазір 63 мыңнан астам трансұлттық компания бар көрінеді және олардың 700 мың- дай филиалы жер шарын өрмекшінің торындай шырмап тас- таған (2004 жылғы мәлімет). Біздегі мұнай саласы да осы торға түскен шыбын тәріздес.


 





Пікір жазу