28.02.2022
  151


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ТЕНДЕР ДЕгЕН ЖАу ШыҚТы...

Соңғы кезде еліміздің экономикасында біршама тұрақ- тылық байқалды, көңіл жұбатарлық нәтижелерге қол жетті, өнеркәсіп қарқыны және ішкі өнім мөлшері артты.


Шынында да мемлекетаралық экономикалық қатынастар- да жас елдердің тиісті орын алуы бір жылдық іс емес. Ғасыр мұрасына байыпты көзқарас әлемде бірте-бірте орнығады. Дүниежүзілік трансұлттық компаниялардың іс-әрекетін, тәр- тібін, салық төлемдерін реттейтін шаралар да ойластырылып жатыр. Бір кезде У.Черчилль: «Апанды екі басып өтуге бол- майды, ішіне түсіп кетесің», деп еді. Он жылда жіберілген қателер мен сәтсіздіктерді ой елегінен өткізіп, сүрінбестей нақты қадамдар жасау қажеттігін енді түсіне бастадық.


 


Қай уақытта да ел мен қоғам тағдыры, оған жол көрсетіп отыратын және оның атынан билік жүргізетін игі-жақсы- лардың шешімдеріне байланысты болады. Оның үстіне Жа- ратқан иеміз біздің жерімізді бай шикізат қорынан және ин- теллектуалды адамдар ресурстарынан кенде қалдырмапты. Ендігі барлық мақсат осы интеллектуалды адамдардың ақыл- ой, күш-қуатына арқа сүйеу болмақ. Өйткені, үнемі шикізат сату мемлекетті күйреу жолына түсіреді, ақыл-ой, озық тех- нология, ми сататын заман келді.


Мемлекет меншігіндегі мүліктің одан әрі азая түсуі ел эко- номикасына орны толмас зиян келтіріп, меншікке таласудың жаңа қылмыстық толқындарын туғызып, экономиканы бас- қарудың мемлекеттік тетігі тіпті, Үкімет қолынан сусып кетуі де мүмкін.


Бұдан сегіз жыл бұрын ел экономикасы ақсап, тіпті қала- лардағы тұрғын үйлерді жылытудың өзі шешуі қиын мәсе- леге айналған тұста сол кездегі Үкімет басшылары Шығыс Қазақстан өңіріндегі энергетикалық қуат көздерін американ- дық AES компаниясының қарамағына берген екен. Бүгінде осы компанияның келісім-шарт талаптарын орындай бермей- тіні, көп жағдайда біздің елдің экономикалық мүддесіне сәй- кес келмейтін саясат жүргізетіні мәлім болды. AES компани- ясы былтырдың өзінде тапқан пайдасын жасырып, бюджетке 9 миллиард теңге салықты төлемеген. Оның үстіне әлгі ком- пания осы өңірдегі төрт жылу-электр орталығын небәрі 2,5 миллион долларға, ал Екібастұздағы ГРЭС-1-ді бар болғаны 100 миллион теңгеге сатып алған. Бір өкініштісі, ГРЭС-1-дің аукциондағы бастапқы бағасы 230 миллиард теңге болатын. («Ақжол-Қазақстан» №17, 25.04.2003 ж.) Осы алып кешенді 2000 еседен астам арзанға беретіндей не басымызға күн туды? Бұл адал адамды ауруға ұшырататын аса ауыр қылмыс қой. Жалпы, қазір тендер, аукцион дегендеріңіз маман ға- лымдар мен білікті экономистердің ұйғарымымен емес, ба- қай есептің яғни, ат төбеліндей аз ғана топтың жасырын шешімімен жүзеге асып жатады.


Мысалы, үш жыл бұрын «Қазақстан алюминийі» сатылып кетті.


Осыған байланысты Президенттің экономика жөніндегі


 


көмекшісі Ораз Жандосов былай дейді: «Мен пікірімді өз- гертпейтін адаммын. Шындығында қазір мұндай кәсіп- орындарды сату – ақымақтық іс. Өйткені, бұлар – нақты құны анықталмаған кәсіпорындар. Ал, 31 пайыз акциялар пакетін 21 миллион долларға бағалау – өте төмен құн. Біз


«Қазақстан алюминийін» сата отырып, бокситті кен ор- нын қоса сатқанымызды ұмытпауымыз керек». («Ақжол- Қазақстан» №17, 25.04.2003 ж.)


Ал, осыны мемлекет мүддесін ойлай отырып жасалған іс деуге кімнің ауызы барады?


Тағы бір ерекше тоқтала кететін жайт – Жезқазғандағы


«Қазақмыс» корпорациясы жылына 130 миллиард теңге та- быс түсірсе, содан тек 10 миллиард теңге салық төлейді. Ал, соңғы уақытта мыстың әлемдік бағасы көтеріліп келеді. Біз


«Самсунг» компаниясының өзі жұмыс істеген алты жылдың ішінде бес жүз миллион доллар инвестиция жасағанын, де- мек күрделі қаржы қосқанын қуана айтамыз. Ал, сол бес жылдың ішінде әлгі компанияның тәуелсіз сарапшылар анық- тағанындай, 15 миллиард доллар пайда тапқанын неге айт- паймыз? Бұл дегеніңіз еліміздің алтын-алмас қорынан 4 есе артық қыруар қаржы ғой! Сонда 15 миллиард доллардан 500 миллион бөлгені былайша айтқанда, садақа емес пе? Осы трансұлттық компаниялар әлгі ғаламат қаржыны былайғы жұрттан жасыру үшін анда-санда қайырымдылық шарала- рын жасауды да ұмытпайды. Мысалы, «Қазақмыстың» өт- кен жылы Бас мүфтиіміз Әбсаттар Дербісәліге «Мерседес» жеңіл көлігін сыйлағанын бүкіл басылымдар жарыса жазды. Ал, шындығына келсек, «Қазақмыс» басшылығы жергілікті жұмысшыларды теспей сорып отырғанын, кәсіпорындарда талай жөнсіздіктердің балалап жатқанына көз жеткізуге бо- лар еді. Өкінішке орай, «Қазақмыс» корпорациясындағы кісі өлімі азаяр емес. Құрбан болған 423 адамның үштен бір бөлігі осы компанияның еншісінде. Және 1556 адам жарақат алған. Тіпті, осы «Қазақмыс» корпорациясындағы адам тағдырына немқұрайды қараушылық, өндіріс апаттарының көптігі, мү- гедек болтан жандарға соқыр тиын төлемейтіндігі Парламент мәжілісінде де сөз болды.


Үстіміздегі жылдың көкек айында Оңтүстік Корей Үкіме-


 


ті Қазақстаннан баратын жұмыс күшіне квотаны көбейткен. Бұған себеп, бұл елдің өз жұмысшылары лас, қиын жұмыс- тарға 800-900 доллар төленетініне және ондай жерлерде дұ- рыс жағдай жасалмайтынына наразы болып, мұндай жерлер- де жұмыс істеуден бас тартқан. Міне, корейлер өз елінде қа- лай-қалай шіренеді? Ал, біздің байғұс жұмысшылардың 800- 900 доллар айлық дегеніңіз түсіне кірмейтін байлық қой! Осындай шетелге нәпақа іздеп кеткендердің өзі емес, мәйі- ті келіп жатқан жағдайлар да бар. Ал, кетпейін десе, өз ата- мекенінде «Қазақмыстың» істеп отырғаны мынау!


Алматының іргесіне жергілікті халықты, көрші Қырғыз- стан, Өзбекстан, Қарақалпақстаннан жұмыс іздеп келгендер- ді қанаудың әлемдік рекорды жаңартып «Филип Моррис Қа- зақстан» деген алпауыт жайғасқан. Қазақстан оған нағыз жұ- маққа айналды.


Әлемнің 30 мемлекеті бұларды ит қосып қуғасын, ақыры жылыстай-жылыстай келіп, елімізге көшпестей боп орнықты. Бұл компанияның табысы «Қазақмыстан» да асып түседі дей- ді тәуелсіз экономистер. «Филип Моррис» асқан аярлықпен балаларға темекі тартпау жөнінде анда-санда акциялар өткі- зіп қояды. Ал, «Көкбазарға» кіре қалсаңыз осы компанияның темекісін соңыңнан қалмай тегін таратып жүрген 14-15 жас- тағы қазақтың жасөспірімдерін көрер едіңіз. Міне, осыдай күннен-күнге еліміздің көгенкөздерін темекімен ауыздан- дырып, «Филип Моррис» бизнесін гүрілдетіп отыр. Жақында Парламент көшеде, қоғамдық орындарда шылым шекпеу ту- ралы заңды бекітті. Соны қазір кім орындап жатыр? Көше біткен аткөпір темекі тұқылы. Осыны көріп «Филип Моррис» компаниясындағылар: «Е, сенің заңыңның әуселесін көрдік» деп миығынан күлген болар. Әңгіменің түп негізі жымысқы жолмен өтетін тендер аукционнан шығып кетті-ау!


Қайсы бірін айтарсың, еліміздің шаңырағын ұстап тұрған уықтардай әйгілі кәсіпорындардың су тегінге сатылып кетуі бір мұнымен бітпейді. Кезінде «ЭйрҚазақстанды» болма- шы қаржыға біреуге бере салдық. Енді қайтадан соны сатып алуға әрекет етіп жатырмыз. Биылғы бюджеттен сол үшін миллиондаған теңге бөлінді. Қазір Үкімет «Қазтелекомның» да акциясын қайтара сатып аламыз деп отыр. Япырмау, сон-


 


да бұлардың қызығын кім көріп келген деген сауал өз-өзінен туындамай ма? Мысалы, Алматының АПК-сын 5 миллион долларға Бельгия кәсіпкерлері сатып алды. Сөйтіп, 4-5 жыл- дай пайдасын көріп, кәсіпорынның бір тетігін жаңартпай, әбден жебей сауып, армансыз байығаннан кейін кетерде Үкі- метке тағы да 20 есе бағаға, яғни, 100 миллион долларға са- тып кетті. Міне, осындай «баланың ойыны, бақсының жы- ны» сияқты саудалар бізде жетіп артылады. Мынадай күйрей ұтылыс, зиянкес алыс-берістен кейін әлеуметке қайтіп шыр бітпек?!


Ал, мұнай саласындағы ханталапай мынадай: «Шымке- нтнефтеоргсинтез» АҚ-ы акцияларының 90 пайызы «Ви- тол Мұнай» (Швейцария) фирмасына сатылып кетсе, «Юж- нефтегаз» АҚ акцияларының 90 пайызы – «Харрикейн-Құм- кел ЛТД» (Канада) фирмасына, «Ақтөбемұнайгаз» АҚ ак- цияларының 60 пайызы Қытай Ұлттық мұнайгаз корпораци- ясына, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акцияларының 60 пайы- зы Индонезияның «Сентрал Ижа ЛТД Петрол» компаниясы- на, «Қаражамбас мұнай» АҚ акцияларының 95 пайызы «Три- тон» (Канада) фирмасына сатылған. Сондай-ақ, Павлодар мұнай өңдеу зауыты «CCL» (Ресей-Швейцария) фирмасы- на концессияға берілген. Тіпті оны айтасыз, Каспий құбыры консорциумындағы алғашында бізге тиесілі болған 19 пай- ыз үлестің 10 пайыз акциясы тағы да сатылып кетуін қалай түсіндіруге болады?


Күні кеше ғана «Қазақстан темір жолының» бүкіл мүкә- малын екі шетелдік фирма сатып алды. Фирманың аты-жөні әлі құпия ұсталып отыр. 6500 вагон, 691 жүк вагондары, 700 цементасығыш, №16 Екібастұз вагон депосы, «Железоруд- ник» вагон жөндеу депосы елгі екі фирманың қанжығасында кетті. Ең өкініштісі, әрбіреуі 25 мың доллар тұратын вагон- дардың бар болғаны 2600 долларға сатылғандығы. «Қазақ- стан Темір жолы» мемлекеттік кәсіпорнының мүлкін сатуға арналған тендер құжаттары 2003 жылдың 13 ақпанында бе- кітілсе, «Казахстанская правда» газетінің 2003 жылғы 14 жә- не 18 ақпанындағы сандарында хабарландыру жарияланды. Мүліктерді сату мәселесі 10 күн ішнде апаш-құпаш ұйымдастырылуы неліктен? Сатылатын мүліктер арнайы екі лотқа бөлініп, тиісті жеңілдіктер берілуі қалай?


Иә, көкейде сұрақ көп. Бірақ осыған мардымды жауап алу қиынның қиыны. Бүгінде көпшілік тендер, аукцион десе шо- шитын болды. Оның астарында үңірейген аран, шошымай қайтсін.


«Өзеннің басындағылар су ішеді, аяғындағылар у ішеді» деген мақал дәл біздің бүгінгі өмірімізге қарап айтылғандай. Суды тазалау үшін басынан бастап тұндырған абзал. Айтуға оңай болғанмен, оны демде тазалау да  оңай  емес.  Жыл- дар бойы жинақталған шірінді, қоқыс арна табанына жабы- сып алып, шамалы ағысқа күш бере ме? Бұған тек сұрапыл өзендердің арнасын күшпен бұрып, Авгейдің ат қорасын әп- сәтте тазалап берген құдіретті Геркулес сияқты диюлар қажет. Алайда, Елбасы мен Үкімет күш біріктіріп, қоғамымызды жайлап кеткен құлқыны кең қолтырауындарға қарсы майдан ашуы – көпшіліктің ертеңге деген сенімін орнықтырады.


«Ана тілі», 12.06.2003 ж.





Пікір жазу