28.02.2022
  227


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ДүНИЕЖүЗіЛік САуДА ҰйыМы ЖәНЕ ҚАЗАҚСТАН

Соңғы үш ғасырда Шығыс пен Батыстың қайсысы озық, кім-кімнен үйренген, болашақ кімнің қолында деген сияқты сауалдар мен оның түрлі жауаптары бас көтерді. Батыстық өркениеттің алға жылжып кеткені, солай жалғаса беретіні ба- са айтылады. Шындығында, Шығыс бірте-бірте Батысты қам- тамасыз ететін плацдармға айналып бара жатқандай. Үсті- міздегі жылғы шілде айының аяғында еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру талабына орай ұйымдастырылған кон- ференция өз жұмысын аяқтады. Бұл шараға мұрындық бол- ғандар – Қазақстан Жұмыс берушілер конфедерациясы мен АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі – ЮСАЙД екені белгілі.


Конференция жұмысына қазақстандық ірі өндірісшілер мен түрлі аймақтардан келген кәсіпкерлер және АҚШ, Чехия, Қырғызстан тәрізді БСҰ-ға мүше елдердің алты халықаралық сарапшылары қатысты. Тәуелсіз мемлекетіміз үшін аса зор маңызы бар бұл басқосу барысында Бүкілдүниежүзілік сау- да ұйымына кірудің артықшылықтары мен кемшіліктері сөз болып, еліміздің осы ұйым құрамына қосылуына қатысты атқарылуға тиісті заңдық шаралар қарастырылды. Осыған орай Жұмыс берушілер конфедерациясы Қазақстанның БСҰ- ға кіру процесін кәсіпкерлер тарапынан үйлестіріп, аймақ- тардан түсетін бизнес-ақпараттарды талдауға арналған бір- ыңғай орталық құру жөнінде ұсыныс жасады. Егер, бұл ұсы- ныс жүзеге асып жатса, әлгі ақпарат орталығының аумағында мемлекетке де, шағын және орта бизнеске де тиімді біртұтас сауда саясатының қалыптасатыны даусыз деген пікірлер ай- тылып қалды. Орталық құрудың да түпкі мақсаты осында болса керек.


Жіті бақылаған адам халықаралық экономика ұлттық эко- номикалардың жай ғана жиынтығы емес, ол барған сайын өзара үйлестірілген, өзара тәуелді жүйеге – жаһандық эконо- микаға айналып бара жатқандығына көз жеткізер еді. Жаһан- данудың негізін нақ осы ұлттық экономикаларды интерна- ционализациялау процесі мен халықаралық саудадағы құры-


 


лымдық өзгерістер құрады. Мүның соңғысы капиталдың, та- уарлар мен қызметтердің жұмыс күшінің жылжуына барған сайын көбірек еркіндік берілуін талап етуде. Ғаламдану ха- лықаралық сауданы ырықтандыру, ұлттық рыноктарды ашық ету процестерінен көрініс тапты. Қазірдің өзінде әлемдік сау- даның қарқыны әлемдік экономика қарқынынан үш еседей дерлік алда келеді.


Барлық сауда кедергілерін жою, Бүкіл дүниежүзілік сау- да ұйымы сарапшыларының пікірінше, әлемдік жалпы ішкі өнімнің бұдан да көбірек дәрежеде – 1 триллион 900 милли- ард долларға өсуін қамтамасыз етеді.


Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ұлттық өнді- рістер кезең-кезеңмен жақындасады; кірудің бір сатысынан екіншісіне көтеріледі. Тарихи тұрғыдан алғанда, еркін са- уда принциптеріне құрылған сауда-экономикалық одақтар- дың алғашқысы Еуропалық одақ екені белгілі. Ол Батыс жә- не Орталық Еуропаның халқының саны 370 миллион адам- ды құрайтын 15 елін қамтыды. 1994 жылы Азия – Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығын хаттау аяқталды, осы бірігу негізінде 2020 жылдарға қарай бұл аймақта АҚШ- тың, Жапонияның және күн санап құтыра түскен Қытайдың экономикалық әлуетіне сүйенген әлемдегі аса ірі «еркін сауда аймағы» құрылуы әбден мүмкін.


Қарап отырсаңыз, Еуропа мемлекеттерінде кіру проце- сі бірте-бірте және кезең-кезеңімен жүргенін байқар едіңіз. Мысалы, осы елдер валюта саясатын үйлестіруді 1957 жылы бастап, 15 жыл қапысыз зерттеп, ақыры осы іске 1972 жы- лы кірісті. Ал, ортақ рынок пен тауар, капиталдың еркін жыл- жуын қамтамасыз ететін біртұтас экономикалық кеңістікті құруға бұл елдер 35 жыл ғұмырын сарп етіп, ақыры игілікке қолдары 1992 жылы ғана жетті. Ұжымдық ақша өлшемі – еу- ро болатын ортақ экономикалық және валюта-қаржы саяса- тын ұстанған валюталық одақ құруға Еуропалық одақ 1999 жылы ойысты. Ұзақ жылғы мігірсіз талпыныс, құмырсқа бейнет өз нәтижесін бермей қоя ма, міне, ақыры әлемге үс- темдік жүргізген доллардың өзінің тынысын тарылтып, еуро күн санап үстемдік алып барады.


Бүгінде Қазақстанның БСҰ-ға кіруі еліміздің көптеген са-


 


рапшыларын тығырыққа тіреп отыр. Өйткені, әлемдік рынок- та өзінің белгілі бір меншіктеп алған саласы немесе техно- логиясы жоқ Қазақстан 145 мемлекет топтасқан осы алпау- ыт ұйымның небір құйтырқы жарғыларына бағынып, жарна төлеп, бұйдасын біреуге беріп қоюдан басқа не таппақ?


80 жылдардан бастап әл жинап, он жыл ішінде әбден ке- меліне келіп, шиыршық атқан Қытай айдаһары жымысқылы- ғы көп БСҰ сияқты алпауыт ұйымға мүше болуға табаны күректей 14 жыл бойы дайындалыпты. Жақында Қытайдың БСҰ-ға мүше боп қабылдану салтанатында осы елдің премь- ері бұл қадамның қазір де өздеріне оңай тимей отырғандығын мәлімдеген. Ал, Қытайдың басты басылымы – «Коммунист» газетінің мәлімдеуінше, егер осы ел БСҰ-ға он жыл бұрын мүше болған болса, елдегі жұмыссыздар саны үш есеге дейін өсіп, өндіріс орындары дәл бүгінгідей құлашын жаза алмай, тұралап қалуы әбден мүмкін екен.


Алысқа бармай-ақ 1998 жылғы экономикадағы аласапы- ранды алып қарайық. Міне, осы кезде мұнайға деген бүкіл экспорттық пошлиналар алынып тасталды, оның үстіне эко- номикамызды акциздер топаны басып қалды. Кейіннен ма- мандардың айтуынша, мұндай қолдан жасалған құйтырқы- лықтардан еліміз миллиардтаған теңге зиян шегіпті. Дәл осы қадамға кезінде республика қаржы министрлігі қарсы бо- лып еді, іле-шала БСҰ «біздің құқықтық нормаларымызды бұздыңдар» деп айып тақты. Сол 1998 жылы әлгі мұнайға және тағы да басқа табиғи ресурстарға деген экспорттық пошлиналардың БСҰ-ның қысым көрсетуі арқасында алы- нып тасталуы елімізді тақыршаққа отырғызып кетті. Осы жы- лы республика өз тұрғындарына зейнетақы мен еңбекақыны төлеуге қаржыны қайдан аларын білмей, тығырыққа тірелді. Соған қарағанда, БСҰ сенің өлген-тірілгеніңе, елдегі милли- ондаған жандар қан қақсап жатқанына пысқырып та қара- майтын сияқты. Егер төтелей кетіп, шындығын айтсақ, Бүкіл- дүниежүзілік сауда ұйымы күштінің әлсізді талап жеуінің ізгілендірген, сұрқиялықпен жасалған жымысқы макеті сияқ- ты. Осы ұйымның жарғыларына, құқықтық нормаларына қарап отырсақ, үшінші сортты кедей елге тиімді, оны эконо- микалық ұйықтан сүйреп шығаруға көмектесетін бірде-бір


 


баб жоқ. БСҰ-ның қағидасы мынау: егер теңізге түстің екен, ондағы өмір акулаға да, китке де, шабаққа да ортақ. Тек қапы- сын тауып, тіршілік кеш, әйтпесе майып болуың оп-оңай...


Сөз арасында Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының қашан құрылғанын да айта кетейік. Бұл ұйымның 1994 жылғы 8-желтоқсанда тұсауы кесіліп, өз қызметін 1995 жылдың 1-қаңтарынан бастады. Ол 1947 жылдан 1995 жылға дейін әрекет еткен Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ТАТТ) мұрагері болып табылады. 2002 жылдың басында


145 ел БСҰ-ның толыққұқылы қатысушылары болды, 30- дан астам мемлекет БСҰ-ға кіруге ұмтылыс жасауда. 60 ха- лықаралық ұйым БСҰ жанындағы бақылаушылар мәртебе- сіне ие.


Осы ұйымның бірталай шарттары еліміздің экономикасы- на қарама-қарсы келетіні бүгінде мамандарымыздың мазасын алғаны да шындық.


Негізінен Қазақстан сыртқы сауда құрылымының ерек- шеліктері отандық экономиканың бүкіл шикізат секторы дер- лік тұрақты өткізу рыноктарына ие болуымен, ал шикізаттық емес сектор, ең алдымен оның жекелеген сегменттері түрлі салық және тариф жеңілдіктері ыңғайындағы жанама түр- дегі мемлекеттік қаржыландыру мен қорғаныш шаралары ар- қасында енді-енді көтеріле бастағанын көріп отырмыз. Ай- талық, мемлекеттің мұнай-газ, кен-металлургия құрал-жаб- дықтарын жасау салаларын көбірек қолдауы жағдайында 2000 жылы 50 отандық кәсіпорынды, ал 2001 жылы 200 кә- сіпорынды іске қосып, жүздеген мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген импортты алмастыру сая- саты, турасын айтқанда, БСҰ талаптарына қайшы келеді.


Осы ұйым Қазақстандағы бүкіл мұнай-газ, ауыр өнеркәсіп саласына қажетті құрал-жабдықтарды өзіміз өндірмей, БСҰ- ға мүше елдердің алпауыт компанияларынан сатып алуымыз- ды қалап, және түрлі экономикалық экспансиялармен біз- дің аяғымызды еріксіз тұсаулап, тіпті әрі-беріден кейін мәж- бүрлейтіні де шындық.


Ендеше, Қазақстан БСҰ-ға мүше болып кіргеннің өзінде әлгіндей қоқан-лоққы, алалаушылықтан кейін қалайша тең дәрежелік құқықтық норма сақталмақ?


 


Бірақ, АҚШ Қазақстанның қорқақсоқтамай, қауіптенбей тез арада БСҰ-ға мүше болуын қалап отыр. Ал, ЮСАИД агенттігінің Орта Азия бойынша америкалық директоры Джордж Дикэн былай дейді: «Қазақстанның БСҰ-ға мүше болуы сөз жоқ батыл қадам деп бағалануда. Алайда, осы ұйымның қатал да қытымыр нормаларына шыдай алмай, Қазақстанның алпауыт компаниялардың өңешіне жұтылып кетуін де жоққа шығаруға болмайды».


Міне, бұл емеуріннен нені байқауға болады? Қысқасы, алпауыт державалардың Қазақстанды шырға тартып БСҰ- ға мүше қылудағы басты мақсаты – әлемдік еңбек бөлісінде бүгінде қалыптасқан мемлекетаралық шикізат – дайын бұ- йым қатынасын келешекте де осы деңгейінде сақтау, былай- ша айтқанда қуатты, беделді мемлекеттердің XXI ғасырдағы табиғи шикізатқа деген сұранысын – даму деңгейі төмен, әл- сіз елдердің жеріндегі қазба байлықтардың есебінен өтеу. Де- мек, осыдан-ақ БСҰ-ның бірінші кезекте кімнің мүддесін көз- дейтінін айқын аңғаруға болады.


Қазақстан осы ұйымға кірісімен сыртқы саудада сұраныс- қа ие бола алатындай қандай дайын бұйым шығара алады? Еліміздегі экспорттың басым бөлігін құрайтын шикізат – мұнай, мыс, металл қорытпалары шетелдік компаниялардың меншігінде, олар кімге қандай бағамен сатуды Қазақстан Үкіметімен ақылдаспайды, бәрін өздері шешеді. Халық тұ- тынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіптің жайы белгілі. Енде- ше, осындай ғылыми-технологиялық бәсекелестікке дайын болмай тұрып, еліміздің БСҰ-ға кіруі тек өзін-өзі арандату болмақ дейді кейбір сарапшылар.


«Қазақстан БСҰ-ға кіргеннен кейін отандық тауарлар қа- зіргіден де жойқын бәсекеге тап болады. Бүгінде әлемдегі киім және аяқ киім өндірісінің сегізден бірін иеленіп отырған Қытай Қазақстандық рынокқа еркін кіруге мүмкіндік алған соң отандық жеңіл өнеркәсібімізді біржола тұншықтырып өлтіреді десе де болады. Жалғыз біз емес, бүкіл дүниежүзі, Қытай тауарларының экспансиясына аса алаңдаушылықпен қарауда, олардың жоғары бәсекелестік қабілеті айтарлықтай арзан жұмыс күшімен және бұйымдардың біршама тәуір са- пасымен қамтамасыз етілген. Егер жіті бақылаған адамға, да-


 


мыған елдердің рыноктары жоғары дәрежеде өңделген өнер- кәсіп өнімдерінің жекелеген сегменттері жоғары тарифтік бажбен де, тарифтік емес әдістермен де берік корғалғаны анық байқалады. Мысалы, Еуропалық одақ елдерінде ішкі рыноктың тоқыма бұйымдары мен киімдері, көліктер және бірқатар жоғары технологиялық тауарлар секторы жоғары тарифтік тосқауылдармен бүркелген. Тіпті, АҚШ өзінің өнеркәсіп бұйымдары нарығын қорғау үшін бас айналдырар тарифтерді қолданады.


Ендеше, БСҰ-ға кіру кезіндегі аса маңызды шара «Қазақ- станның сыртқы сауда процесін қорғайтын қажетті механизм- дермен қамтамасыз ету болуы керек», – дейді белгілі эконо- мист Рахман Алшанов. Шындығында да, тиімді механизмнің болмауы республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібінің да- муына барынша кеселін тигізді.


Бір қарағанда, Қазақстан үшін БСҰ-ға мүше болуға еш- қандай кедергілер тосқауыл болмайтын сияқты. Алайда, біз- дің бүкіл экспортымыз шикізаттан тұрады, ол әлемдік ры- нокқа бажсыз шығарылады. Ішкі рыногымыз әлімсақтан бері ашық және шетелдік тауар өндірушілерге тәуелді. Сонда елі- міздің БСҰ-ға кіруі әуелден қалыптасқан ахуалды заңдық тұрғыда хаттау болып шығады екен-ау!


Дегенмен де, ең сорақысы, тауар өндірушілердің Қазақ- станның БСҰ-ға кіруінің шарттарын талқылаудан тысқары калуы алаңдатады. Шынында да бұл отандық кәсіпкерлердің жанкешті әрекетіне қазірден бастап тыйым салу ғой. Әсіресе, БСҰ, Еуропалық одақ елдеріне дамып келе жатқан, 7-10 мил- лиард АҚШ доллары көлемінде бағаланатын Қазақстанның тауар рыногы бәрінен қымбат, осы бір жүйеге түспеген, қу- лық-сұмдықты біліңкіремейтін, арзан әрі аңқау рынок оларды магнитше тартып отырғаны сондықтан.


Ең болмаса осы ұйымға бізден де бірінші болып кірген Қырғызстанның экономикасына зер салып қарайықшы! Ұш- паққа шығып, дәуірлеп кеткен ештеңесі жоқ. Қайта осы ел БСҰ-ға мүше болғаннан кейін ұлттық табысы азайып, бұ- рынғы даму деңгейі едәуір шегерілгенге ұқсайды. Оның үс- тіне БСҰ-ға мүше елдердің ірі компаниялары ішкі рынок-


 


ты түгелдей жаулап алып, бұрынғыдай инвестиция ағыны да азайған көрінеді.


Әйтеуір ерте жетіліп, қулық-сұмдықты қапысыз меңгерген Қабыл балалары біздің тыныс-тіршілігімізді жіті бақылап, талмау жерімізден ұстап, қажет кезде тәжірибе алаңына ай- налдырып, қылғындырып ұстап тұр.


Оны экономикамыздағы кез-келген солақай келісім-шарт- тардан көруге болады.


Басқасы басқа, осы жолы екі шоқып, бір қараған дұрыс бо- лар. Өйткені, халықтың есесі кете-кете шаршады ғой!


Бір кезде К.Маркс капиталистік қоғам дамуының әрқи­ лы үш сатысын анықтап, оған мынадай баға беріп еді.


  • Жабайы капитализм кезінде бүкіл байлық қылмыс әлемі көкшуландарының қолына жиналады.

  • Қоғамды мафиоздық шоғыр билегенде өкімет осылар- дың қолдарына өтеді.

  • Ең соңғысы өркениетті капитализм.


Бірақ жұмыр жерді жұмыртқадай астына басып отырғысы келетін, кекірігі азған кейбір әлемдік ұлы күштер тұрғанда, бізге өркениетті капитализмнің ауылы әлі алыс-ау!


«Ана тілі», 22.08.2002 ж.





Пікір жазу