28.02.2022
  181


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ОТТАй ыСТыҚ ОН ЖыЛ

ХХ ғасыр қазақ халқы үшін дүрбелеңге толы, аласапы- ран кезең болды. Бұл ғасырдың алғашқы жартысында өткен оқиғалардың бәрінде ұлтымыздың есесі кетті, жымысқы сая- сатқа қарсы тұрар қайраны болмай жігері жасыды. 1916 жыл- ғы ұлт-азаттық қозғалысында, азамат соғысында, Алаш айып- талғанда, 30 жылдары екі дүркін арыстарынан айрылғанда, ашаршылық азабында – бәрінде-бәрінде ақылға сыймайтын саяси әлімжеттіктің, қорғансыздың күнін кешкен еді.


Ғасыр басында Ресей революционерлері мен қазақ зия- лыларының алға қойған мақсаттары жер мен көктей бола- тын. Алғашқылары террор мен төңкеріске, тақыр кедейлер төбелесіне бастаса, соңғылары өз халқын білім-ғылымға, өр- кениетке үндеді, еңбекке жетеледі. Адам үшін ғасырдан ұзақ өлшем жоқ! Оны да місе тұтпай, бұдан қырық жыл бұрын Байқоңырдан Жер планетасының тұрғыны Гагарин ғарышқа самғады. Жиырмасыншы ғасыр Жер аясына сыймастан, ға- ламшарға қүлаш сермеді. О заманнан жылдамдығын сәйгү- ліктің шабысымен ғана өлшеген қазақтың жерінен енді се- көнттердің апшысын қырып, зымырандар зулап жатты. Ұл- тымыз тап болган тәлкектің, бас тіккен тәуекелдің бәріне куәгер шежірелі де шерлі ғасыр бұл! Оған отаршылдықта кір- ген Қазақ елі Тәуелсіздігін алып қош айтысты. Сол үшін де өткенге салауат.


Сонымен, XX ғасыр да өтіп кетті. Алайда, қазақи қалпы- мызбен кірген жүзжылдықтан біз өркениетті ұлт ретінде тү- леп ұштық. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен бо- лып қосылдық. Қазақ жұртының жетпіс жылда кеткен есесін қайтарып беруге асыққандай, бар шапағатын қалған он жылы- на үйіп-төгіп, айтулы аламан ғасыр да етіп кетті.


 


Міне, биыл сонау 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан күн- деріндегі тоталитаризмнің шемен боп қатқан мәңгілік тоңын кақырата опырған әйгілі оқиғаға 20 жыл, Алладан ақсарбас айтып сұрап алған Тәуелсіздігімізге он бес жыл толып отыр. Қарап отырсақ, ғасырға да бергісіз айшықты жылдар бола- ды екен-ау! Күллі ғасырдың арман-тілегін аспандатқан, абы- роймен жүзеге асырған, тәуелсіздік түғырына табанымызды тіреткен соңғы он бес жылдың әр сәті есімізде сайрап түр, оны әсте ұмытуға бола ма?


Иә, осы бір жүрек тебірентерлік кезең әуелі қалай баста- лып еді, енді соған аз-кем шегініс жасайық. 1988 жылғы Эс- тонияның тәуелсіздік жариялауы коммунистердің әлі күн- ге дейін кіжіне айтатын егемендік шеруіне баршамызды сап- қа тұруға шақырғандай болған. 1990 жылы одақтас респуб- ликалар түп-түгел өз егемендіктерін жариялағаны әлгі сапқа тұрудың аяқталғанын білдіріп еді. Енді уақыт сол салтанат- ты шерудің қашан басталатынын тыпырши тосып тұрған бо- латын.


КОКП мен оның басшылары тарих әлдеқашан сапқа тұр- ғызып қойған шеруді кешіктіре түсу үшін сан қилы айлаға көшті. Қайта құрудың көсемдері бұрынғы жүйені сақтай оты- рып, нарық пен демократияга көшкен жаңа одақ жасағылары келді. Бірақ, ол мүлдем мүмкін емес еді. Нарық демократияға ұмтылмай, ал демократия идеологиялық мүрдені құлатпай тұра алмайды.


Міне, осы бір алмағайып кезеңде Н.Назарбаевтың есімі бұрынғы Кеңес Одағы саясатшыларының алдыңғы сапында аталатын. Қазақстанды мекендеген сан ұлттың өмірлік проб- лемасы сан жылдар бойы шешілмей, үйме-жүйме болып үйі- ліп қалған, ескірген жүйе әбден титықтатқан алып республи- каның басшылығына келу дегеніңіз, Ислам Каримов айтпақ- шы, «мұндай іске аттың кәлласындай жүрек керек» болатын. Өкімет басына КСРО-ның толық және түбегейлі ыдыраған кезінде келген Н. Назарбаевта қыруар тәжірибе мен әдіс, тәсіл дегеніңіз жеткілікті болатын. Бұрынғы Одақтың бүлінбестей көрінген емен кемесі жаңқаланғаннан кейін, әр республика өз-өзімен қалып, абдыраған шақта бүйда ұстаған Н. Назар- баевқа сан ұлттан құралған бүкіл Қазақстан жұртшылығы


 


бар ынты-шынтымен сенім білдірді. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, оның үстіне Қазақстанда дәл осы кезеңде онымен тең түсетін оппоненттердің болмауы да біраз оңды жағдай жасады. Сол бір аласапыран кезеңде бұрынғы пост кеңестік кеңістіктегі елдерде өкімет басына біреудің келуі ың-шыңсыз өтпегені белгілі


Мысалы, Молдавада Приднестровье бүлік шығарды, Укра- инада – Қырым, Грузияда – Оңтүстік Осетия мен Абхазия, Әзірбайжанда – полковник С.Гусейнов халық майданының басшысы – президент А. Елшібейге, Тәжікстанда – С. Сафа- ров пен оның кулябтық жақтастары тақ таласына жан сала кірісті.


Барлық қиыншылықтарға қарамай Қазақстан Коммунистік партиясының осы тұста өзінің қызметін тоқтатуы да саяси ой- лау жүйесінде біржақты, таптаурын пиғылдардан арылып, кон- сервативтік түсініктерден еркін, жан-жақты тұжырымдар тү- йіндей білуге әлеуметті жұмылдыра түсті. Жалтақ, қасаң иде- ологияға бауыр басып калған құлдық сана енді-енді басын көтеріп, еңсесін тіктеп, жазираға еркін қарай бастады.


1990 жылы республикада Президент қызметі белгіленді, Жоғарғы Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н. Назар- баев республиканың тұңғыш Президенті болып сайланды. Одақтың құрсауы ашылмағандықтан республика өміріндегі осы бір айтулы саяси оқиға қоғамда үлкен үрдіс қана емес, кайшылықты пікірлер де туғызды. Әр түрлі көзқарастар қай- шыласқан осы кезең туралы Н. Назарбаевтын өзі бір жыл- дан соң жарық көрген «Әділеттің ақ жолы» кітабында бы- лай деген еді: «Республикаларда президенттік қызметтің бел- гіленуі орталықтан кері тебу ағымының күшеюіне байла- нысты, мұның өзі мемлекетіміздегі орталық өкімет билігін әлсіретеді-міс деген пікірлермен тіпті де келіспеймін. Бірін- шіден, республикалардағы калыпты өкімет билігі орнама- йынша, бүкіл мемлекет шеңберінде тәртіпті нығайту тура- лы сөз етуге де болмайды. Екіншіден, мен КСРО-ны жаңарту және одан әрі дамыту диалактикасын тек былай түсінемін:


«республикалар күшті болса – орталық та күшті...»


Иә, бұл тұста әңгіме Қазақстанды кеңестік империя құ- рамынан бөліп әкету туралы емес, одақтық шеңбердің аясын-


 


да республиканың мүмкіндіктерін пайдалануға қол жеткізу туралы болды. Сондықтан да республикада Президенттік қызметтің белгіленуін тәуелсіздік бастауы ретінде емес, қазақ мемлекеттігін қайта реформалау ретінде қарастырған дұрыс болар еді.


Аяқ астынан ел басына күн туғандай болған сол бір та- мыздың тауқыметті күндерінде де президенттік билік пәр- менділігін таныта білді. Егер сондай алмағайып кезеңде са- яси шешімділік болмаса, реформа үстіндегі қоғамның қан- дай күйге ұшырауы мүмкін екендігін көпшілік міз бақпай кадағалап отырды. Осы бір аласапыран сәттерде шынын ай- ту керек, кауіптің неше атасы қылтиып, «айтақ» десе аттандап өре түрегелуге әзір тұрды.


Тіпті оны айтасыз, кетіп бара жатқан қызыл империяның ең соңғы басшысы тағы бір жанжалдың отына май құйып кетті. Ол Украина теледидарына берген сұхбатында одақтан шығуға ұйғарған мемлекеттердің тарапынан бір-біріне жер даулайтын талап қойылуы мүмкін, мәселен, тың игеру кезе- ңінде Қазақстанға солтүстіктегі бес облыс берілген деген пі- кір айтты. Бұл жұртшылык арасында үлкен қобалжу туғызды. Республика Парламенті кезекті мәжілісін осы мәселеге арна- ды.


М.Горбачев өзінің қызметтегі өрлеуін басқа халықтарды қазақтармен қағыстырудан бастап еді, енді міне, басқа мем- лекеттерді Қазақстанмен қырғи-қабақ қылмақ ойымен аяқтап отыр.


Осы орайда, «Аққа құдай жақ», «Ақтың отын ақымақ өшірмейді» деген атам қазақтың осы қағидасы қалай дәл айтылған!


КСРО-ның арандатқыш соңғы билеушісі М.Горбачев би- ылдың өзінде елімізге екі рет келіп, өзінің «Горбачев корына» ақша сұрап, алақанын жайып кетті. Тамыз оқиғасы тағдырын шешіп койған КСРО-ны сақтап қаламыз дегенге сенетіндер күні кешеге дейін әрекет етіп келді, тіпті соның жұрнағы қазір де бар. Қазақ халқының тәуелсіздікті көксеп келе жаткан ел екендігін атымен білмейтін, білсе де құлаққа ілмейтін, тіпті өмірде мұндай мәселе болуын үлкен жаңсақтық деп қарай- тын тоңмойын күштер жуық арада жойыла қоятын түрі көрін- бейді.


 


Әсіресе, осы жылдары Парламентте халықтың тағдырын шешетін небір жан алып, жан беріскен даулар, текетіресте өткені белгілі. Әлгі тартыстарды екшей отырып, ол кездегі коғамдык ахуалдың қандай екендігін айнытпай болжауға бо- лады. Егемендік мәлімдемесі кабылданғаннан кейінгі оқиға- лар парламентшілерімізді әккілендіре, тәсілқойландыра түс- кенмен, тәуелсіздік туралы мәселені өткірлендіре түскенмен, оны заңдастырудың жолын жіңішкерте түскендей болды.


Осындай қиын-қыстау кезеңде бүкіл халықтық шынайы сезімге ие болған Президентіміз тәуелсіздік тағдырын шеше- тін шешуші майданның тізгінін өз қолына алып, халық ар- манының құбыланамасынан айнымай, тура жағалауға бастап шықты.


Парламенттегі ел тағдыры шешілетін ұзақ ырғасулардың бірінде азулы депутат А.Княгининнің: «Бұл заңды қолдау ке- рек... Мемлекеттік тәуелсіздік – қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы. Қазақ жерін мекендеген біз, қазақ емес халық- тар, бәріміз бірдей сол нәзік сезімге әрқашан өз сезіміміздей құрметпен қарайық» деді. Нағыз азаматтық емес пе?


Сонымен, 1991 жылдың 16 желтоқсан күні «Қазақстан республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Консти- туциялық заң басым дауыспен қабылданды. Осы Заңға жан- тәнімен қарсы шыққан сол кездегі тағы бір депутат В.Во- долазов кейіннен өз қателігін түсініп былай деді: «Әлі есім- де, он екі депутат оған қарсы дауыс берген. Жасыратыны жоқ, соның бірі өзім едім... Ол кезде менің Қазақстанның бо- лашағына деген сенімім аз еді. Экономикамыз кеудесін кө- тере алмай, жер бауырлап жатты. Нақты мемлекеттік тұрғыда ойлау жүйесі қалыптаспаған кез еді. Алайда, мұның бәрі уақытша құбылыс екен. Бір-екі жылдан кейін оң өзгерістер байқала бастады. Соған сай мен де бұрынғы көзқарасыма өзгертулер енгіздім...»


Міне, осылай тәуелсіз Қазақстан өзінің ақжолтай қадам- дарымен талай пиғылы теріс, шолақ ойлы саясатшыларды мүлдем басқаша ойлауға мәжбүр етті.


Уақыт өткен сайын тәуелсіз Қазақстанның сан ғасырлық арман-мүддесі қиындықпен болса да жүзеге аса бастады.


1991 жылдың 2 қазаны күні Алматы уақытымен 11 сағат


 


59 минутта Халықаралық экипаждың құрамында қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанды. Байқоңырдағы айлақ басына келген бірнеше елдің президенттері Қазақстан бас- шысын тұңғыш ғарышкерімен жарыса құттықтады. Иә, исі қазақ бұл күнді ешқашан ұмытпас! Ашық аспан астында Ел- басы әлем жорналшыларының сұрақтарына ризалық сезім- мен жауап қайтарды. Бұрын Байқоңыр ғарыш айлағына кі- руге жорналшылар түгіл, Қазақстан Орталық Комитетінің хатшыларының өзіне рұқсат етілмейтін.


Дәл осы күні қазақ халқының сан ғасырлық арманына Алланың өзі құлақ асып, жетіқат көк иігендей болды, тәуелсіз Қазақстанға ғарыш өз төрін ұсынды.


Ғарыш кемесі ұшатын алаңнан небәрі екі шақырым жер- де тұңғыш рет ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, босағаға боз інген ботасымен байланды. Сан жылдар тек қана зымыранның да- усымен тітіркеніп, айналасына ұшқан құстан басқа бейсеу- бет адам жолай алмайтын ғарыш айлағында сол күні алғаш рет домбыра даусы күмбірледі. Осылайша тәуелсіз Қазақ- станның әрбір сәтті қадамы, бедерлі бастамаларының тіз- бегі жылнамаларда айшықтала бастады. Еліміз 1992 жылы 2 наурызда Біріккен ұлттар ұйымына толық құқылы, дүние- жүзілік қауымдастық бірауыздан мойындаған мүше ретінде қабылдануы Қазақстанның еңсесін көтеруіне үлкен ықпал етті. Осындай жағдайда Қазақстанның ішкі саяси ахуалы да жаңа талпыныстарымен ерекшеленді. Ұлттық жарасымды- лық және саяси тұрақтылық үшін күрес алғашқы орынға шықты. Славяндық сипаттағы қозғалыстар мен ұлттық сана үрдісінен бой көтерген қазақтардың қозғалыстарының өзара қарсы тұру пиғылдары көрініс берді. Елбасының осы тұста үлкен қайраткерлік, белсенділік, тіптен қажет жағдайларда ерлікке пара-пар қадамдар жасағанын айтпай қалуға болмас.


Орыс казактарының Қазақстанда өздерінің мерейтойла- рын атап өту әрекетіне күйінген Елбасы кезінде мәскеулік га- зет тілшісіне берген сұхбатында: «1382 жылы Мәскеуді ба- сып алып, күйретіп жіберген бабамыз Алтын Орда ханы Тоқтамыстың осы тарихи датасын Мәскеуде атап өтсек қалай болар еді?» деп тойтарыс бергені есімізде.


 


Қалай дегенмен де, республикадағы ұлттар мен ұлыстар- дың бейбіт өмір сүруін, саяси билігіміз бен тұрақтылығы- мызды және көптеген маңызды мәселелерді Ата Заңымызда түбегейлі нақтылап алу тағы да алға тартылды. Өткен жиыр- масыншы ғасырдың ішінде Қазан төңкерісінен бері бес Ата Заң қабылданыпты. Оның үшеуін, яғни 1924, 1937 және 1978 жылдардағы Ата Заңды қабылдағанда КСРО-ның құрамында болдық. Сол себепті онда егемендік, тәуелсіздік атты ұғым- дар мен тараулар атымен болған жоқ. Болмауы да заңды. Ал, 1991-1995 жылдар аралығында тәуелсіз Қазақстанның екі Ата Заңы өмірге келді. 1993 жылы қабылданған Ата Заңның Жо- басын даярлайтын комиссияның құрамына елімізге белгілі ға- лымдар мен қоғам қайраткерлері, әйгілі заңгерлер мен депу- таттар кірді.


Елбасы Н.Назарбаевтың осы Ата Заң қабылданар тұс- тағы: «Қатардағы жұмысшы адамнан бастап, үлкен билік иесіне дейін осы Заң талаптары аясында өмір сүріп, шы- найы демократиялық тәуелсіз мемлекет құру ісіне атсалы- суы қажет» деген пікірі көпшілікке қанат бітірді. Осы ко- миссия құрамына кірген атанжілік саясатшылар, ғалымдар уақытпен санаспай, ағыл-тегіл еңбек етті. Маңызды құқық- тық құжатты талқылауға үш миллионнан астам адам қаты- сып, 18 мыңдай ұсыныстар айтылды. Газет-жорналдарда жо- баға пікір білдірген бес жүзден астам мақалалар жариялан- ды. Бұл Заңда мемлекеттік билік пен оның органдарының пішіні айқындалып, тәуелсіздіктің басты рәміздері мен аза- маттардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары айқын көрсетілген. Қазақстандықтардың маңызды құжатты талқылауға  бей-жай  қарамағандығын  осы   деректерден- ақ анық байқауға болады. 1993 жылғы Ата Заңды талқылау барысында көпшілікті қатты ойлантқаны – ана тіліміздің жағдайы болатын.


1989 жылы қазақ тілінің мәртебесі айқындалды. Оны жү- зеге асыру мақсатында арнайы бағдарлама да қабылданды. Бірақ, Ата Заң жобасын талқылау кезінде орыс ұлтының кей өкілдері қазақ тілімен қатар, орыс тіліне де мемлекеттік мәртебе берілсін деген пікірді жалаулатып шыға келді. Пар-


 


ламентте, жұртшылық өкілдерімен болған кездесулерде кей ағайындардың жоғарыдағы пікіріне елге сыйлы азаматтардың толыққанды тойтарыс беруіне тура келді. Талай бұлтартпай- тын деректер алға тартылды. Олардың ұзын-ырғасы мына- дай: мәселен, бір мемлекетте екі бірдей тілдің мемлекет- тік дәреже алуы мүмкін емес. Қазақстанның басым көпшілі- гін әрі мемлекеттің заңды мұрасын қазақтар құрайды. Олар- дың тілінің мемлекеттік мәртебе алуы – тарихи әділеттілік. Ал, орыс тілі болса, көршілес мемлекеттің басты тілі. Егер де орыс тіліне мемлекеттік мәртебе берілетін болса, күні ертең елімізді мекендейтін басқа ұлттар да осындай құқықты талап етуге хақылы. Ақыры осылай ұзақ ырғасқаннан кейін қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі мәртебесін иеленді. 1993 жылғы Ата Заңның басты ерекшелігі осы еді. Әрі бұл Ата Заң бойынша еліміздің билік жүйесіне президенттік басқару нысаны кіргізілді. Енді 1995 жылғы Конституцияның басты ерекшелігі – бүкілхалықтық референ- дум негізінде қабылданғандығы. Ресми деректер бойынша бұл Ата Заңды 7121773 адам жақтаған. Яғни, 83,14 %-дай. 1995 жылғы Ата Заңымызды қабылдауға қандай жағдайлар әсер етті деген мәселелерге қысқаша тоқталып көрелік.


Біріншіден, президенттік басқару нышанын жетілдіру қа- жет болды.


Екіншіден, сот билігі жүйесі өзгерістерді қажет етті. Үш- іншіден, мемлекеттік меншік жүйесін өзгерту талабы да пі- сіп-жетілді. Төртіншіден, жеке меншік жүйесінің аумағын кеңейту қажет болды. Бесіншіден, Заң шығарушы орган – Республика Жоғарғы Кеңесін заман талабына сай кәсіби Парламент түріне, яғни, қос сатылы жүйеге негіздеп құру көзделді. Осы Ата Заң қабылданғаннан кейін Қазақстанның президенттік республика жолына түскені айқын байқалды. Барлық басты билік Президенттің қолына шоғырланды. Ол кажет кезде референдум өткізуге, Парламентті таратып жі- беруге, кезектен тыс сайлау өткізуге толық хақылы саяси тұлғаға айналды.


1995 жылғы 30 тамызда кабылданған жаңа және бүгінгі күні де әрекет етіп отырған Конституция халқымыздың қазақ


 


хандығы тұсындағы ортақ саяси тұлғаға бағынған мемлекет- тік құрлысын күрделі түрде жетілдірген, президенттің рөлін биіктеткен, шығыстық және батыстық тәжірибелерді өзара ұштастырған Президенттік басқаруға алып келді. Дегенмен, соңғы жылдар тәжірибесі көрсеткеніндей, тоталитарлық қо- ғамнан демократиялық қоғамға өту өтпелі кезеңде автори- тарлық билікті күшейту арқылы ғана жүзеге аса алатынын байқатып отыр.


Қалай дегенмен де, біз сияқты көп құрамды республика- ны басқару кім-кімге де оңайға тимейтіні анық. Біз осы түпкі- лікті конституциялық талдау жасап алуымыздың арқасында кешегі кеңес кеңістігіндегі бытысып кеткен әлеуметтік ұйық- тан өзіміз таңдаған реформаға сытылып шықтық.


Қысқасы, дүниежүзіндегі барша адамзат қайда бара жат- са, сонда бет түзеуден абзалы жоқ. Дүниеде өзімен өзі боп отырған бірде бір мемлекет жоқ. Бәрі де айналасына қар- манып, ықпалдасып тіршілік кешуде. Осының бәрін сарап- қа салған тәуелсіз Қазақстан әп дегеннен көп бағытты сырт- қы саясат жүргізді. Ядролық қарудан бас тартты. Сол арқылы бір кездегі қырғи-қабақ соғыстың мәңгі құрбаны болып қал- ғысы келмеді. Ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да осы за- мандық ізденіс бағытын негізге алды. Барлық халықаралық ұйымдармен, алыс-жақын мемлекеттермен жемісті қатынас орнатты. Қай мемлекет болмасын ендігі жерде адам мүддесін жоғары қойғысы келсе, адамзат жаңа қауымдасуды барлық адамдардың, демек оның ең айқын, ең ақылға сыйымды мүд- делестік аясы – ұлттар мен мемлекеттер жағдайы әділ еске- рілетіндей қауымдастыққа ұмтылғаны жөн сияқты. Ондай қауымдастықты құрысуға барлық мемлекеттер тікелей ат са- лысса оңды болмақ. Бұл, әсіресе, қазіргі ғаламдану процесі енді қанат жая бастаған тұста ерекше ескерілер жайт.


Қысқасы, біз ұламалы таң шапағының алғашқы арайын- да тұрмыз. Бүгінгі қазақ әлеуметінің алдында қыруар істер, көмбе-көкжиектер мен мұндалайды. «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» деп ғазиз ақын Қасым Аманжолұлы өмір- ден өтерінде біздің келешегімізге кызыға қарап еді. Бірақ, есіл шайыр армандаған «Жиделібайсын – жұмаққа» біздің де


 


қолымыз енді-енді жетіп келеді. Дегенмен де болашақтың са- мала салқар атырабына қарай суырыла тартып бара жатқан туған еліңнің ертең жасар небір кереметтерінің шет-жағасын көріп кеткің келеді...


Ендеше, қайта туған Қазақстанның қадау-қадау қадам- дарына мұрындық болып, байтағымыздың тәуелсіздігі жо- лындағы қасиетті де қиын сапарға барлық тегеурінді сарқа жұмсап, атың туған еліңнің жылнамасына жазылып, көк бай- раққа оралып көмілу – әрбір қазақ азаматының арманы бо- луы керек. Сонда ғана ата-баба мойнына бұршақ салып тіле- ген асыл мұрат орындалмақ.


«Ана тілі» №50-51, 15 желтоқсан, 2001 жыл.





Пікір жазу