28.02.2022
  215


Автор: Елена Әбдіхалықова

Киті дұрыс берілмеген құдадай

Киті дұрыс берілмеген құдадай
күй кешкен соң алағай да бұлағай,
сүйгеніңнен сырт берерсің бір күні
махаббаттың азабына шыдамай.
Саған күліп қарамайды сосын Ай,
(Махаббатсыз күн кешудің - босын- ай!)
Жығылғанға жұдырық көп жалғанда,
Тағдырыңнан тосын сыйды тос ұдай.
Күресу ғой тағдыр сыйы тегінде!
Тосын сыйдан мейлі, жеңіл, жеңілме!
Адастырып жібереді ақыры,
адамдардың сатқындығы сезімге.
2007 жыл





Пікір жазу