28.02.2022
299
Аңсау
(әні бар)
Жабыққан кезде,
Қамыққан көзбен
жаныңнан көрдім арай - бақ.
Лүпілдеп жүрек,
көрсем деп тілеп,
жолыңа жүрмін қарайлап.
Қайырмасы:
Жалғызым деумен,
жанымды жеумен –
сағыныш соңы - қаяу мұң,
жылайды күндер,
жылайды түндер
аңсаумен сені, аяулым.
Жырымдай төгер,
шаттыққа бөлер,
жанарларына нұр қонып,
Күтемін күнде,
келер деп бірде
жарқырап маған Күн болып.
Қайырмасы.
Елесің келіп,
Жебесін болып
жағады жанға жарығын.
Жаралған нұрдан,
Ғарышта тұлғаң,
Қол созам саған, Жарығым!
Қайырмасы.
2007 жыл