28.02.2022
  183


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Мен сені ұмытпаймын!
Мойныма түссін мәңгі құрық-қайғы,
Басса да өн бөйымды батпан қара
зіл болып жүрегімде қатқан жара,
Түн құшып, мейлі, жалғыз жатсам жылап,
дүркіреп жалын кеудем тау суындай
биіктен аққан құлап,
көміліп көз жасыма жастығым боп
жоғалсам да,
көкірегім шер- налаға тас тығын боп!
Бозарып шықса да күн,
сазарып батса да күн,
сезініп сағыныштың күшті азабын,
өртеніп, қайнай-қайнай іш қазаным,
шор болып қатсын денем!
Сөзіңді естісем де “жатсың” деген,
сен деген сезім асау бас білмеген
кеудемде бір басылмай,
мендік түнек тағдырға сәуле болып
жолыққан нұр жасындай!
Сен маған секілдісің санамдағы
мәңгілік шуақ құяр сынықтай КҮН!
Мен сені ұмытпаймын!
2005 жыл





Пікір жазу