28.02.2022
  187


Автор: Елена Әбдіхалықова

Қадірлі жан емеспін сенің үшін....

Қадірлі жан емеспін сенің үшін
өзің деп тұрса – дағы еріп ішім,
таптайсың сезімімді қылығыңмен,
Сен осы адам ба әлде, перімісің?!
Тірлігің жан секілді мұңсыз, мәнсіз,
Талабың жетелердей тылсымға арсыз
болса да, менің үшін адамдардың
ішінде жаны жарық бір Сіз барсыз.
Өкпелеп көрем кейде мінезіңе
Жандайсың өз ақылы пір-өзіне,
Селт етпес ешнәрсеге сом болмысың
Жарасар басқаға емес, бір өзіңе!
Ғашықтық азабынан жан іште өлер,
Қайда әлгі, жебейтұғын періштелер?
Кетеді-ау жырға айналып сүйген жүрек
жауапсыз махаббатқа жолықса егер.
2007 жыл





Пікір жазу