28.02.2022
  167


Автор: Елена Әбдіхалықова

Сен туралы ойламауға бекінем...

Сен туралы ойламауға бекінем,
Ес, жадымнан, жүрегімнен шығарып,
Ерегіспей, елің тапшы, өтінем,
Енді қайтып көріспесек - құба-құп.
Адалдыққа өзегі аш, көзі мұң –
мен бейбаққа қайдан ғана жолықтың.
өзіңді шын жақсы көрген сезімім
өзімді жеп бітіреді-ау, соны ұқтым.
Қызыл күннен қызық іздеп талпынам,
Ол да менен жұмбақтайды барлығын,
Махаббаттың азап оты шарпыған
Қайда мені лақтырады тағдырым!?
Сенен жырақ өмір сүрем мен енді,
Мұңсыздар мен бақыттының қайда аулы!?...
Бірақ, саған ақыл-есім тәуелді,
қайтсем екен жүрегімді байлаулы?!
2007 жыл





Пікір жазу