28.02.2022
  139


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

“Сені сүю - жұмақтан нұр тарату”
Тыныштықбек



Сені сүю – сен боп өмір сүру!
Ықтиярмын өмірімді беруге,
тағдырының мазағынан ішіп у,
өлген жанды келсін жұртым көмуге!
Сені сүю – аңсауларға толы күн,
Көк аспаннан төгілердей нұр шуақ.
Жүрегімнің жалауы – күн, жоғы – мұң,
өмір сүрсе, мендей біреу сүрсін - ақ!
Нұрға толы жұмағына қызықпан,
Тозағы да тоңдырмайды тәнімді,
Ешкім ұқпас - бір әуенді біз ұққан
періштенің сыбырындай кәдімгі.
Сені сүю- Күнді сүю көктегі,
(Жерге түсіп қажеті не сезімге?)
Сенің сөзің санама – су,
Оттегі –
аспан түстес көзіңде!
Сенің үшін табанына батып сыз,
Нұр-бейнеңді медеу тұтам көңілге,
Басқа біреу сүйсе сені – бақытсыз!
Мен барында өмірде!
2007 жыл





Пікір жазу