28.02.2022
  165


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Қимаймын сені!
Ешкімге, тіпті өзіме!
Көгілдір күннен нұр құйып алып көзіңе
жанымда жүрсең – басқаның бағын ұқпас ем,
салса да тағдыр тезіне!
Қимаймын сені!
Күн нұрынан да қызғанам!
Қызғанышымнан жүрегім мынау сыздаған!
Үсітіп сүйіп өтетін қоңыр лебімен
көңілім бейне күзгі алаң.
Қимаймын сені!
Менмендік, бәлкім - бұл мендік,
өзіңсіз жанға толатын сынды кіл кемдік -
айналып кетіп тозаққа өмір – көрігім
өлшемі нәзік - бір демдік.
Қимаймын сені!
Қош деуге жетпес дәрменім!
Қоштасу десе боздайтын кеудем - зарлы едім!...
Аңсатса сені аңсатар, бәлкім, әлдекім,
амалым қанша ал, менің...
2007 жыл





Пікір жазу