28.02.2022
158
Біліп тұрып
Біліп тұрып:
сенің енді мендік болмайтыныңды,
Менсіз гүлдей сарғайып, солмайтыныңды,
Саған деген өлермендігімнен
өз өмірімді ғана қорлайтынымды,
Біліп тұрып:
Мен десе жүрегің жылып, жыламайтынын,
аспанда Айың құламайтынын,
сезіп және дәрменсіз сезімдерімнің
баянсыз, бақсыз бұлағай түрін.
Біліп тұрып:
Сенің менше сағынбасыңды,
Қоштаспайық деп жалынбасыңды,
Менің бар болмысыммен сүйген
махаббатымның отына алынбасыңды,
Біліп тұрып:
ұғынбай бұл кеселімді,
тағатсыз күтпей менімен тілдесеріңді,
Жандардай мұңсыз құбыласы бүтін
менсіз де бақытқа толы күн кешеріңді
Ұнатам Сені!
2007 жыл