28.02.2022
  153


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

«... Сәл кешірек сен менен туылмасаң,
сәл ертерек мен сенен туылмасам...»
Мұқағали



Сен менің тағдырыма
Кездейсоқ жолыққан ең:
Дем бердің ар-мұңыма
тұнғандай жарыққа әлем.
Көздерің (арсыз неге?)
ішіп-жеп жанымды әбден
қалғандай жансыз дене,
жалғыз-ақ әнім – дәрмен.
Кеттім бе аласұрып,
Не екен баурап алған?
Өзіңді баласынып,
Сезімім саудаланған.
Екі оттың ортасында
қалдым мен.
Қайда барам?!
Қиялдың қалқасында
мұңға еріп, майдаланам...
Кештеу ме, әлде ертерек,
Жастығың ілік сөзге,
Бір сезім қалды еркелеп,
Бастардай бір істі өзге....
Көзіңді іздеп көктен
Көзімді бір алмаймын.
Сезімді тізбектеткен
ортаймай күмән - қайғым.
Аспанмен таласқандай
көздерің - көкорай, шам.
Жұтылып көк аспанға
Шіркін-ай, кете барсам?!...
Сен не дер ең?!
2007 жыл





Пікір жазу