28.02.2022
165

* * *
Күбір еткенде
Құдіреттерге
жеткізетіндей болатын.
сыр жүректерде
дір-дір еткенде
бір ысып денең, тоңатын.
Деміңмен ыстық
сеніммен құштым
тірліктің тәттіліктерін.
Көгімнен құстың
өзі боп ұштым,
Қол бұлғап жатты құт-жерім.
Лебізің балдай -
жаңа атқан таңдай
кеудемнің күш пен қуаты!
Тойымсыз жандай
Құмары қанбай -
Шын ғашықтардың мұраты.
Мұңды үзер, арлы,
жүргізер қанды,
құйқылжып аққан ән сынды -
Мен дейтін мәңгі,
емдейтін жанды
сағынып кеттім даусыңды!
2007 жыл