28.02.2022
  179


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Мені тастап кеттің бе сен!?
Мұң - қайғыдан өттім десем....
Көздеріңнен шуақ төкпей,
Кеудемдегі отты үрлесең...
Мені тастап кеттің бе сен?!
Мен өзіңді өптім десем....
Қоштасар ма ем жылап тұрып,
“Енді саған жоқпын” десең....
Мені тастап кеттің бе сен!?
Көңілге нұр септім десем....
Жүрегімді мекен еткен
елесіңмен көп тілдесем....
Мені тастап кеттің бе сен?!
Мен бақытқа жеттім десем...
Сенің осы шешіміңсіз
шын сүюдің не екенін тек,
білмес ем. . .
2007 жыл





Пікір жазу