* * *
Өзі жалғыз жүрекке
қос өкпеңді артасың,
Өкпе жанға тірек пе?
Өзің азап тартасың:
Маған деген өкпеңнен
Ұйқың қалар бұзылып,
Сұрап өткен-кеткеннен
Мен туралы үзірік,
есің шығар, ешкімге
айта алмай бір сырыңды.
Кешпедің не, кештің не?
Қылығым да – бұрынғы.
Жалғыз қалған кезіңде
көкірегіңнен күн туып,
бөлеп аппақ сезімге,
шыға келем бұлқынып
сан қатпарлы миыңнансағынышты сезбейтін,
бір өзіне сыйынған,
бір өзінен безбейтін
өзімшілдеу кеудеңе
күндей күліп кіргенде,
«Сүйемін - деп, беу, неге?»
өзгерерсің бір демде.
Жыларсың да, күлерсің,
Көрсетер сан сый халық.
Мені бірақ, жүрерсің
ұмыта алмай қиналып,
Сенің өкпең не, тәйір,
Мендік мұңға қарасам,
Сүйгені ғой, о, тәңір,
Мұңайтуға жарасам.
Жалғыз жүрек сан азап
жүр онсыз да арқалап,
Ана жақ та мына жақ -
Тағдыр алды жарқабақ.
Мен үндемей келемін,
Көрерім не, белгісіз...
Өшпесе екен өлеңіммың бақытқа бергісіз.
Мен үшін сен - нар тұлға,
Қайтем, босқа кінә артып.
Өкпелеген қалпың да,
Өзгелерден мың артық!
2007 жыл