28.02.2022
  127


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Сен маған өкпелісің!
Осылай кеткені ғой текке күшім:
Ерітіп мұз-қайғымды шуағыңмен,
Елжіреп қалып еді ептеп ішім,
әйтеуір менің қырау тағдырымның
сен ғана-көктемісің.
Еркелеп едім саған,
Айттым да артық-кемді,
Жүргенде аласұрып һәм адасып,
Жанымды жан шуағың шарпып берді,
Шалқытып көкірегімде бір сезімді
жұтқандай балқып демді.
Күттің бе әлде менен
(алданып жүрген жан деп әлденемен.)
жасанды мүләйімсу, бос қылықты!
Беріліп жүрегіммен ән бөлеген
болмасам құлай сүйген егер сені,
кешпесін Ар-көреген!
Бел буып түсінбеуге
жүргенің - адалдықтай - ісің кейде!
саған деген алаңсыз көңілімді
ренішің-ашуың ішіп –жеуде!
Өзімді-өзім жұбатам, бағым ғой деп,
өкпелеуге тұрғаным үшін кейде!
2007 жыл





Пікір жазу