28.02.2022
  114


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Жалғани жылу көрмеген
жан болса жүдеу, жаны – қар
құса да кеуіл,
шерлі өлең,
қайғысы, мұңы тағы бар.
Өмірлік жолдан жаңылған
өксіген жаны шерменде,
тағдырдан тауы шағылған
бақытсыз жандар, сендер де.
Қазыналы, қамсыз, мүлікті
құбыласы бүтін пенделер,
ақылдан гөрі қылықты
қымбат көретін жеңгелер,
ару қыз көктем шағында
ақмаңдай шуақ шаштырып,
жастығы тасып қанында
мастықпен күлген жас жігіт,
Тағдырың қабақ түйгенше,
Ашар-ау талай жол құшақ.
Сүйсеңдер бірді, сүй, менше!
Сағынбаңдаршы, мен құсап!
2006 жыл





Пікір жазу