28.02.2022
  250


Автор: Елена Әбдіхалықова

Сыр сұлуы

Шәрипаға
“Мен Шираздың пәк сұлуын тәңіріме теңер ем,
Бір меңіне Самарқан мен Бұқараны берер ем”
Қожа Ғафиз



Ширазда емес, сор- шаң Сырдың бойында-ақ,
Сіздей сұлу мүсін келді өмірге,
Нұр-жүзіңіз демеу беріп көңілге,
Ғафиз құсап тебренгім кеп менің де,
шабытыма шырақ жағып қойғандай.
Ғафиз шайыр неткен жан ед сормаңдай!?
“Самарқан мен Бұқараны бір меңге
берем деген сөзі қымбат кімдерге?”
Сізді көрсе ақындығы сарқылып,
Айрылар ед ақыл-естен, тілден де.
Жиған-терген, барлық ғұмыр-санасын,
Жеткізе алмай Сізді көрген бір демге,
тіл тартпастан кетер еді жарықтық,
Сұлулықтан асқан ба еді алыптық?!
.... Біздің мына қоңыр-қошқыл тіршілік:
Орта көңіл, оспадар сөз, қыр сынық
қиюласып күн өткізіп жатады
Сіз жаралған шуақтардан нұр сіңіп,
Сол нұрменен армандарға ұмсынып,
Үлпілдеген үміттерге гүл шығып,
Өмір атты өзегімді өлтірмей,
Еткізеді тәңіріге құлшылық.
2005 жыл





Пікір жазу