28.02.2022
189
Анамның зары
Қараша желі - долы жел,
Қағынып жұлсаң, мені жұл!
Соңымда сексен сары бел,
өзегі күйген, өлі қыр.
Қараша желі зарлы екен,
Қосылып салдым зар – мұңға,
Ботасы өлген бар ма екен,
Атасы тұрып алдында?
Өзектің баспас өртін бұлт,
Қайрылып соққан жел ме екен?
Қазына кемпір дейтін жұрт,
Қазымыр енді дер ме екен?
Есіктің алды беткей-ді,
Беткейге бойлап кім шықсын?
Ажалдың оғы өтпейді-ау,
Берер ем, жаным бір шықсын.
қараша , 2006 жыл