28.02.2022
  109


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

апам Балшекерге
Күз еді күркіреуік.
Аспаны қарашаның тұр күреңіп.
Өлместің қамын жеген сапарлардан
Өзіңді оралар деп шын тіледік.
Ойпырм - ай, салқын еді сол күн неткен?
(Жіберген қайсы Құдай сертін көктен?)
Қараша қазым қайтты.
Қош дегізбей,
Көретін жаз – серігім, көркін - көктем.
Тағдыры айттыратын түзге өлеңін,
(сол ма еді күркіріңнен іздегенім?)
жел жұлған жапырақтарын тал-теректер:
«Осы ғой, дейді налып, күз дегенің!»
Мас еді кеше тамыз маужыраған,
Қай салты қарашаның, беу, жылаған?!
Қабағын түйе түсіп аспан, «мұның
қысы бар осыдан соң» дейді, маған.
Күз еді күркіреуік....
2006 жыл





Пікір жазу