28.02.2022
  153


Автор: Елена Әбдіхалықова

Мақашу Әбжановқа

“Мен бүгін Сізді түсімде көрдім...”
автор



Тілегі түзу, нұрлы, заты күрең –
Сен менің жанашырым, жақыным ең,
Бір Сізбен толатын-ды көңіл-кеудем,
Басқаның биік тұрсын аты кілең.
Жоқтадым орыныңды толмас мәңгі,
кеудемді үзіп мұңды ән басталды,
сен мінеп тастаушы едің,
ісіп-кепкен
көкірегі арсыз-нәрсіз, паң басқанды.
Пысқырмай біреулердің байлығына,
Қайыспай көтерген ең қайғыны да,
Тырбанып, орып жемей, риза едің
тапқаның жетіп жатса шайлығыңа.
Жан едің, жаның ізгі, ойдан – кені.
(жақсыны ажал аман қойған ба еді?!)
біреудің сілтеп салған құрығы емес,
Өнердің өзің едің майдангері!
Ойламай құлқын жайлы, өз қамыңды,
Тек сенен естуші едім сөз дарынды,
Мен шапсам бәйгелерде, жұрттан бұрын
Сен тілеп отырушы ең озғанымды.
Қиналсам көздерінің қырын салар
болса да жандар мен деп ырым шалар.
өмір – мұң өкпелетсе, жылап барып,
жолдасым – жалғыз сен ең мұңым шағар.
Аға едің алдымдағы ақылың бар,
Санасын билемеген жат ұғымдар!
“Бір саған жетеді ме- деуші едің
Алаштың түгендесең ақынын бар!?”
Өзің ең шын тілекшім өзектіде,
Амал не, ажал келсе, көз өттіге
халқымның санай салар әдетімен,
Сізді де қоя салды, сөз етті де.
Басымнан сол күндердің көшкені-мұң.
(Сөзімді осы күні есітеді кім!?)
Айырылып ағасынан қыз көңілім,
жүрегім жылайды іздеп дос көңілін.
Өзіңсіз өтуде, әне, күндер демде,
ойсырап орның қалды мұң-кеудемде
Өзіңдей жанашыр жан кездесер ме,
дөңгелек дүние деген бұл диірменде.
2007 жыл





Пікір жазу