28.02.2022
  230


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Тағы да келді ме жаңа жыл....
Табиғат – ала қыр.
Күнтізбе билеген қала бұл,
тобырға баға – жыр.
Тағы да келді ме жаңа жыл....
Жаңарып салар ма сана бір?!
Жеңгейдің желігі- бар мұңы
жорғадай жортумен аға жүр.
Тағы да келді ме жаңа жыл....
Түрленді ару – қыз, жарақ – ұл,
Тілінен бал тамар деп күткен
Тікенін көрсетті бала – гүл.
Тағы да келді ме жаңа жыл....
Тағдырым айта ма тағы әзіл!?
Талантты таптағыш табаны
Қайтадан баса ма қара зіл!?
... Тілекпен күтсем дер сол жылын,
Түнектен арылтып қоржынын,
Келе ме, бола ма жаңа жыл,
Кеудеде рухым өр жылым?
Келешек үмітім мол жылым?!
2007 жыл





Пікір жазу