28.02.2022
165

* * *
Біреуді аңсаймын:
Жетпей жүр маған күн нұры!
Жылылық керек,
Кімде ол, сірә, білмедім!?
Бітпей бір қойды-ау, тағдырдың осы ың-жыңы,
Жылаудан бетер күлгенім!
Біреуді аңсаймын:
Шуақтың бәрі сондадай.
Рахат нұрға бөлейтін сынды ол мені –
ғаламат нәрсе болатын сынды жанға жай
бағындыратын пендені!
Біреуді аңсаймын:
Күтумен келем зарығып,
Періште де, адам емес – ол,
Тылсым күш, бірақ!
Көкірегінде жарқылдап жанып бар Үміт,
Жанардан оты ұшқылап
келетін сынды!
Мен сонда сонау-у жеті қат көктің өзіне,
Шаттықтың барлық нышанын жиып көзіме,
Қанаттарымнан сағыныштарды саулатып,
Бауырымдағы жержүзін мың рет аунатып,
Биікке самғап ұшамын!
Қара жер қайтып ашқанша маған құшағын!
2004 жыл