28.02.2022
157

* * *
Шөгеріп шыдам – нарымды,
шолақ күн мәңгі тарылды,
шуағы кемдеу қоғамда,
жоғымды сезбей, барымды,
өмір деп салған әнімді
өсек – күн өртеп қағынды,
өкініштерім өзімнің
жегідей жеумен жанымды.
Сындырған сынды сағымды,
жан ұқпай мендік жалынды,
өлтіретұғын сияқты
жұлмалап жүйке-жалымды.
Тұсаулы аттай бұлқынып,
Талабым баудай қырқылып,
Бір жылап, сосын бір күліп,
Бір құлап, сосын бір тұрып...
Осы ғой құрғыр өмірің –
Құлазыр, қирап көңілің...
Сен едің жалғыз Сенімім –
Жек көріп кеттім, сені Күн!
2005 жыл