28.02.2022
145
Қыз сәлемі
Рәшила Қабиқызына
Жайқалған алтын дәні
Жеріме ырыс байлап.
Халқы бар нар тұлғалы
Намысы - құрыш қайрат.
Торғайдың қазақтары-ай,
кең пейіл дала сынды,
сыры бар ғажап талай,
жыры бар жарасымды.
Кеудемнен сағынышты ән
Аққулар алып-ұшқан,
сен деген құлын дауыс тілегімнен.
Торғайдың даласына,
Жаркөлдің жағасына,
Арқалық қаласына
Сәлем де менің іңкәр жүрегімнен!
Ахаң мен Міржақыптың
Ізіндей шуаққа бай.
төгілген тіл қатып мың
шежіре – бұлақтар-ай!
Қанымда тулап аққан
Әліби – бақ, намысым!
Кеңшілік жыр боратқан –
Сен менің мақтанышым!
Тербеген жан ырысын
төсіңнен ән тараған,
Мәңгілік сағынышымАман бол, арқа далам!
2007 жыл