28.02.2022
138
* * *
Аңсаймын кімді?
Торығып?!
Жартасқа кеудем соғылып,
жолықсам деген адамым –
жолаушы ма екен жолы құт?!
Не өзі?!
Бұлдыр елес пе!
Мені алып шықсын белеске.
Жеңіс пе әлде, қол созар
қайғы мен шаттық егесте?
Қашанғы күтем оны мен,
Келер деп бір күн сеніп ем:
бір орын сайлап ол үшін,
көңілдің көркем төрінен.
Қабағымды ашып түнерген,
Сезімге толы реңмен,
кеудемді бөлеп шуаққа
келетініңді білем мен!
Мен күткен сол бір ғаламат,
Жанымды нұрға орап ап,
Жарық ет, мынау әлемде
орнасын ой мен қанағат.
Өмірдің қилы өткелі
өртейді жанды жеп тегі,
мен күткен сол бір жақсылық,
Адаспай тапшы тек, мені.
2007 жыл