28.02.2022
  154


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *


“...Өмірде ақындардың бәрі жалғыз...”
Мұқағали
Жалғыз ба
ақын біткен тумысынан?!
(жұртыма тәңір берген сыйды ұсынам,)
Жалғыздың жарым көңілін көтерсін де,
жиылып жер бетінде күллі сыған.
Көтерсін ақындардың көңіл қошын,
Жалғыздың жылағаны – өмірге сын.
Қайсысы демеу болар жүрегіне,
қайысып қабырғасы сөгілгесін?!
Езіліп ет жүрегі егілмесін,
Тас атқыш жауынан да жеңілмесін.
Төгіліп жатпаса да қазынасы,
Тәңірі несібесін тегін десін.
Біз едік бағалы да, бағасыз да,
(бұйыртса, сіз де кінә тағасыз да... )
өшім бар өмір дейтін дауасызда.....
Не сын бар ақын деген шарасызға!?
.... Ызалы жұрттың бәрі, ырың-жырың ...
Кім білген ақындықтың құнын бүгін?
…. Жалғыздық жұртқа бөліп беруде, әне,
жүрегін кеудесінде жырым-жырым.
2007 жыл





Пікір жазу