28.02.2022
144
* * *
Өзекке тепкен тағдырға
өкпемді қайтіп жеткізем?
Өлермендердің алдында
өлеңіме азап шеккізем.
Өтпелі кезең...
кім өтті?!
Мертігіп қалды марқасқам,
Бәріне жетті білекті
санасын қою шаң басқан.
Ынсабы ауыз ұшында,
Ындыны қанбай өлгенше,
Ырғала келген қысымға
Ырзығын төккен кердеңше.
Тағдырдың бұл да ісі ме?
Таланттылардың бағы кем.
Шырмалып шынжыр – күшіне,
Шындықтың ыстық табымен.
Өзімді азат сезінбей,
өлеңімді айтам несіне.
Адалдығыңнан безінбей,
Алдыңнан шықпас несібе.
Жетемін деме биікке,
Жетегің алда болмаса.
Жаныңа батқан күйікке
Ем іздеп жүрсең – далбаса!
Жұрт осы сеңдей соғысып,
сенбейтін тірі пендеге.
Өмірді әркім жорысып...
Билігі теңге – жеңгеде .
Өкпелеп жүрмін мен неге?!
2007 жыл