28.02.2022
  126


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Билігі күннің уақытта,
шықпауға шама келтірмес.
тұншығып, талып жатып та
пендесін сүйсе, өлтірмес.
Жүрегі күннің қоғамда,
Жылытам десе нұр себер.
Жоқтықтан – барлық одан да
жасаймын десе бір шебер.
Барлығын өзі реттер
Жаратқан ием қолымен.
Тек саған қалар тілектер –
сүйе білетін сорымен.
Тіршілік деген бұл – заңды,
Түсіне білсең – ішің – мұз.
Келгенбіз: сүйіп бір жанды,
бақытты болу үшін біз.
Балауса, балғын жырым бар,
Емеспін дүлей асау жан.
Беу, ажал, алсаң, мұңымды ал!
Жаңғыра түссін, жас арман!
2007 жыл





Пікір жазу