28.02.2022
  125


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Мінгесіп тағдыр - кемеге
өмір – өзенде келем мен,
Өзеннің өзі өнеге,
Қызықтау екен, дегенмен...
Ағыстар алып қашады
армандарымды құйғытып,
Белгісіз қашан тосары
жолымды ажал-сый күтіп?
Жарыса ағар барлығы,
Біреуге біреу қызығар,
Толқындардың да тағдыры
тулаумен өтер, түбі – жар.
Жел шайқап бірдің кемесін,
Біреулер түссе жылымға,
Тіршілік деген жер – осы –
талайлар өткен бұрын да....
Қалсам да бақтан ажырап,
Қалдыра алмаспын өлеңді!
Тағдырым, енді азырақ
Тоқтата көрме, кемемді!
2007 жыл





Пікір жазу