28.02.2022
131
* * *
Өтірігі көп, өсегі қалың
өмірде бір – кем, бірі – артық,
Ақылың ғана шешеді бәрін,
Басқаға нешік кінә артып?!
Шешеді бәрін ақылың, айлаң,
Шарғысы – шамаң, шынында.
Адасқан жанның ақыры – қайран,
ауылын тапса, ұғымда.
Тағдырдың орнап қара түнегі,
тарылған шақта сая күн!
Орнына жайлап қоятын өзі
орыны бөлек Ояның.
Қарынның құлы қара да күшің,
Қарайған үй соқ, жол қаша…
Талаптан шыға ала аламысың,
Талақта битің болмаса…
Қайғыра берме, жайдырып дертін...
онсыз да көңіл кемік- ті....
сағыздай күнге – сәйгүлік серпін,
Сенімнен сайлап серікті.
Қосады күнге қосығым - зарым
Үміттің отын маздаған,
көтеру үшін осының бәрін
Қажыр да керек аздаған.
Ел іші – елу....
Көнбейтін ұдай...
Егіле берем, егіле....
Барлығын бірдей бермейтін Құдай,
Шығайбайдың нақ өзі де....
2008 жыл