28.02.2022
  188


Автор: Елена Әбдіхалықова

Ән салған адамның арманы бар ма екен?!

(Біреулердің тамсанысы)
«Ән салған жанның арманы бар ма!?»
Ән емес, достым, зар айттым.
(Зарланады адам жан қажығанда)
Қайғымды одан сайын зорайттым.
Күлмедім күнде.
Күн күлді, бірақ!
Салған әнім болмаса,
Жан жүрегім шыңғырды жылап,
Жұбата алмады ол да аса.
Жұбата алмады қаншама әуен,
Көмекке келсін жыр асау.
Бақыттан мәңгі болса да дәмең
Үзілетінің рас- ау!
Сүйемелдеді домбыра –пірім!
Демеймін жаным тапты мән!
Бақыттың құсын қондыратұғын
Қайда екен сол бір шаттық ән!?
Сызылатұғын сағына демі
Ғашықтық қиял ұшырып,
Вальске тартып тағы да мені
Мұң тұрды қолын ұсынып.
Әуенге салсам отты үніменен
әлегін жанның білсін деп.
Марштың соққан екпініменен
жүрегім тұрды дүрсілдеп.
Жүрегім жылап әніммен бірге,
Қояды көзім жас іркіп,
халіммен мүлде. . .
бақытымды одан сайын қашыртып.
Жоталарында от орап қайғы,
Жылдарым жатыр жолақ боп.
Жұрт болса қолын шапалақтайды,
Жыр қуған жанға «сауап» деп.
Жанымның мәңгі нұры боп құшар,
Жүректің сендік сарқылғанда үні,
Арманымның да күлі көкке ұшар
Ең соңғы әнім айтылған күні,
Ең соңғы зарым айтылған күні!
2007 жыл





Пікір жазу