28.02.2022
715
Мүшел жастағы тілек
Жаратқан ием, жар болғай!
Жүрекке берген деміңе.
Жаратпаса біреу бар ма ондай?!
Жаныма, көзге сен – Ие!
Бір уыс құмнан жаратып,
Бейнемді нұрға бөледің.
Кеудемнен әуен таратып,
Көтеріп өлең келемін.
Іңгәлап келіп өмірге,
Қуандым тарап кекілді.
Көрген түс сынды о күн де,
қылыққа толы не түрлі.
Он екі мүшем, қол, басым
Тәңірге ғана таңулы.
Өмірім, ортам, жолдасым –
тағдырым – бәрі жазулы.
Дүниені көрдім көзіммен,
Шайқады жанды мұңды әні,
Толғатып келем төзіммен
тірліктің тосса ырғағы.
Намысын жанып, сөйледім,
қылықты көрсем ары кем,
тірліктің кидім көйлегін –
таланттың алау табымен.
Көшелі ермен кеңестім,
Қалатып алып халқымнан,
Жұрт ұқпас жұмбақ емеспін,
Парықсыз демес парқымнан.