28.02.2022
  165


Автор: Елена Әбдіхалықова

Бесінші мүшел

Дәл алпыс бір жасында,
Сүйген жарың қасында.
Ел ағасы атанар,
Талайлар келіп бата алар.
Саралап өмір белесін,
Салиқалыққа енесің.
Үміттің жібін көп үзер
ертеңі қайғы жегізер.
Ұяға ұшып ұлыңыз,
Қияға қонып қызыңыз,
Немерелерді сүйерсіз,
Солар деп отқа күйерсіз.
Өмірдің сырын ұғынып,
өткенге жиі бұрылып,
толғанып, түйін түйерсіз,
тағдырға басты иерсіз.
Мүшел асып мүшелден,
Қартаярсың түс-өңнен.
Пайғамбардың жасы да,
Жетіп Жамбыл жасына,
Дүниені болжатпай,
Жантаярсыз оң жаққа.
Сонда ойға оралар,
Тілегі құт ағалар,
әлдилеген аналар,
ақылы – нұр бабалар!
Елге еткен еңбегің,
Артық, ия кем жерің
жұртқа бәрі сөз болып,
жоқтар жылап бөз болып.
Халық аузымен айтылар,
Сөйтіп күнің сарқылар.
2007 жыл





Пікір жазу