28.02.2022
163
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo-61056.jpg)
Төртінші мүшел
Тегеуріні темірдей,
Гүл-гүл жанған өмірдей,
ата болар ағаңызалтын тонды жағаңыз.
Қырға биік шығарсыз,
қоғам сырын ұғарсыз,
Қырық тоғыз жасыңда.
Ақыл-ісі халқына
азық болар, парқы да.
Азаматсыз - бұл жаста.
Ағайының бір басқа,
Алқалаған топтарда
айтылады нарқы да.
Төрт мүшелдің төбесі,
Дүниенің егесі.
Терін төгіп, жүгіріп,
Жақсы сөзге ілігіп
Жасарсың мол сауапты
Бәрінен жауапты -
Ұрпақ үшін келесі
Бұл мүшелдің белесі.