28.02.2022
260
Үшінші мүшел
Бастан өтіп сан қызық:
Айхай әнге салғызып,
Былдырлаған бал-қызық,
Сыңғырлаған жан қызық.
Сүйсең - естен танғызып,
Қаласаң - айды алғызып,
Ата-анамен тең өсер
Олар да сізбен кеңесер
Білімі асып жүректе,
Қуаты тасып білекте.
Елге көрік боларсың,
Ерге серік қонарсың
үш мүшелі жасыңда.
Екпіндеп алға ұмтылып,
Кеудеңе көркем нұр тұнып,
Талайдың сөзін сөйлерсің
Топты да жарып бұлқынып.
Ағасы болар інінің,
Әпкесі болар бірінің.
Үлкендер қарар үмітпен,
“Үмітті ақтар жігіт пе ең
жалыны тең жасынға!?”