28.02.2022
  168


Автор: Елена Әбдіхалықова

Екінші мүшел

Тарқайтын жас тез уайым,
Елге болар көзайым -
Ерге шығып қыз бала,
Келін сүйер ізгі ана.
Жас емес қой тартынар,
Ашамын деп талпынар,
Тербеп бақыт бесігін
Үлкен өмір есігін,
Екі мүшел жасында.
Ғашықтықтың азабы,
Тағдырдың да мазағы
Бастан өтер ол шақта,
Жас төгерсің моншақтап,
Көкірекке “нан пісіп”,
Көрінгенмен тартысып,
Жүретін шақ алшақтап.
Қызық біткен - басында.





Пікір жазу