28.02.2022
  198


Автор: Елена Әбдіхалықова

Бірінші мүшел

Былдыр-былдыр тілдермен,
Балғын күлкі күндермен
Қоштастырар бір сәт бар:
Қарсы алады гүл шақтар
Тай болғандай құлыншақ
жас болады, ұғынсақ,
Мүшел жасың бірінші.
Он үш жасқа толарсың,
Толған айдай боларсың,
Ержетті дер ұлымыз,
Бойжетті дер қызымыз,
Қабыл болып батасы –
Шаттанар әже-атасы -
Ырысымен ырымшыл.





Пікір жазу