28.02.2022
121
* * *
“Ғашық болу ғажап қой” дейді біреу,
ал бірі : “азабы да көп, дейді, оның”:
сезіммен оттай ыстық ойды күреу -
оның бір сүйгеніне жетпейді емің.
Жан жоқтай одан артық жер бетінде,
Жүрерсің ешбір жанды ілмей көзге,
Нұрлану асыр салып келбетіңде,
Ісіңнен бір жаңалық іздейді өзге.
Ақылың демалады, сезім жанса,
Санаңа сәуле берер сүйген елес.
Көшеден іздейді оны көзің қанша,
Ұмыт боп уақыт деген күндегі егес.
Тірлікке тұрлауы жоқ өшігем көп,
Тағдыр да сынап талай көрді әзілмен.
келемін ғашықтыққа бас ием деп,
Алдамшы дүниеге ор қазумен.
2007 жыл