28.02.2022
  132


Автор: Елена Әбдіхалықова

Қарғыс

Көрсетпе көз жасыңды ешбір жанға,
Көпке жәй көлгірсі де, күл, өтірік!
Осқырып пайдасы жоқ осқырғанға,
білсең де, үндемей қал, біле тұрып.
Таласқа, дау-дамайға сырттай қара,
Жеңген мен жеңілістің күт ақырын.
Жаныңа жақындатпай құрттай нала,
Рахаттың суы болсын жұтатының.
Жақтаспа біреулерге жаның ашып,
Жетім мен жесірлерді жебеме де,
Бас ием деме, сүйіп, тәлімі асықбабадан қалған мирас өнегеге.
Биліктің жүрсе жалғыз құлқын үшін,
Айтпа да, көрме де оны, аңғарма да!
Шындық деп шырылдама, “жұртым үшін
жақсылық болса” деп те армандама! -
Ақылын алма дана, шын абыздың,
Жылпосқа, жағымпазға төріңді бер,
«Ойпырмай, сөзін, - деме, мына қыздың»,
Жұрт сені сонда ғана сенімді дер!
2007 жыл





Пікір жазу