28.02.2022
  164


Автор: Елена Әбдіхалықова

Ұшақта

Беу, мақта төс, боз кілем бұлттар,
Сен – ақ періштелердің мекені,
Мен де бір жан едім қайғыға кіріптар,
Жоқ емі!
Жанымды емдесең не етеді!?
Періште, періште....
Сонау бір бұлттан жыр әпер, сыр әкел!?
Ұшақты зулат та, биікке...
Қара жер – шер-құса – құба төр,
көңіл де
баз кешкен сүйіп те, күйіп те!
Сен мені емдерсің, ақша бұлт ақ мамық,
Уыздан - уайымшыл,
у емген
жан болмай, шаттанып
жүрер ме ем, күлер ме ем?!
Әй, қайдам, сен де бір жылауық!
Жаңбыр-жас селдетсе көл болып,
Төбеңнен күн ауып,
Тағдырың жел болып....
Жасының сілтінтіп дүниені шерлі етіп,
Ауасың қай жаққа?
(Көрерің осы ма ед!?)
Көз жасың .... жер бетін
бусантып, тербетіп...!
....О, неткен қасірет!
2005 жыл





Пікір жазу