27.02.2022
  274


Автор: Абдрахман Асылбек

Көктөбе

Ғажап-ау Алматының Көктөбесі,
Көктөбе – өмірдің гүл көктемесі.
Көңілді көтеретін көк төсіне,
Еш елдің тап осындай жоқ төбесі.

Қайырмасы:
Көркейтіп гүл қаланы,
Көктөбе нұрланады,
Алатау аясында.
Ән болып жырланады,
Би болып ырғалады,
Шын ләззат аласың да.

Көктөбе Алатаудың бөктерінде,
Ерекше құлпырады көктемінде.
Қияннан көз тартады айшықтана,
Тұрғандай қолын созып көкте күнге.

Қайырмасы.

Мақтаны қазағымның – Көктөбесі,
Басқаның Көктөбедей жоқ төбесі.
Сыйдырған Алматыны аясына,
Жерімнің қасиетті көк белесі.

Қайырмасы.





Пікір жазу