27.02.2022
  214


Автор: Абдрахман Асылбек

Жетісу жерінде

Жетісу,
Көркем еді жерің қандай?
Жібектей жұмсақ еді желің қандай?
Жағалап Ақсу менен Көксуыңды,
Тамсанып жұта бердім шөлім қанбай.
Жетісу,
Жасыл кілем белің қандай?
Өзіңе басымды ием көзімді алмай..
Төсіңде тербетіліп таза ауамен,
Желпініп жұта берем демімді алмай.
Жетісу,
Жарқын еді елің қандай?
Ерекше алтын еді ерің қандай?
Алдымнан ақтарыла ақ ниеттер,
Құйылды шұбат, қамыз желім-балдай.
Жетісу,
Қыздарың бір өрімталдай,
Қолаң шаш, қалам қасты, керім маңдай.
Жерұйық жер жаннаты Жетісуым,
Кең мекен кереметтей төрің қандай?!





Пікір жазу